"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

18.07.2016
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма күні Семей қаласы әкімдігінде облыстық «Мерейлі отбасы», республикалық «Ұмытылған ұлттық тағамдар» байқауларының жүлдегерлерін құттықтау және оқушылардың қауіпсіз жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жиын өтті.

Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарованың төрағалығымен өткен жиынға «Жанұя орталығының» атқарушы директоры, қалалық ІІБ мен құтқару қызметінің мамандары, дербес бөлім басшылары қатысты.

— Қай уақытта болмасын мемлекеттің дамуы қоғамдағы отбасының ахуалымен айқындалған. «Қазақстан — 2050» Стратегиясында әлеуметтік салаға, отбасы мәселесіне басымдық берілген. Отбасылық құндылықтарды жоғары бағалаған Мемлекет басшысының бастамасымен «Мерейлі отбасы» байқауы жыл сайын өткізуде. Биылғы жылы облыста өткен байқауға қатысқан семейліктерге алғыс білдіргім келеді, олар азаматтық белсенділік танытты,- деп жылы лебізін білдірген Надежда Шарова отбасы  баға жетпес құндылық екенін тілге тиек етті.

Өз кезегінде «Жанұя орталығының» директоры Людмила Асташкина облыстық «Мерейлі отбасы» байқауына Семей қаласынан бірнеше отбасы қатысқанын, соның екеуі аталмыш орталықтың қолдауымен бақ сынағанын атап өтті.

— Ұрпақтарына ұлттық өнерді ұлықтап, мәдениет пен әдебиеттен сыр шертетін отбасылар баршылық. Солардың бірі және бірегейі деп Түкібаев пен Туғанбаевтар отбасын айтуға болады,- деген Людмила Асташкина облыстық байқау жеңімпаздарын ортаға шақырды.

Семей қаласының әкімі Ермек Сәлімовтің атынан қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова екі жанұяға отбасылық құндылықтарды сақтауға және насихаттауға, «Қазақстан-2050» Стратегиясының жүзеге асуына атсалысқандары үшін, сондай-ақ «Мерейлі отбасы» байқауына белсене қатысқандары үшін алғыс хат табыс етті.

Түкібаевтар отбасы облыстық «Мерейлі отбасы» сайысында 1 орын алған. Түкібаевтар әулеті — мәуелі бәйтерек. Сыннан сүрінбей, көрермендерінің көзайымына айналып, «Шығармашылық отбасы» номинациясын жеңіп алған  Туғанбаевтар жанұясы да өнерден құралақан емес. Өткен жылы да «Толағай», «Әже мен немере» конкурстарына қатысып, жүлде еншілеген. Әулеттің келіні Айнұр Жакенованың айтуынша, шаңырақта салт-дәстүр сақталып, ұлттық құндылықтар ерекше бағаланады. Ата-енесі мен жолдасына бақыт сыйлап отырған Айнұр келін Еламан, Думан, Дамир, Даниал сынды төрт ұл тәрбиелеуде. Ұлдарының бірі гитарада, екіншісі домбыра мен фортепианода ойнап, спортпен және бимен айналысады. Шынымен-ақ өнерлі, өрелі отбасы.

Осы жылы алғаш рет республикалық «Ұмытылған ұлттық тағамдар» байқауы ұйымдастырылған. ШҚО аудан, қалаларының атынан 15 ұйым қатысқан байқаудың облыстық кезеңіне қаламыздан Қазақ ұлттық-мәдени орталығы қатысып, 1 орын алған. Тараз қаласында өткен республикалық қорытынды сында бақ сынасқан семейліктер үздіктер қатарынан табылған. Бұл жетістіктері үшін Қазақ ұлттық-мәдени орталығын және оның төрайымы Шаған Жанаеваны қала әкімінің атынан Надежда Шарова алғыс хатпен марапаттады. Ш.Жанаева өз сөзінде материалдық және рухани қолдау танытқан Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі Жанна Жибраеваға алғыс айтып, байқау барысы жайлы қысқаша мәлімет беріп өтті.

— Қазақтың ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдарын насихаттауға арналған ірі көлемдегі байқауға қатыстық. Семей жерінен, Абай, Мұхтар, Шәкәрім елінен барған соң тосылып қалуды жөн көрмедік.«Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша шәкірт Абайды еліне оралған кезінде әжесі Зере мен анасы Ұлжанның қарсы алатыны жайлы айтылған үзіндіден көрініс көрсету арқылы қарын бөртпесі атты ұлттық тағамымызды ұсындық. Бұл біздің ерекшелігіміз болды,- деген Қазақ ұлттық-мәдени орталығының төрайымы Тараз жеріндегі қызықтарымен, алған әсерлерімен бөлісті.

Күн тәртібінде келесі ретте оқушылардың қауіпсіз жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Тақырып бойынша баяндама жасаған білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенко жазғы демалыс лагерьлерінің жұмысымен таныстырды.

— Биыл оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға 10 млн. 252 мың теңге бөлінді. Аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленуші 466 балаға тегін жолдама берілді. Демалыс 14 күнге жоспарланған. 5 уақыт ыстық тамақпен қамтылады, ақылы түрде күніне 2200 теңге,- деген білім бөлімінің басшысы лагерь басында медбике, тәрбиешілер, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері мен өзге де мамандар оқушылардың қауіпсіздігін қадағалайтындықтарын атап өтті. Сонымен бірге Н.Фесенко демалыс үйлерінің жөндеу жұмыстарына сұранып тұрғандығын, материалдық-техникалық базалардың ескіргенін тілге тиек етті.

«Түріксібке 50 жыл» жазғы демалыс лагері көшбасшыларды қабылдаса, «Радуга» спорттық бағытта,  «Жас қанат», «Жас жұлдыз» тілдік бағытта жұмыс істейді. Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында және биологиялық орталықта, сондай-ақ мектеп жанынан лагерьлер ұйымдастырылған. Семейлік оқушылар Үржар ауданында Алакөлдің жағалауында орналасқан «Үржарайым» лагеріне, Өскемендегі «Матросов» сынды лагерьлерге жолдама алған. Республикалық жолдама бойынша аз қамтылған отбасынан №39 мектептің бір оқушысы шілде айының соңында  Италияға демалуға барады.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ, «Семей таңы»

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

13.07.2026
Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен инвестиция тарту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында Мақаншы ауданында «құрғақ порт»...

Толығырақ...Details

Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

13.07.2026
Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылындағы «Тарбағатай» жазғы сауықтыру лагері биыл да балаларға есігін айқара ашты. Мұнда аз қамтылған және әлеуметтік...

Толығырақ...Details

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

13.07.2026
Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске...

Толығырақ...Details

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

13.07.2026
Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

Абай облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және сауықтыру шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мақаншы ауданында 2026–2027 оқу жылында жалпы 4549...

Толығырақ...Details

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

12.07.2026

2026 жылғы маусым айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 39 053 мәміле тіркелген. 2026 жылғы мамырмен салыстырғанда (30 420) мәмілелер саны...

Толығырақ...Details

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

12.07.2026
2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

Фейк: АҚШ-тың Иранның Бендер-Аббас қаласындағы «қазақстандық портқа соққы жасады. ҚР Сауда және интеграция министрлігі: Ирандағы Шахид-Раджаи портының инфрақұрылымы және қазақстандық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

4 дня бұрын

Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

4 дня бұрын

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

4 дня бұрын

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

5 дней бұрын

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

5 дней бұрын

Алакөлдегі кәсіпкерлерге салық талаптары түсіндірілді

5 дней бұрын

Абай облысында құқықтық көмек алу жеңілдеп келеді

5 дней бұрын

«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті

5 дней бұрын

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС