"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБАЙ ШАҢЫРАҚТАРЫ ШАҚЫРАДЫ

05.08.2016
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жаймашуақ  жаздың жыл керуеніне ілесе жылжып, қоңыржай күзге жол беретін,  балапанын ұшуға баулыған әнші құстардың алыс сапарға қанаттарын қомдап,  тіршілік атаулы етек-жеңін қымтайтын шақта, осы бір арайлы күні – 23-ші тамызда жүрегімізді жыр тербейді.

Ұлы ақын дүние есігін ашқан күн!  Адамзат өркениетінің алтын қорына мәңгілік асыл мұра қосқан данышпан Абай Құнанбайұлы өмірге келген күн – 23-ші тамыздың күнтізбеде алар орны айрықша. «Елім» деп елжіреген ақынның қайран қазағын жаһанға танытқан жауһар жырлары ой жетпес ғажайып шың!

Біз, Семейдегі  Абай  шаңырақтары өзара ақылдаса келіп, бұдан былай ұлы ақын дүниеге келген күнді, 23-ші тамызды «бір жағадан – бас…» шығара отырып, ел-жұрттың қалың ортасында  қуаныштауды ұйғардық. Абайдың туған күні ақын ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталады. Айтулы күнді нақты әрі мазмұнды шаралармен атап өту перзенттік парыз. Мерекелік салтанат ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын паш ететін, яғни Абай алақанының табы қалған жәдігерлер сақтаулы Абай музейінде кешкі сағат 17. 00- де болады.

Ал оған дейін Абай атындағы облыстық кітапханада «Ұлы дала елінің ұлы ақыны» экспозициясы,  Абай атындағы облыстық театрда «Хакім Абай ұлағаты» кітап көрмесі ұйымдастырылады. Ақын атындағы театр ұжымы, сондай-ақ Абай музейінің күмбезді ғимараты алдындағы сахнада арнайы қойылым шымылдығын ашады.

Сонымен қатар 23-ші тамызда Абай музейінде тұсауы кесілетін «Шыңғыстау» сурет галереясы келушілерді ұлы ақынның атамекенінде саяхатта жүргендей әсерге бөлейді деген сенімдеміз. Бұған қоса «Абай» өнер мектебінде тоғызқұмалақ пен дойбыдан облыстық бәсеке өрістеп, «Экспонат» тарихы жобасы ауқымында Абайдың түпнұсқа суреттерінің таныстырылымы өткізіледі және хакім туралы фильмдер көрсетіледі, ал ақындар «Алтыбақан» жанында жыр тиегін ағытып, әншілер мен бишілер өнер көрігін қыздырады. 23-ші тамызда ақын музейінің есігі түнгі 23.00-ге дейін айқара ашылып, келушілерге тегін қызмет көрсетіледі. Сөйтіп, киелі қара шаңырақта музей түні енді жылына екі рет ұйымдастырылып, асыл мұрамен танысқысы келетіндерге мейлінше қолайлы мүмкіндік туады.

Келіңіздер, көріңіздер, ардақты Абай ұрпақтары!

 

Болат ЖҮНІСБЕКОВ, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің

Директоры.

Отантай КӘРІБЖАНОВ,«Абай» қоғамдық қорының Президенті.

Мұратбек ОСПАНОВ, «Абай» журналының директор—редакторы.

Гүлнар ЖІГІТБАЕВА, Абай атындағы облыстық кітапхананың директоры.

Бауыржан ТӨЛЕКОВ, Абай атындағы облыстық музыкалы—драма театрдың директоры.

Сурет авторы Нұрбұлан ӨТЕПБАЕВ.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

8 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

8 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

8 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

8 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС