"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАПОНДЫҚТАР ЖАРМАДА

17.11.2017
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жарма ауданындағы «Шалабай» асыл тұқымды мал зауыты» ЖШС — қазақтың асыл тұқымды ақбас қызыл қасқа ірі қарасын өсіруші бірегей шаруашылық құрылымы. Тоқсаныншы жылдардағы тоқырауда жұрнағы қалмаған асыл тұқымды төл басын өсіру ісін  қолға алып, он жылдан аса уақыт ішінде қайта түлетіп қана қоймай, серіктестіктің аясы да кеңейе түсуде. Таяуда өңірге арнайы жұмыс сапарымен келген Жапонияның халықаралық әріптестік агенттігінің (JICA) өкілдері аталмыш шаруашылық құрылымда болып, мал шаруашылығының жалпы жағдайына қанығып, заманауи әдістерді енгізу, бәсекеге қабілеттілікті арттыру жұмыстарына мән берді.

Халықаралық әріптестік агенттігі өкілдері құрамында Шығыс Хоккайдо бойынша JICA директорының орынбасары, Орталық Азия мен Кавказ және орыс-жапон қатынасы бойынша эксперт Иида Джиро, JICA оқыту курсының басшысы Тсубои Шиничи, техникалық кеңесші, «Тойо ауыл шаруашылығы техникалары» компаниясының  сату бөлімінің директоры Оххаши Тошинобу, техникалық кеңесші, NOBELSCo Ltd компаниясының директоры  Нишио Ясухиро, аудармашы  Катори Джун, JICA агенттігінің эксперті, жобаларды құру бойынша кеңесші  Мураяма Мицуо, JICA жобаларының үйлестірушісі Геннадий Редькин  және Қазақстан-Жапония адами ресурстарды дамыту орталығының қызметкері  Эрика Алимбекова бар.

— 2014 жылы біз алғаш рет Қазақстанда агробизнесті басқару бойынша оқыту курсын өткізген болатынбыз,- дейді Иида Джиро мырза. – Қазақстан-Жапония орталығы Қазақстан Республикасы аумағында жапондық технологияны қолданысқа енгізуге байланысты үнемі семинарлар өткізіп келеді. Осындай семинарлардың қорытындысы бойынша үміткерлер анықталып, олар Жапонияда іс-тәжірибеден өтеді.

Осындай үміткерлердің қата-рында «Шалабай» асыл тұқымды мал зауыты» ЖШС-нің директоры Қуаныш Сүлейменов те бар. Жалпы, іс-тәжірибеден өткендер Жапонияда ауыл шаруашылығы саласы бизнесімен танысып, шаруашылықтар мен кәсіпорындарда болып, маркетингке, нарыққа сараптама жасап, өз өніміңді өндіріп, оны нарыққа шығару жолдары  бойынша дәрістер тыңдады. Аталған курс тыңдаушылары жапондық ұстаздарын біздің елге дәріс оқуға шақыра алады. Осының негізінде Сүлейменов мырза JICA-ға тапсырыс бергендіктен, Қазақстанға келдік. Ендігі кезекте жоғарыда атап өткен тақырыптар бойынша Алматы және Өскемен қалаларында семинар өткіземіз. Бүгін біз курс тыңдаушы-лары теориялық білімдерін іс жүзінде қаншалықты қолдана алғандарын білу мақсатымен серіктестікке келіп отырмыз.

JICA мүшелерінен құралған өкілдер «Шалабай» асыл тұқымды мал зауытының жалпы жұмысымен танысып, шаруашылықтың мал басына арналған орындарында, жайылымдарында болып, қазақтың ақбас қызыл қасқа төлінің ерекшеліктерімен танысты. Сол сияқты шаруашылық  өсіріп отырған «Жәбе» жылқысының, «Байыс» қойының ерекшеліктерімен де танысып, сұрақтарын да қойды. Халықаралық агенттік мүшелері шаруашылықта еңбек ететін шаруалардың да жағдайымен жақын танысты.

Жапондық мамандардың назарына агробизнесті жүзеге асыруда қолданылып отырған заманауи әдістер жайлы үш бірдей бейнефильм ұсынылып, ауылшаруашылық техникасы паркінің мүмкіндіктері жайлы мәлімет берілді, дәнді дақылдар мен мал азығы және ет өнімдерінің үлгілері көрсетілді.

JICA жобаларын үйлестіруші Геннадий Редькиннің айтуынша, жапондық агенттіктің делегация мүшелері ең алдымен шаруашылықтың  алып жатқан аумағына таңғалған екен. Халықаралық агенттік өкілдері «Шалабай» зауыты басшылығының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында заманауи әдістерді қолданудағы жұмыстарына да жоғары баға беріпті.

Жапондық мамандармен тығыз қарым-қатынас жасайтын жармалық серіктестікке ауылшаруашылық техникасын өндірушілермен және мал шаруашылығы саласындағы кәсіпорындармен әріптестік байланыс  орнатуға жол ашылып отыр.

Мейірхан Оспанбаев, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

7 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

7 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

7 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

7 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС