"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛАНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АТАНДЫ

24.04.2018
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, абайтанушы Ғарифолла Есімге Семей қаласының Құрметті азаматы атағы берілді. Салтанатты рәсім бейсенбі, 19 сәуір күні қалалық әкімдікте өтті.

Семей қаласы мәслихатының шешімімен Ғарифолла Есім Семей қаласының Құрметті азаматы атанды. Салтанатты жиынға қала әкімі Ермак Сәлімов, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, қалалық мәслихат депутаттары, бөлім қызметкерлері мен Ғарифолла  Есімнің жолдастары, жерлестері, әріптестері және қала тұрғындары қатысты.

— Қадірлі ағайын, бүгін сіздермен жақсы шараға, алдыңғы толқын ағаларға құрмет көрсету үшін жиналып отырмыз. Ғарифолла Есім — адал еңбегінің арқасында халықтың алғысын алған асыл азамат. Семей қаласы мәслихатының шешімімен, Сіз Семей қаласының Құрметті азаматы болдыңыз. Сіздің ғылым үшін еткен еңбегінің ұшан — теңіз. Біз Сізді мақтамаймыз, біз Сізді мақтан етеміз, еңбегіңіз жемісті болсын,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

— Барлығыңыз жақсы білесіздер, Ғарифолла Есім — Семей өңіріне, Қазақстанға еңбегі сіңген азамат. Мәскеуге оқуға кетпей, Семей жеріне келдіңіз. «Мен сондықтан абайтанушы болған шығармын. Егер Мәскеуге оқуға кетіп қалсам, Пушкинді, Лермонтовты зерттеп жүрер ме едім?!» деген сөзіңіз есімде. Қазақта «Жақсы адамнан қол үзбе, шөлдегенде сусының» деген даналық сөз бар. Сіз ұтымды ойларыңызбен, терең біліміңізбен көпке үлгі болып жүрген жандардың бірісіз. Семей — қасиетті жер, ұлы Абайдың елі. Осы киелі топырақтың Құрметті азаматы атануыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!- деді Семей қалалық Көлік колледжінің директоры Шаған Жұмақсанов.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры Мейір Ескендіров те оқу орны атынан ғалымды құттықтап, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын халыққа алғаш ұсынған Ғарифолла Есім екенін сөзіне тиек етті.

Семей туралы, ұстаздары туралы жылы естеліктерімен бөліскен ғалым жиын соңында барлық жиналған қауымға, қала әкімі Ермак Сәлімовке алғысын білдірді.

— Мен Семейдің пединститутына оқуға 1966 жылы келдім. Студенттік жылдарым мен жастық шағым осы қалада өтті. Семейдің әрбір көшесі менің есімде. Семей — маған өте ыстық қала. Мұндағы студенттік жылдарым есімнен кетпейтін қызықты кездерім еді. Осы қаладан өзіме тамаша жолдастар, ұстаз, шәкірт таптым. Семейде менің үлкен ұстаздарым бар. «Хакім Абай», «Данышпан Шәкәрім», «Кемеңгер Мұхтар» деген кітаптарым жарық көрді. «Хакім Абай» дүние жүзіндегі негізгі тілдерге аударылды. Егер осы тұлғаларға шәкірт болуға жарасам, мен оларды ұстазым деп санаймын. Алғашқы курстан бастап төрт жыл тәлімін алған Қайым Мұхамедханұлы да менің ұстазым. Ол кісі мені жанынан екі елі қалдырмай алып жүрді, білгенін үйретті. Шындығында, әр адам ұстаз бола алмайды. Ұстаз болу үшін, ар тазалығымен қоса, адалдық керек. Ұстаз ешқашан өтірік айтпауы қажет. Қайым Мұхамедханұлы сондай адам болды,- деді Ғарифолла Есімұлы. — Бүгінгі марапат мен үшін орденнен, барлық марапаттан биік. Өйткені мен Семей қаласының Құрметті азаматы атағын алып отырмын. Павлодар облысының Құрметті азаматы атағын алғанда бұлай толқыған жоқ едім. Семей деген Қазақстанда бір ғана қала бар. Оны Қазақстанның Санкт — Петербургі деп айтады. Өйткені елдегі барлық рухани жағдай осы қалада өтті. Бұл шаһар — барлық қазақ зиялыларының табаны тиген жер. Сондықтан Семейдің халқы да ерекше. Менің қуанышым сіздермен бірге, семейліктер. Қошеметтеріңіз үшін үлкен рақмет!- деген Ғарифолла Есім қалалық мәслихат депутаттарына да ризашылығын білдіріп, қолтаңбасы қалдырылған кітаптарын табыс етті.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС