"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТІЛ САЯСАТЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРУ – БӘРІМІЗДІҢ ПАРЫЗЫМЫЗ

19.10.2017
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

18-ші ғасырдың екінші жартысы мен 20-шы ғасырдың басында өмір сүрген Украина жазушысы Владимир Короленко тілге қатысты өзінің бір сөзінде: «Менің тілім өз ұрпағыма түсініксіз боп қалады-ау дегенді ойласам, жаным түршігеді»,- депті. Қандай қорқынышты ой. Осыдан 28 жыл бұрын арнайы заңмен қабылданып, мәртебесі бекітілсе де мемлекеттік тіліміз өз биігіне шыға алмай, «жетім қыздың» күйін кешіп отыр.

Демек, ғасырдан артық уақыт бұрын украин қоғам қайраткері айтқан ойлы сөз біздің бүгінгі қоғамды әлі де толғандырып отыр. Түріміз ұқсаса да тіліміз қазаққа ұқсамаған елде бұл мәселе өте өзекті болып тұр. Тілді дамытудың түрлі бағдарламалары бар, жобалары бекіген. Бірақ неге асығы алшысынан түспейді, жолы неге болмайды? Қазақстанның әр азаматы,  діліне, дініне қарамастан, «Мен неге мемлекеттік тілді білмеймін?» деген сауалға жауап іздесе, көпті мазалаған жоғарыдағы ортақ жұмбақтың шешімі табылар еді. Ортақ Отанымыздағы мемлекеттік тіліміздің аясы кеңіп, оның қанат жаюына өзге ұлт өкілдерінің де үлес қосқаны маңызды. Осы мақсатта түрлі іс–шаралар қолға алынып, жер-жерде халықпен кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Сондай салиқалы, салмақты кездесу Семейде де өтті.

Апта басында қаламызға белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми –сараптамалық кеңесінің мүшесі Дос Көшім мен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру –әдістемелік орталығы ақпараттық мониторинг бөлімінің қоғаммен байланыс менеджері Бейбіт Оспан келіп, мемлекеттік тіл, қазақ әліпбиінің латынға көшуі, ономастика мәселелері бойынша еркін пікір алмасу өткізді.

Қалалық Достық үйінде ұйымдастырылған шараға өзге ұлт өкілдері, студенттер, жұмысшы жастар, қалаға қарасты ауылдық округтер әкімдері, халыққа қызмет көрсету орындары мен әуе, темір жол саласының қызметкерлері қатысты.

— Елімізде алғашқы тіл туралы заң 1989 жылы қабылданғанымен, тілді барлығымыз жақсы меңгеріп кеттік деп айта алмаймыз. Өкінішке орай, мемлекеттік тілді білмейтін министрлеріміз, әкімдеріміз, депутаттарымыз аз емес. Дәл осындай масқара күйді басынан кешіп отырған әлемнің ешбір елі жоқ. Міне, осыған байланысты, мұның себебі неде, қай жерден қателестік, кемшіліктің орнын толтыру үшін қоғам болып не істей аламыз деген сауалдарға бүгін сіздермен бірге отырып жауап іздеп көрелік. Өйткені қазір Қазақстанда тілге қатысты өзгерістер орын алуда. Еліміздің оңтүстігі мен батыс өңірінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясы өте кең. Бұл өңірлерде қазақ тілінде еркін тілдесіп, сөйлесе алады. Бірақ еліміздің солтүстігі мен шығысында жағдай басқаша. Неге мектеп жасындағы орыс тілді ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгергісі келмейді? Қазір мүмкіндік деген көп қой,- деп кездесу модераторы Дос Көшім көпшілікке ойлы сауал жолдады.

Студент Александра Кижикова қойылған сұраққа қатысты өз ойын ортаға салып, жиналған көпшіліктің көкейіндегі жауаптың түйінін ағытқандай болды. Оның сөзіне қарағанда, орыс тілінде білім беретін орта мектептерде қазақ тілі оқытылады. Бірақ тереңдетіліп емес. Қосымша сабақтар мүлдем өткізілмейді екен. Соның салдарынан мемлекеттік тілді меңгеріп кетпек түгілі, екі сөздің басын құрап айту оларға едәуір қиындық тудырады. Сондықтан мектеп ұстаздары тілді білуге қатысты талапты күшейтсе деген ұсыныс айтты. «Мемлекеттік тіл латын әрпіне көшкенде, орыстілділер екі есе қиындыққа тап болады»,- дейді ол.

Ал Екатерина есімді студент орыстілділердің мемлекеттік тілді үйренгісі келмейді деген пікірмен мүлдем келіспейтінін айтып, барлық кемшілікті мектеп бағдарламасынан іздеу керек деген ойын ашық білдірді.

— Менің ата–анам мемлекеттік тілді білмейді. Енді оларға үйрену қиын. Солардың ықпалымен орыс мектебіне бардым, орыс тілінде білім алдым. Бірақ менің қазақ тілін үйренгім келеді. Қазір колледж-де де орыс тобында оқимын. Ал курстарға жазылып, мемлекеттік тілді үйренуге уақыт тапшы. Оқу, сабаққа дайындық, үй шаруасы, т.б. уақытымызды көп алады. Адамның не нәрсеге болсын қызығушылығы бала кезінен басталады. Біз мектепте қазақ тіліндегі буын үндестігін меңгеріп, диктант жазуды үйренгенімізбен, ойымызды еркін жеткізіп, шығарма жазуға дағдыланбағанбыз. Демек, кемшілік мектеп бағдарламасында деп ойлаймын. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болғаннан кейін, барлығымыз білуіміз қажет,- дейді студент қыз.

Осы сауал бойынша өз ойын кеңінен жеткізуді көздеген Дос Көшім елімізде мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдеріне үйретуде қысастық жоқ екенін, керісінше, өздігінен үйренемін дегендерге түрлі жағдайлар жасалып отырғанын айтты. Бірақ елімізде орыс тілінің аясы соңғы уақытта тарылып келе жатқанын жасырмады. Бұл ақпарат шындыққа жанасады. Өйткені өткен жылы ресейлік мамандар әлемдегі орыс тілінің жағдайына қатысты түрлі проблемалар бар, кейбір елдерде ол дабыл қағуға тұрарлық деп аттан салуы тегін емес. Олардың дерегі бойынша, 2015 жылы, Ресейді қоспағанда, ТМД халықтарының саны 138 миллион адамға жеткен екен. Соның 61 миллионы ғана орыс тілінде емін-еркін сөйлей алса, 36,9 миллионы — нашар, 35,6 миллионы мүлдем білмейтін болған. Қырғызстан мен Белоруссияның Консти-туциясында орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл дәрежесі берілген. Алайда бұл елдерде орыс тілінің дәрежесі өздерінің ұлттық тілдерінің дәрежесінен төмен. Молдавия, Румыния және Украинаның кейбір әкімшілік аймақтарында орыс тілі басымдыққа ие. Яғни, жекелеген облыстарда немесе аймақтарда ресми деген айдар ала алады.

Тәжікстанда орыс тілі Конституция бойынша «ұлтаралық қарым-қатынас тілі» статусына ие, ал Өзбекстанда АХАТ бөлімінде орыс тілін қолдануға рұқсат етілген. Балтық жағалауындағы Латвия, Литва және Эстония сынды елдер орыс тілінің ресми статусын баяғыда-ақ жойып тастаған. Онда орыс тілі «ұлттық азшылықтың тілі» саналады. Грузияда 1978 жылдан бері мемлекеттік тіл грузин тілі болып бекітілген. Қазір де орыс тілінің ресми статусы жоқ. Ондағы жас-тар орыс тілінен гөрі ағылшын тілінде сөйлеуді  мақсат етеді. Түрікменстанда орыс тілінде теле-радио хабарларын таратуға тыйым салынған. Тіпті орыс тілінде білім беру туралы жарнаманың өзі заңсыз деп есептелінеді. Әзербайжанда орыс тілінде хабар таратуға екі сағат қана бөлінген.

— Қазір әлемнің көптеген елдерінде сол елдің тілін білу заңмен міндеттеледі. Тіптен білмеген жағдайда айыппұл салынатын оқиғалар да аз кездеспейді. Сол елдің тілін білмесеңіз, жұмысқа қабылдануыңыз да неғайбіл. Ал бізде ешкімді міндеттемейді. Бірақ білу, үйрену — парызымыз,- деген қоғам қайраткері қазақ әліпбиінің латынға көшуіне қатысты өз ойын ортаға салды.

— Латын қарпіне көшуді Қазақстанның 90 пайызы қолдады. Бірақ ұсынылған әліпбидің алғашқы нұсқасына көпшіліктің көңілі тола қоймады. Осының өзі ел тұрғындарының бұл мәселеге бейжай қарамайтынын көрсетеді. Қазір екінші нұсқасы бойынша қызу талқылау жүріп жатыр. Оның соңғы нүктесін фонетик ғалымдар қояды. Латын тіліне көшу Қазақстанда аса қиындық тудырмайды. Өйткені біз бұл әліпбимен таныспыз. 1929-1939 жылдары осы әліпбимен білім алдық. Оның бергі жағында көршілес әзербайжан, түрікмен, өзбек бауырластарымыз өткен ғасырдың соңында өтіп алды. Қиындықтар болмады емес, болды. Тіптен Өзбекстан екі мәрте реформа жасап үлгерді. Осыны ескере отырып, олардың жіберген қателіктерін жібермес үшін зерттеп, зерделеп жатырмыз. Бұл бағытта жұмыстар атқарылуда. Қалай енгізу керек, қандай кезеңдері бар? Қандай дайындық жұмыстары жүргізіледі, ересектерді қалай оқытамыз? Осы сұрақтарды екшелеп жатырмыз. Ел арасында латын әліпбиі не береді деген сұрақ жиі қойылады. Күні бүгінге дейін оқып жатқан кириллица қазақ әліпбиі емес. Оны мойындауымыз керек. Бізге орыс әліпбиін берді. Оның ішінде біз білмейтін дыбыстар, дыбыстау артикуляциялық аппараттарымыз келмейтін фонемалар болды. Біз соларды қабылдап, қазақтың төл дыбыстарын қосып, орыс–қазақ әліпбиін алып шықтық. Бұл бізге көптеген қиындықтар туғызды. Сондықтан біз осы қате әліпбиден құтылып, латын қарпін меңгере отырып, әлемдік өркениетке ілесуге бір табан жақындай түсеміз деп ойлаймын. Себебі көптеген елдер латын әліпбиін пайдаланады. Тіптен ағылшын тілін меңгеруге де оңайырақ болар еді,- дейді қоғам қайраткері.

ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған кездесуде ономастика мәселесі де ерекше сөз болды. Жер шарындағы әрбір мемлекеттің өз идеологиясы бар екенін тілге тиек еткен Дос Көшім сол елге еш пайдасы тимеген, ешқандай қатысы жоқ жер – су аттары мен көше атауларын болашақ ұрпаққа үлгі боларлық тарихи атауларға өзгерткен жөн деп атап өтті.

— Еліміз Тәуелсіздігін алған тұстан бері жер – су аттарын, көше атауларын өзгерту жүргізіліп келеді. Жасыра-тыны жоқ, бірнеше күнге созылған түрлі пікірталас-тар, қарсылықтар орын алды. Бірақ келмеске кеткен кеңестік дәуірдің сұлбасындай болған көше атауларының бүгінгі Қазақстан үшін еш маңызы жоқ. Арамызда ол біздің тарихымыз, өткеніміз деп құны жоқ пікірлер білдіретіндер аз емес. Енді мына бір жайтты қараңыз. Сол Кеңес Одағы орнағанға дейін Алматы қаласының көшелерінде Царская, Губернаторская деген сынды патшалық Ресейді дәріптеген көшелер көп болған. Жаңа үкімет келді де, олардың барлығын өз қалаулары бойынша өзгертті. Коммунистическая, Комсомольская деген көше-лерден көз сүрінетін еді. Бірақ қазір сол коммунистер де, комсомолдар да жоқ. Оны бүгінгі ұрпақ, әр жерден бір оқығандары болмаса, білмейді де. Ендеше, неге біздер өз болашағымызды оларға үлгі болар тарихи тұлғалардың өмірімен сусындатып тәрбиелемеске?! Өмірде өзгермейтін нәрсе болмайды. Сол сияқты тарих та жаңарып отырады. Оған бола жік шығарып, сөз таластыру дұрыс емес. Ономастика мәселесінде сыңаржақ пікір болмауы керек. Қарсылық білдірген тарап та кеңірек ойланғаны дұрыс,- деген модератор сөзіне жиналғандардың көпшілігі бас изеп, қолдайтындарын білдірді.

Кездесуде көтерілген үш мәселесе де немқұрайлы қарайтын дүниелер емес. Келешек үшін аса қажет. Оған қоғам болып атсалысып, ұлт болып бөлінбей бірге үлес қосқан жөн. Басқосу жиналғандар тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға жауап берумен қорытындыланды.

Ермек ИСАБАЕВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында 1500-ден астам жұмысшының еңбек құқығы қорғалды

17.03.2026
Абай облысында 1500-ден астам жұмысшының еңбек құқығы қорғалды

Абай облысында 2025 жыл қорытындысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің жұмысы сараланды. Тексерулер мен түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 1500-ден астам...

Толығырақ...Details

Олжас Бектенов: Еліміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты

17.03.2026
Олжас Бектенов: Еліміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан...

Толығырақ...Details

«Дауыс санау ашық өтті», – Филиппиндік бақылаушы

17.03.2026
«Дауыс санау ашық өтті», – Филиппиндік бақылаушы

Филиппин сайлау комиссиясының халықаралық бақылаушысы Ховенсио Баланкуит Қазақстандағы республикалық референдумның ұйымдастырылуы мен өткізілуін оң бағалады. Оның айтуынша, дауыс беру өте...

Толығырақ...Details

Ресей ОСК өкілі: Дауыс беруге барлық мүмкіндік толық қамтамасыз етілді

17.03.2026
Ресей ОСК өкілі: Дауыс беруге барлық мүмкіндік толық қамтамасыз етілді

Қазақстанда өткен республикалық референдум кезінде халықаралық бақылаушылар тарапынан ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген. Бұл туралы баспасөз конференциясында Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының...

Толығырақ...Details

Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Қазақстандағы референдумға оң баға берді

17.03.2026
Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Қазақстандағы референдумға оң баға берді

Қазақстанда өткен республикалық референдум халықаралық бақылаушылардың назарында болды. Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенер Қазақстандағы дауыс беру процесіне оң...

Толығырақ...Details

Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары

17.03.2026
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясының басшысы, Бас хатшысының орынбасары Олег Копылов 2026 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында 1500-ден астам жұмысшының еңбек құқығы қорғалды

28 минут бұрын

Олжас Бектенов: Еліміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты

30 минут бұрын

«Дауыс санау ашық өтті», – Филиппиндік бақылаушы

32 минуты бұрын

Ресей ОСК өкілі: Дауыс беруге барлық мүмкіндік толық қамтамасыз етілді

34 минуты бұрын

Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Қазақстандағы референдумға оң баға берді

35 минут бұрын

Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары

37 минут бұрын

«Жарма барысы – 2026» жарысы өтті

38 минут бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

51 минута бұрын

Мемлекет басшысы референдумға белсене қатысқан жастармен әңгімелесті

1 день бұрын

Қазақ елі түбегейлі тарихи таңдауын жасады — Мемлекет басшысы

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС