"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ИНДИКАТИВТІК ЖОСПАР ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

25.09.2018
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей өңірінде мал шаруашылығын дамытуда серпін бар. Бұрнағы жылдармен салыстырғанда ірі қара басы 4,9 пайызға артса, жылқы саны 10,2 пайызға өсіп отыр. Бұл туралы қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Шақабаев сала мамандары, ауыл әкімдері мен шаруа қожалық иелерінің қатысуымен өткен кездесу барысында мәлімдеді. Кездесуде бөлім басшысы мал шаруашылығының соңғы сегіз айдағы қорытындысымен, субсидиялаудың жаңа ережелерімен таныстырып, жайылымдық жерлердің электронды картасын әзірлеуге қатысты ақпараттармен бөлісті.

Қалаға қарасты барлық ауылдық округтер мен елді мекендерді қоса алғанда, қазір өңірде 58700 бас ірі қара, 76600 бас қой-ешкі, 800 шошқа, 32100 жылқы, 1 млн. 378 мың тауық өсірілуде. Жоғарыда атап өткеніміздей, өткен жыл- мен салыстырғанда ірі қара мен жылқы өсіру ісінде ілгерілеушілік байқалады. Десек те көрсеткіш бұдан әлдеқайда жоғары болуы тиіс еді. Бірақ кейбір округ әкімдерінің салғырттығынан мал басы санынан қателіктер жіберіліп жататынын айтады Нұрлан Шақабаев.

— Биылғы алты айда, ұсақ малды былай қойғанда, алты мыңнан артық жылқы, үш жарым мыңға жуық ірі қара жетпей қалды. Ал статистикалық мәліметтер бойынша, мал басы өсіп отыр, ешқандай кем-кетік жоқ. Кейбір ауыл әкімдері белгілі бір себептермен қырылған мал басына қатысты есепті, енді бірі оңтүстікке жіберілген мал саны көрсетілген анықтаманы өткізбеген. Статистикалық деректердің сәйкес келмей жататыны сондықтан. Қаңтар айынан бері ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі 13 млрд. 502 млн. теңгені, немесе 101 пайызды құрады. Ал өндіріс индексі 97,9 пайызға тең. Бұл нарықтағы бағаға байланысты. Күз айындағы бағалардың өсу науқаны аяқталған бойда өндіріс индексі қайта реттеледі. Тек қазір ауылдық әкімдер мал басын қатаң қадағалап, статистикалық анықтамаларды ауыл шаруашылығы бөліміне және статистика басқармасына тапсырып отыруы шарт,- деді бөлім басшысы.

Жиында айтылғандай, Алғабас, Достық және Озерки округтерінде мал басының саны азайып кеткен. Бұл мәселені Нұрлан Шақабаев бруцеллез індетінің пайда болуымен байланыстырды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі мен ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің келісімі аясында құрылған индикативтік жоспарлау жайы да назардан тыс қалмады. Ел экономикасын дамытуда аграрлық сектор кешенінің стратегиялық мәні зор. Саланы өркендету жолында құрылған индикативтік жоспарды жүйеге келтіру — қазақстандықтар үшін маңызды іс. Индикативтік жоспар деп отырғанымыз — ұзақ мерзімге құрылған жоспарға өзгерістер немесе жаңалықтар енгізу. Осынау жоспар шеңберінде ең бірінші кезекте Ресей Федерациясы мен Өзбекстанға малды экспорттау, сондай-ақ алдағы үш айда етті бағыттағы 500-ге тарта аналық ірі қара мал басын Ресейден импорттау міндеті тұр. Оның 250-і «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ арқылы, тағы 250-і аграрлық несие корпорациясы арқылы жеткізілмек. Осылайша, аймақ басшысының тапсырмасымен жолға қойылған ұзақ мерзімді жоспарлау ауыл әкімдері мен шаруалары шалқып отырған қожалық қожайындарына жауапты міндеттер жүктеп, іргелі істерге ұмтылдырып отыр.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

1 день бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

1 день бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

1 день бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

2 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

2 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

2 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

2 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

3 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС