"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЙРЫҚША МЕРЕКЕ

02.03.2018
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кеше, 1 наурыз күні, қалалық орталық кітапханада этномәдени орталықтардың және студенттердің қатысуымен «Алғыста шек болмайды» атты кездесу кеші өтті. Көктемнің алғашқы күні ұйымдастырылған шара Алғыс айту күніне орайластырылды.

Татар, өзбек, шешен-ұйғыр орталықтары мен «Возрождение» неміс орталығының жастар клубы және «Авиценна» колледжінің студенттері кездескен кеште ұйымдастырушылар тарапынан сөз алған орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Гүлфира Төлеуқанова бұл күннің ерекшелігіне тоқталды.

— Соңғы екі жылда еліміз бойынша Алғыс айту күнін атап өтудеміз. Әрбір адам алғыс айта білуі керек деп ойлаймын. Мысалы, мен Сізге алғыс айтып, көңіл-күйіңіздің көтерілуіне септігімді тигізсем, Сіз өзге       жанға ризашылық білдіріп, шаттандыруыңыз мүмкін. Сондықтан әрдайым алғыс айтып жүретін жандар болуымыз керек. Өзге ұлт өкілдері қазақстандықтарға ғана емес, біз де өз кезегімізде олардың елімізді көркейту жолындағы еңбектері, Отанымызға деген сүйіспеншіліктері үшін  алғыс айтуымыз керек,- деп атап өткен Гүлфира Қаңтарбайқызы тарихқа көз жүгірте отырып, ХХ ғасырдан бастап Қазақстанға 5,5 миллион адам қоныстанғаны жайында дерек келтірді.

Бүгінде татулық пен тұрақтылықты ту еткен кең қолтық қазақ елін мекендеген ұлттар мен ұлыстардың да алғыстан басқа айтары жоқ.

— Ең басты айтпағым — біз бақытты адамдармыз, әсіресе өзім. Мен Семейде тудым, осында өсіп-өндім. Қазір немерелерім, әулетіміздің алтыншы ұрпағы осы шаһарда тұрады. Башқұртстаннан ағам қонаққа келіп, қаланы ұнатқан соң, отбасымен Семейге көшіп келді. Атам, әкем, ағам, балаларым және немерелерім – отбасым осы мемлекетті мекен етіп отырмыз. Сондықтан туған топырағымызға, өзіміз тұратын елге, өзіміз достасқан әртүрлі ұлт өкілдеріне алғыс айта білуіміз керек. Аспанымыз ашық болсын, бейбіт әлемде ғұмыр кешейік!- дейді «Татар өнері» мектебінің директоры  Ғабдулхақ Ахунджанов.

Бұл ойды қуаттаған «Возрождение» неміс орталығы  жастар клубының мүшесі София Тедор:

— Ең алдымен, неміс хал-қының атынан қазақ халқына алғыс айтамын. Қазақстандағы  неміс халқының барлығы дерлік өз еркімен емес, жер аударылып келген. Оларды қазақ отбасылары құшағын ашып, мейірім төгіп, бауырына басқан,- деп атап өтті.

Иә, расында да, ата-бабаларымыз қай заманда болмасын қонақжайлық танытып, тектілігін көрсеткен. Қазір де қазақтар әлем халықтары арасында дарқандығымен дараланатынын мақтанып та, марқайып та айтамыз.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Astana LRT жүйесін іске қосу рәсіміне қатысты

16.05.2026
Мемлекет басшысы Astana LRT жүйесін іске қосу рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы қоғамдық көлікке, соның ішінде LRT жүйесіне мониторинг жүргізіп, жұмысын реттейтін Бірыңғай диспетчерлік орталықтың қызметімен танысты. Астана...

Толығырақ...Details

Алакөлдегі туристік маусымға дайындық мәселелері талқыланды

16.05.2026
Алакөлдегі туристік маусымға дайындық мәселелері талқыланды

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен Қабанбай ауылында Алакөл көлі жағалауындағы туристік кластерді дамыту мәселесіне арналған көшпелі отырыс өтті. Жиынға...

Толығырақ...Details

Қоғамдық топтасу: әлеуметтік сауалнама Президент саясатына ауқымды қолдауды айқындады

16.05.2026
Қоғамдық топтасу: әлеуметтік сауалнама Президент саясатына ауқымды қолдауды айқындады

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) тапсырысы бойынша 2026 жылғы сәуір айында қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама нәтижелері...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлыққа қол қойды

16.05.2026
Мемлекет басшысы кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлыққа қол қойды

Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы Адами капиталды дамыту, қоғамның зияткерлік және мәдени әлеуетін нығайту,...

Толығырақ...Details

Семей қаласында Конституцияның маңызы талқыланды

16.05.2026
Семей қаласында Конституцияның маңызы талқыланды

Семей қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған «Конституция: құқық, тарих және қоғамдық сана» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты - Ата...

Толығырақ...Details

«Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас» автожолындағы жөндеу жұмыстары қадағаланды

16.05.2026
«Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас» автожолындағы жөндеу жұмыстары қадағаланды

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли республикалық маңызы бар «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас» автомобиль жолының 707-шақырым учаскесіндегі жөндеу жұмыстарының барысын көрді. Абай облысы аумағындағы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Astana LRT жүйесін іске қосу рәсіміне қатысты

21 час бұрын

Алакөлдегі туристік маусымға дайындық мәселелері талқыланды

21 час бұрын

Қоғамдық топтасу: әлеуметтік сауалнама Президент саясатына ауқымды қолдауды айқындады

21 час бұрын

Мемлекет басшысы кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлыққа қол қойды

21 час бұрын

Семей қаласында Конституцияның маңызы талқыланды

1 день бұрын

«Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас» автожолындағы жөндеу жұмыстары қадағаланды

1 день бұрын

Аягөз ауданында «Жас техниктер станциясы» ашылды

2 дня бұрын

Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады

2 дня бұрын

Жастарға заң мен тәртіп құндылықтарын насихаттауға бағытталған Stand Up кеші өтті

2 дня бұрын

Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейтілуде

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС