"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АЛТАЙ INVEST — 2018»: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ

28.09.2018
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өскемен қаласында «Алтай Invest-2018» халықаралық инвестициялық форумы бастау алды. Ауқымды шараға аймақ басшысы Даниал Ахметов, алыс және жақын шетел инвесторлары, қаржы институттарының өкілдері, ұлттық компаниялар мен мекемелердің басшылары қатысты. Жалпы, 20 мемлекеттен 500-ге жуық делегат Шығыс Қазақстан облысына келді. Форум аясында кездесулер, өзекті мәселелер бойынша роуд — шоу, инвестициялық жобалар көрмесі өтіп, меморандумдар мен келісімшарттарға қол қойылды.

«Алтай Invest-2018» халықаралық инвестициялық форумы — Шығыс Қазақстан аймағын дамыту үшін ең үздік инвестициялық жобаларды анықтауға, сондай-ақ облыстың бизнес әлемін кеңейтудегі міндеттерді орындауға әрі басқа елдермен тәжірибе алмасуға таптырмас мүмкіндік.

Инвестициялық көрме барысында әлеуеті жоғары инвесторларға құны 886,2 млрд. теңге тұратын 110 жоба ұсынылды. Олардың дені туризм, өндіріс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, аграрлық өнеркәсіп кешені, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік салаларына бағытталды. Аймақтың тұсауы кесілген инвестициялық, соның ішінде инновация және жаңа технологиялар жобалары қосымша қаржы көздерін тарту арқылы кәсіпорындарын өркендетуді көздейтін компаниялар үшін маңызды болмақ. Мысалы, форумға қатысушыларға бекіре тұқымдас балық, сүт, шұжық өнімдерін, құрылыс және әрлеу материалдарын өндіру бойынша жобалар ұсынылды. Сондағы мақсат – табиғи таза, сапалы өнім шығару.

Форумның пленарлық отырысында жиналған қауым ұсынылған жұмыстарды және шетелдермен арадағы ынтымақтастықты нығайту мәселесін жан-жақты талқылады. Кездесу соңында жалпы сомасы 104 млрд. теңгені құрайтын үш меморандумға қол қойылды.

Сонымен бірге «Алтай Invest-2018» форумы шеңберінде өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, туризм, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік салалары бойынша роуд-шоу ұйымдастырылып, 191,2 млрд-қа 42 келісімшарт жасалды.

— Аймақта әрбір инвесторға ден қойылады, экономиканы көтеру мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмдері және халықаралық қаржы инс- титуттары арқылы инвестиция тартуға байланысты жұмыстар атқарылуда. Осыған орай жыл сайын ШҚО 80 мемлекетпен бірге сыртқы сауда операцияларын іске асырады. Форум қорытындысында жалпы құны 295 млрд. теңге болатын жобаларды жүзеге асыру жөнінде 45 меморандум мен келісімдерге қол қойылды. Жалпы, облыс экономикасының барлық салаларын сандық жүйеге көшіруге, соның ішінде қалалардың және аудан орталықтары көшелерін жарықтандыруды, денсаулық саласын модернизациялау, білім жүйесін цифрландыруға назар аударылып отыр. Аталған жобалар қауіпсіз орта құрып, аймақ тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған,- деп атап өтті Даниал Ахметов.

Облыс Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлесіп 150 млрд. теңге қаржыға түрік әріптестермен бірге Өскемен қаласында 300 орынға шақталған көп салалы аурухана, Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылыстары сынды бірқатар әлеуметтік маңызға ие жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Айта кетейік, жобалық-сметалық құжаттар мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Бүгінде валюталық қауіпсіздік мәселесі Үкімет деңгейінде шешілуде. Сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі бойынша «Сергек» жобасының да маңызы зор. Құны 8 млрд. теңгеден асатын жоба Өскемен, Семей, Риддер, Зырян, Аягөз, Шемонайха қалаларын қамтымақ.

Тың идеяларға, жаңа инновациялар мен инвестицияларға жол ашқан форумның Шығыс Қазақстан үшін мәні зор. Облыс басшылығы инвесторларға қолдау білдіруге әр уақытта дайын екенін жеткізді.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

9 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

9 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

13 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС