"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОҚЫС ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

13.03.2018
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Kaz-экоэкспертиза» ЖШС және «Елбасы курстастары» қоғамдық қоры Семейде қоқыс өңдейтін зауыт құрылысын бастамақ. Бұл туралы өткен аптада Семей қалалық әкімдігіндегі жиында айтылды.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында: «Өңірлердің әкімдері шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тартып, тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу үшін шаралар қабылдау керек»,- деп міндет жүктеген еді. Жергілікті атқарушы билік осы міндеттердің Семейде де жүзеге асуына жұмыс атқаруда.  Қазіргі күні инвестициялық жоба әкімдік тарапынан мақұлданып, 20 гектар жер бөлінген. Зауыт қаладан 7 шақырым қашықтықта, Семей — Қайнар тас жолы бойында орналаспақ.

— Бұл – бірегей жоба. Әзірше Қазақстанда қоқыс қалдықтарын кәдеге жаратып қана қоймай, химия, агрохимия заттарын залалсыздандырып, қайта өңдейтін жиынтық кешен салынған жоқ. Айта кету керек, қауіптіліктің қызыл деңгейіндегі заттар қабылданбайды. Аумақ ядролық, әскери өнеркәсіптік және гильза қалдықтарын қабылдауға арналмаған. Химиялық қалдықтар залалсыздандырылғаннан кейін ғана қайта өңдеуге жіберілетін болады,- дейді «Елбасы курстастары» қоғамдық қорының вице-президенті Қайрат Әбеков.

Құны 2 млрд. теңгені құрап отырған жоба екі жыл қатарынан ресейлік инвесторлардың қаржысына жүзеге аспақ. Жылына 380 мың тоннаға дейін қоқыс өңдейді деп жоспарланып отырған зауытқа қажетті құрал-жабдықтар да сол елден әкелінеді.

— Жоба екі кезеңде жүзеге асады. Оның алғашқы кезеңінде қалдықтарды жинау мен іске жарату полигоны дайындалады. Одан кейін қоқысты сұрыптап, қайта өңдейтін кәсіпорын құрылысына кірісеміз. Сұрыпталған өнімнен екінші шикізат алу жоспарлануда. Пластиктің қандай да бір түрін өңдеуіміз де мүмкін,- деді «Kaz-экоэкспертиза» ЖШС директоры Болатбек Қасенов.

Зауыт биологиялық қалдықтарды да кәдеге жаратпақ. Уақыт өте келе мал қорымдарының қажеті болмайды дейді жоба жетекішлері. Олардың айтуынша, барлық биологиялық қоқыс қоршаған ортаға еш зиянсыз жоғары температурада жағылады.

— Елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға көп көңіл бөлінуде. Сондықтан іскер азаматтарға біз өз тарапымыздан қолдау көрсетуге дайынбыз. Зауыт іске қосылса, ең алдымен қаланың экологиясы жақсарады. Қала тұрғындары үшін де, қала үшін де бұл тиімді жоба болайын деп тұр,- дейді қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

10 часов бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

10 часов бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

10 часов бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

10 часов бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

10 часов бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

10 часов бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

10 часов бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС