"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨРКЕНДІ ІСТЕР ӨРІСІ

28.06.2018
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

26 маусым күні Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов жергілікті, облыстық және республикалық БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәжілісін өткізіп, қаланың әлеуметтік — экономикалық дамуы жайында жан – жақты ақпарат берді.

Алдымен журналистерді Ақпарат және байланыс қызметкерлері күнімен құттықтаған шаһар басшысы Ермак Сәлімов Елбасы Жолдауын жүзеге асыру аясында атқарылып жатқан шаруалар барысымен таныстырып, қаланың әлеуметтік — экономикалық дамуы туралы айтып берді. Қаланы жарықтандыру, су, жылу мәселелері, тасқын зардаптарының өтелуі, жаңа жобалардың жүзеге асуы, тұрғын үй құрылысы және басқа да салаларды қамтыған өзекті мәселелер бойынша сауалдарын жолдаған журналистер шаһар басшысынан нақты жауаптар алды.

Ермак Бидахметұлының сөзіне сүйенсек, қаланың әлеуметтік — экономикалық дамуы соңғы жылдары жақсы көрсеткіштерге ие. Жыл басынан бері өндірісте 66,4 млрд. теңгеге өнім шығарылса, ауыл шаруашылығы бойынша 6,2 млрд. теңгенің тауары саудаланған. 30 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері кәсіптерін ашып, қала бюджетіне қомақты қаржы құйылуда.

Қаңтар айынан бері 3 мың 525 тұрғын жұмысқа орналасса, нәтижелі жұмыс және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 162 адам кеңес алып, 33 адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін 7 тұрғынға екінші деңгейлі банктер арқылы 81 миллион теңге несие берілген.

Қала бюджеті де жылдан — жылға артып келеді. Дамудың барлық көрсеткіштері бойынша облыстағы аудандар мен қалалар арасында Семей 2016 жылы оныншы, 2017 жылы сегізінші орыннан көрінсе, 2018 жылдың қаңтар — мамыр айлары аралығындағы статистика бойынша, 5-ші орынға табан тірепті. «Бұл мемлекеттік қызметкерлердің, кіші және орта бизнес өкілдерінің, ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің жемісті еңбегінің нәтижесі»,- деді қала әкімі.

Күнделікті халық тұтынатын азық — түлік бағасын тұрақты ұстап тұру үшін алты сауда нүктесінде азық — түлік жеңілдетілген бағамен ұсынылуда. «Солтүстік» сауда — логистикалық орталығынан елу сауда орны шаруа қожалықтарына тегін беріліп, олар ауылшаруашылық тауарларын халыққа арзан бағамен саудалап келеді. Жыл басынан бері 24 жәрмеңке ұйымдастырылып, 120 миллион теңгеден астам қаражатқа сауда-саттық жасалған. Сонымен қатар «Эмиль» ЖШС, «Багратион» ЖШС, «Восток Молоко» ЖШС, «Зайтенов» сияқты шаруа қожалықтарымен сүт және сүт өнімдеріне бағаны тұрақтандыру жөнінде келісімшартқа қол қойылған. Нәтижесінде аталған кәсіпорындардың сүт өнімдері 5-7 пайыз үстеме бағамен сатылуда. Мемлекеттік «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша осы жылы құны 143,9 млн. теңгені құрайтын 29 жобаға қолдау көрсетілген.

Қала әкімінің айтуынша, «Агропортал» ЖШС жобасы аясында Семейде ет өңдеуші комбинат салынады. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасына сәйкес, бұл мақсатта 2017 жылдың 29 желтоқсанында ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен келісімшартқа қол қойылып, қала әкімінің қаулысымен аумағы 55 гектарды қамтитын жер телімі бөлінген. Қазіргі уақытта «Jahan Mana» ирандық компаниясымен зауыттың жобалық–сметалық құжаттары рәсімделуде. Бұдан бөлек Семейде «Пожьбарьер», «Казэлектромаш» сынды инвестияциялық жобалар жұмыс істеуде.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша 2018 — 2020 жылдарға арналған «Менің аулам» бағдарламасы қабылданған. Ол бойынша осы жылы көп қабатты тұрғын үйлердің 12 ауласын абаттандыруға қалалық бюджеттен 611 миллион теңге бөлініп, жұмыстар атқарылуда. Ал қала көшелері және аулаларды абаттандыруға қалалық бюджеттен 1 млрд. 196 миллион теңге қаралған.

Сондай-ақ Ермак Бидахметұлы салауатты өмір салтын ұстанушылардың қатарын арттыру үшін қаланың әр ауданынан 11 спорт алаңын салу жоспарланып отырғанын да айтып өтті. Оған 90 миллион теңге қаражат бөлінген екен. Семейліктерді әсіресе Абай алаңын абаттандыруға 87 миллион теңге бөлінуі қуантып отыр. Туризмді дамыту бағытында да кешенді жұмыстар қолға алынған. Бүгінгі күні Семейде 22 туристік компания тіркелген.

Қала көшелерін күрделі және ағымдағы жөндеуге биыл 2 млрд. 235 миллион теңге қарастырылыпты. Ал Мичурин көшесіндегі күрделі жөндеу 1 қазанға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Көптеген жылдар бойы жөндеу көрмеген Найманбев көшесі, сондай-ақ автокөлік көп жүретін Тәңірбергенов, Титов, Орманды, Қабанбай батыр, Аймауытов көшелері жөнделуде. Жалпы, осы уақытқа дейін 36 көше ағымдағы жөндеуден өткен. Семейліктердің сүйікті демалыс орындарының бірі Озеркиге баратын жолды қалыпқа келтіру жұмыстары да жоспарда бар көрінеді.

– «Қазақтелеком» АҚ кабелі Мичурин көшесі арқылы өтеді. Кезінде мұның бәрі ескерілмегендіктен, жобаны қайта қарауға тура келді. Жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуы сондықтан. Көшедегі жол жиектері мен жарық шамдары да жаңартылуда. Ал Дәстенов көшесіндегі жол қиылысында орын алған келеңсіздіктерді реттеу жайлы тапсырма бердім. Бәрі қайта жасалынатын болады,- деді Ермак Сәлімов.

Семейде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы арқылы қолға алынған бірқатар жобалар бар. Соның нәтижесінде Затон, Шүлбі, Новошүлбі кенттерін сумен қамту мәселелері бір жолға қойылды. Алайда Қайнар кентін сумен қамту көптеген жылдар бойы шешілмей келе жатқан түйінді мәселе болып отыр.

— «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында өткен жылы Қайнарды сумен қамту жобасы қолға алынған болатын. Бірақ мердігер мекеменің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан көптеген олқылықтар орын алды. Бұл орайдағы Қайнар ауылы тұрғындарының реніші де орынды. Бағдарлама мен қаржыландыру бар. Тек мердігерлердің жұмысы алға баспай отыр. Қазір бұл мекеменің ісі сотта қаралуда. Жуырда жаңа конкурс жарияланады. Жыл аяғына дейін жобаны жүзеге асыруға мүдделіміз,- деді әкім.

Журналистер сауалына жауап бере отырып, Ермак Бидахметұлы кейбір мәселелердің жауабын БАҚ өкілдерімен бірге қарастыратынын жеткізді.

— Жарықтандырылмаған көшелердің желілері жергілікті әкімдікке қарамайды. Ал оған жауапты кәсіпкерлік қазір банкротқа ұшырап отыр. Кезінде олар желілерді сатып алу жайлы ұсыныс жасағанымен, біз басқа жолды таңдадық. Себебі онда түсініксіз жайттар көп болды. Жарық шамдарын ауыстыру жайлы Еуропалық қайта құру және даму банкімен келісімшартымыз бар. Жарықтандырылмаған көшелермен сол келісімшарт аясында жұмыс істейтін боламыз. Бірақ банкпен жұмыс өте баяу және ұзақ жүріп жатқанын айта кету керек. Сондықтан бұл — уақыттың еншісіндегі жұмыстар. Бұл сала әсіресе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінен қарқынды және шапшаң жұмысты талап етеді. Ал жер асты жолдарын жарықтандыру жөнделген көшелердегі шамдар есебінен жүзеге асады,- деді Е.Сәлімов.

Семейдегі қоғамдық көлік мәселесі де тілшілер қауымы назарынан тыс қалмады. Естеріңізде болса, тамыз айында Семейдегі қоғамдық көлік тасымалына жаңа конкурс жарияланатыны туралы айтылған еді. Алайда кездесу барысында Ермак Бидахметұлы конкурстың жарты немесе бір жылға шегерілгенін жеткізді. Себебі, шарт бойынша, тасымалдаушы мекеме жаңа көліктерін ұсынуы керек және электрондық билет жүйесі болуы міндетті. Сонымен қатар көліктердің отандық өнім болуына да басымдық беріледі.

— 2013 жылы жарияланған конкурс келісімшарты тамыз айында аяқталады. Ал жаңа мердігер мекеме бұрынғы қателіктерді қайталамайтындай сапалы қызмет ұсынуы керек. Биыл тасымалдаушылар билет құнын көтеру туралы шарт қойған кезде, біз олардың жол шығыстары мен кірістері туралы ақпараттарды білмедік. Сондықтан электрондық билет жүйесін енгізген дұрыс. Біздің мамандарымыз Минскіге, Барнауылға, Бирскіге барып, олардың бұл саладағы тәжірибелерін байқап қайтты. Қазір беларустық және астаналық компаниялардың ұсыныстарын қарап жатырмыз. Алдағы екі ай ішінде кіммен жұмыс істейтінімізді айқындайтын боламыз. Көліктердің отандық өнім болуына да басымдық беріледі. Себебі отандық тауарға қазір мемлекеттен жақсы қолдау болып отыр және біз соны ұтымды пайдалануымыз керек. Оны Қазақстандық даму банкі «Лизинг» қаржы институты арқылы қаржыландырады,- деді Ермак Бидахметұлы. — Қоғамдық көліктерді жаңарту бастамасы жақсы жүзеге асып жатыр. Дегенмен электрондық билет жүйесі мен қоғамдық көліктерді толық жаңартуға әлі дайын емеспіз. Алдымызда жаңа парк жасақтау және үлкен, орта және кіші кластағы 170 автобусқа қол жеткізу міндеті тұр. Сондықтан тасымалдаушылармен сөйлесіп, келісімшартты жарты жылға немесе бір жылға созуға тура келіп тұр.

Семейде су басқан үйлерді қалпына келтіру қарқынды жүзеге асуда. Бүгінгі күні Пристань аумағында және Мирный кентінде тасқыннан зардап шеккен 205 үйдің 160-ы мердігерлермен келісімшартқа отырыпты. Оның 135-і тіркеуден өтіп, бұл бағытта бастапқы 51 млн. теңге игерілген.

— Республикалық бюджеттен 138 миллион теңге қолымызға тиді. Тұрғындар арасында жөндеу жұмыстарымен кімнің айналысатыны туралы біраз дау-дамайлардың болғаны рас. Бұған түсіністікпен қарап, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Мердігері анықталмаған 54 үйдің құжаттарын жөндеу үшін тиісті мамандар жұмылдырылды. Мақсатымыз — 1 қыркүйекке дейін бөлінген қаржыны игеріп, баспаналарды қалыпқа келтіру. Бұл бағытта Бобровкада жұмыс аяқталды деуге болады. Мердігер мекемелер – «Сәт-Транс» ЖШС мен «Гордорстрой» — өз жұмыстарын сәтті аяқтады. Аталған аудандағы апатты деп танылған бір үйді «Сәт-Транс» ЖШС өз қаржысына тұрғызып беретін болды,- деді шаһар басшысы.

Ал тұрғындардың мүлік шығыны 22 млн. теңгені құрайды. Шаһар басшысы бұл шығындардың қалалық бюджеттегі төтенше жағдайлар қорынан келесі аптаның соңына дейін өтелетінін айтты. «Нормативтік-құқықтық актіде айқындалған, яғни тұрмысқа ең қажетті заттар ғана өтеледі. Жатын орынның, ас үйдің жиһаздары мен техникалық мүліктер ғана сатылып алынады»,- деді қала әкімі.

Су тасқынына себепкер болған деген «Ертіс» бассейндік инспекциясына қатысты сот жұмыстары әлі жалғасуда. Бассейн қызметкерлері су жіберетінін екі күн бұрын ескерткенімен, бөгет қойып үлгермедік дейді қала әкімі.

— Әдетте, «Ертіс» бассейндік инспекциясы мұз еріген кезде суды жіберетін. Олар секундына 1600 текше метр су жібереміз деп айтқанымен, су мөлшері 1800 текше метрге жетті. Екі күн ішінде халықты көшіріп үлгердік, бірақ бөгет қойып үлгермедік. Жұмыла жұмыс ісегеніміздің арқасында, орталық су құбырын қорғап қалдық. Егер олай істей алмағанымызда, орталық су құбыры аман қалмайтын еді. Қазір осы мәселеге қатысты сот процесі әлі жүріп жатыр. Біз де зардап шегуші тарап ретінде сотта өз жауабымызды айттық. Бұл жердегі ең маңызды мәселе – суды жіберумен дұрыс айналысу керек,- деді Е.Сәлімов.

Жуырда облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен, Түйемойнақ аралынан Мирный кентіне дейін, ұзындығы 25 шақырымды қамтитын Ертіс жағалауын бекіту туралы жобаға қол қойылған болатын. Қаржы қалалық бюджеттен қарастырылыпты.

Былтыр Бейбітшілік аралында жағажайдың ашылуы тұрғындар үшін қуанышты жаңалық болған еді. Алайда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің жоспары негізінде жасалынған жобаның шикілігінен көп ұзамай жағажайды су шайып кеткен. Ермак Бидахметұлының айтуынша, осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында биыл мердігерлер арасында тағы байқау ұйымдастырылмақ. Әзірге ниет білдіруші екі мердігер тіркеліпті.

— Жағажай жұмыстары үшін техникалық — экономикалық дәлелдемелері толық мердігерлерді іздестірудеміз. Алда тағы конкурс болады. Әзірге екі өтініш беруші бар. Олар екі түрлі аумақты ұсынып отыр. Жағажай салудың өзіндік шарттары бар. Ең алдымен тұрғындар қауіпсіздігі ескерілуі керек, — деді қала басшысы.

Дренажды кәріз жүйесіне қатысты да біраз қиындықтар туындаған еді. Қала әкімінің сөзіне сүйенсек, бұл бағытта Абай, Қабанбай батыр, Найманбаев көшелері бойында жұмыстар атқарылған. Бұл орайда шаһар басшысы ертеден келе жатқан кәріз жүйелерін қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғаса беретінін атап өтті.

№3 ЖЭО іске қосу үшін инвесторлардан оңтайлы жоба қажет. Ниет білдіруші шетелдіктер көп болғанымен, олардың ұсынысы тұрғындар қалтасына салмақ салып отыр. Кездесуде қала басшысы осылай деді.

— Көптеген түйінді мәселелер бар. Қытай, Түрік, Ресей инвесторлары жоба ұсынғанымен, ақырғы шешім қабылданған жоқ. Себебі кейбір жобалардың тарифтері өте қымбат немесе жылумен қамту жүйелері дұрыс ойластырылмаған. Алдағы күндері республикалық комиссияның отырысында Семей қаласын жылумен қамтудың схемасы қарастырылады. Инвесторлар, жер берсеңіздер, қалғанын өзіміз шешеміз деп қолқа салуда. Алайда бұл жерде барлығын бүге – шүгесіне дейін қарастыру қажет. Инвестор шетелдік болғандықтан, мәселелер көп,- дейді Е.Бидахметұлы.

Кездесуде көтерілген тағы бір сұрақ аспалы көпірге қатысты болды. Семейдің ең көрікті нысандарының біріне айналған аспалы көпір қазіргі күні ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарайды. Сондықтан көпірге қажетті қаржы бөлу, жөндеу, қызмет көрсету облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылып келеді.

— Жол жөндеудің қарапайым ережесі аспалы көпірді қалыпқа келтіру үшін жарамайды. Оның арнайы құрамы бар. Жөндейтін уақыты, битумы өзгеше. Сондықтан көпірді қыста және жазда бізге ұстауға беру үшін облыстық басқармамен сөйлесіп жатырмыз. Жапондықтардың аспалы көпір күтіміне қатысты өз ұсыныстары бар. Биыл жаңа технологиямен экспериментті жөндеу жұмыстары болады. Аймақ басшысы көпірді жарықтандыруды жақсарту туралы да айтып өтті. Жақын арада қалалық сессияда бұл мәселелер көтерілетін болады,- деді қала әкімі.

Сонымен қатар жыл сайын «Жансая» мен «Мереке» базары аралығындағы аумақтың жөндеуден тыс қалып қоюы көпшілік көңілін күпті еткен мәселе екені рас. Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Серікқали Жұмановтың айтуынша, биыл аталған аумақты тазалау және құм себу жұмыстары жүргізілсе, асфальттау келесі жылға жоспарланып отырған көрінеді.

Кездесуде айтылғандай, жуық арада Семейде 200 орынға арналған балалар ауруханасы салынады. ШҚО Денсаулық басқармасымен Өскемен және Семей қалаларына аурухана салатын инвестор анықталыпты. Сондай-ақ қала әкімі «Бакиев» ЖШС Семейде хоккей алаңын салу жобасын әзірлеу туралы қуанышты жаңалықпен де бөлісті.

Ақсай ауданында тұрғын үй құрылысы жалғасуда. Алғашқы үйдің құрылысы аяқталды. Жыл аяғына дейін аталған аумақта 60 баспана тұрғындар игілігіне беріледі деп жоспарлануда.

— Қазіргі күні Семейде 24 мыңнан астам адам жер алуға кезекте тұр. Демек, Ақсайда салынып жатқан үйлер сұранысқа ие болады деген сөз. Елбасы айтып кеткендей, ешкімге тегін үй берілмейді. Сондықтан Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы аясында бастапқы жарна 30 пайыздан 20 пайызға төмендеді. Қазіргі күні «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да 10 500 семейлік пәтер алу үшін кезекте тұр. Оның тең жартысы — мемлекеттік қызметкерлер. Келешекте Ақсайда балабақша мен мектеп салынады. Су тартудың жобасын жасап жатырмыз,- деді әкім.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

07.05.2025
Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

Жезқазғанда Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне жаңа арнайы техниканы тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға әкімдік, ТЖД өкілдері, ардагерлер, қызмет қызметкерлері...

Толығырақ...Details

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

06.05.2025
Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

Төтенше жағдайлар министрлігінде дағдарыстық жағдайларда басқарудың тиімділігін арттыруға, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған...

Толығырақ...Details

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

ҚР Көлік министрлігі мен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ инвестиция мәселелерін нақтылау, іске асыру кезеңдерімен және әуе айлағын одан әрі дамытуға...

Толығырақ...Details

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

06.05.2025
Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

Қазақстан Республика Туризм және спорт министрлиги 2024 года жылдың қорытындысысынша еліміздегі ең танымал спорт түрлері туралы деректерді ұсынды. Статистика бұқаралық...

Толығырақ...Details

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

05.05.2025
5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

Бүгін біз жаңа өмірдің бастауында тұратын жандарды — акушерлерді құрметтейміз! Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 370 мыңға жуық босану қабылданады,...

Толығырақ...Details

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

05.05.2025
ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

Қазақстан ТЖМ ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Осының шеңберінде жергілікті атқарушы органдарды өртке қарсы қорғауды нығайтуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

2 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

3 дня бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

3 дня бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

3 дня бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

4 дня бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

4 дня бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

4 дня бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

4 дня бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

7 дней бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС