"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДЕПУТАТТАР ӨҢІРЛЕРДІ АРАЛАУДА

12.01.2017
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қаңтар айының 11-13 күндері ҚР Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаттары Семей қаласына арнайы сапармен келді. Халық қалаулылары қаланың үкіметтік емес ұйымдарымен, Қоғамдық кеңес өкілдерімен, құқық қорғау, сот, прокуратура қызметкерлерімен, әскерилермен, қалалық мәслихат депутаттарымен және қарапайым еңбек адамдарымен кездесулер өткізіп, «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалында қоғамдық қабылдаулар өткізді.

«Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Василий Олейник азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Азаматтарды қабылдауға сонымен қатар қалалық прокуратура, ішкі істер басқармасы мен қалалық әкімдіктің дербес бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Қабылдауға алғаш болып жүгінген қала тұрғыны Кәмшат Сұлтанбекова ұлының сегіз жылға сотталғанын, мұндай сот шешімімен келіспейтінін айтып, халық қалаулысынан көмек көрсетуін өтінді.

— Ұлым мені қорғағаны үшін қасақана қылмыс жасады деген негізде сегіз жылға сотталды. Сот шешімімен келіспеймін. Мені қорғағаны үшін жазықты болып отыр. Біз апелляцияға бердік,- деді шағымын айта келген ана.

Депутат Василий Олейник мәселенің мән-жайын түсіндіріп, өзінің атына хат жазуды, одан кейін онымен мұқият танысып, еліміздің Бас прокурорына жолдайтынын атап өтті. Халық қалаулысы сот барысына араласа алмайтынын, алайда құзырлы орган істің заңдылығын тексере алатынын мәлімдеді.

Ал қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Амангелді Жұманов Семейдегі уақытша ұстау изоляторының жабылып, облыс орталығында ғана қалатынын, бұл шаһар тұрғындарына айтарлықтай қолайсыздық тудыратынын атап өтті.

— Уақытша тіркеу мәселесі де жастар үшін қиынға соғайын деп тұр. Әсіресе ауыл жастары алаңдаулы. Қазір қала маңындағы елді мекендерде тұратын жастар, қыс кезінде жұмыс болмағандықтан, Семейге келіп жұмыс істейді. Отбасын асырау үшін екі-үш айға қалаға келіп жұмыс жасауға мәжбүр. Ал енді олар қайда барып уақытша тіркеуге тұрады? — деді Амангелді Жұманов.

Семейлік ақсақал сонымен қатар шаһарға ерекше статус беру керектігі туралы, жұмыссыздық, дәрі-дәрмектің қымбаттауы, қоғамдық көліктегі жеңілдіктердің алынып тасталуы сынды мәселелерді көтерді.

Мәжілісмен барлық айтылғандардың  ескерілетінін, тиісті жұмыстар атқарылып, бақылауға алынатынын айтты.

Халық қалаулылары бейсенбі, жұма күндері қалада бірқатар кездесулер өткізді. Атап айтқанда, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Артур Платонов қалалық прокуратура өкілдерімен, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскерилерімен және «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының активімен кездесу өткізіп, 13 қаңтар күні «Семей инжиниринг» АҚ-да болды. Сондай-ақ бұл күндері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Анар Жайылғанова, Айзада Құрманова мен Александр Суслов  та Семейде болып, тұрғындармен кездесулер өткізді.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

1 час бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

1 час бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

1 час бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

2 часа бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

2 часа бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

2 часа бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

2 часа бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС