"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАСТАР ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІ ҚОЛДАЙДЫ

17.10.2017
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма, 13 қазан күні Семей қаласы жастар мәслихаты депутаттары Абай атындағы әмбебап кітапханада бас қосып, қазақ тілінің латын қарпіне көшу реформасын талқылады. Бұл басқосу Семей қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Латын әліпбиінің алғашқы нұсқасы Парламент депутаттарына 11 қыркүйек күні ұсынылды. Жақында талқылануға ұсынылған екінші нұсқа 32 әріптен тұрады және диакретикалық белгілерге негізделген.

— Алғашқы нұсқадағы «у» дыбысының «w» түрінде жазылуы көпшіліктің наразылығын туғызғаны жасырын емес. Дауысты дыбыстардың, соның ішінде «ә» әрпінің қос таңбамен берілуі де көпшілікке ұнай қойған жоқ, «ш», «ж», «ч» дыбыстары да ағылшын әліпбиіндегідей қосарлы таңбамен белгіленді. Ал екінші нұсқада апострофтар тым көп секілді. Бұл жасы келген адамдардың оқуына қиындық туғызады деп ойлаймын. Бәлкім, диграфты және диакретикалық белгілері бар әліпбидің біріктірілген жобасын ұсыну керек шығар,- дейді Семей қаласы жастар мәслихаты депутаты Балнұр Бексұлтан.

Семей қаласының тілдерді оқыту орталығының мамандары латын әліпбиінің алғашқы нұсқасына байланысты халық арасында сауалнама жүргізіпті. Сауалнамаға қатысушы  230 адамның 72 пайызы латын әліпбиіне көшуді қолдаған екен.

— Бірақ көпшілігінің алғашқы нұсқаға байланысты көзқарасы өзгеше болды. Себебі екі дыбыстың қосылуы арқылы бір әріпті таңбалау әсіресе жасы үлкен адамдарға қиындық туғызды. Латын әліпбиінің соңғы нұсқасы қабылданғаннан кейін 18 жасқа толған қала тұрғындарын оқытуға әзірміз,- дейді тілдерді оқыту орталығының мамандары.

Жиында өз ойларын ортаға салған Семей қаласы жастар мәслихаты депутаттары латын әліпбиіне көшуді қолдайтындарын жеткізді.

— Мен Елбасы бастамасымен жүзеге асып жатқан латын қарпіне көшу реформасын қолдаймын. Біріншіден, латын әліпбиіне көшу арқылы қазір қолданып жүрген артық әріптерден арыламыз. Екіншіден, технология тілі латын әліпбиіне негізделген. Озық елдердің барлығы латын әліпбиіне әлдеқашан өтіп кеткен. Үшіншіден, халықтың үш тілді меңгеруіне септігін тигізеді. Ал кемшін тұсы — 1940 жылдан бері кириллица қаріптерімен жарық көрген шығармаларды қайта латын әліпбиіне аудару қажетті туындайды. Бұдан басқа қаншама құнды құжаттар бар. Өз басым диакретикалық белгілері бар әліпбиді қолдаймын,- дейді Семей қаласы жастар мәслихатының депутаты, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенті Еркежан Досмұхамбетова.

— Латын әліпбиіне көшу тарихы 1929 жылдан басталды. 1995 және 2006 жылдары да Елбасы латын қарпіне көшу бастамасын көтерген еді. Мемлекет басшысы айтқандай, қазақстандықтар үш тілді меңгеруі керек. Халықаралық қатынастарды нығайту үшін ағылшын тілін игергеніміз абзал. Бұл бізге бірыңғай ақпараттық технологияларға еркін кірігуге мүмкіндік береді. Латын әліпбиіне көшу түркі тілдес халықтарды біріктіріп қана қоймайды, шетелдіктердің біздің әліпбиді үйренуіне, қазақ тілінің қолданыс аясының кеңеюіне қолайлы жағдай туғызады. Бұл тұрғыдан алғанда, отандық брендтердің танымалдылығы да арта түседі деген ойдамын,- деп ойын білдірді Семей қаласы жастар мәслихаты депутаты Жасұлан Құрманғалиев.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

3 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

3 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

7 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС