"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АУЫЛ ЗЕРЕ ӘЖЕНІҢ ЕСІМІМЕН АТАЛАТЫН БОЛАДЫ

02.11.2018
26
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында М.Әуезовтің атақты «Абай жолы» романын оқығаннан кейін: «Зере мен Ұлжан — Абайдың емес, барлық халық анасы»,- деген екен. Соңғы жылдары  Зере, Айзере есімді қыздарды жиі кездестіруге болады. Бұл да халықтың рухани тұрғыдан жаңара бастауының бір белгісі болса керек. Ырымшыл халқымыз қыз баланың болашақ ана  екендігіне терең мән беріп, Абайдың әжесінің есімі перзентінің тағдырына жарқын жол ашсын деген үмітпен қоятыны белгілі.

Бұрын ұлттың Ұлы анасының есімін тек қыз балаларымыз иеленіп келсе, енді ауыл да Зере әженің құрметіне аталатын болды.

Немерелерінің ішінде ерекше жақсы көріп, еркелеткен: «Е-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыдан кім өткен?» деп басталатын әже ертегісін тыңдап өскен бала Абайдың дана Абайға айналуына ақылды да мейірімді Зере ананың ықпалы ерекше болғаны сөзсіз. Әуезов шығармаларындағы арулар галереясындағы ерекше көркем портрет те осы Зере әженікі.

Таяуда Жарма ауданына қарасты Ақжал ауылдық округінінің орталығы Жаңаөзенде тұрғындардың қаты-суымен өткен жиында елді мекен атауын өзгерту мәселесі қаралды. Аталған ауылға ұлы Абайдың әжесі Зеренің есімін беру жайлы жергілікті тұрғындар арасында бұған дейін айтылып жүрген. Ауыл бұрын Новореченск аталған, кейіннен тура аудармасымен Жаңаөзен ауылы деп өзгертілген. Зере әже Жарма өңірінен шыққан, Өскенбай бидің бәйбішесі, Құнанбай қажының анасы, Абайдың әжесі, азан шақырып қойған аты — Тоқбала, кейіннен Зере атанған. Ұлттың Ұлы анасының есімін ауылға беруге тұрғындар атынан ұсыныс жасаған — округ әкімі Нұрлыбек Әлиясов.

Ұсынысты округ тұрғындары бір ауыздан қолдап, жиынның қорытындысы бойынша, Жаңаөзен ауылының атауын Зере ана есіміне ауыстыру жөнінде шешім қабылданды.

Ескерткіштер ел тарихы дейміз. Нұрлан Сыдықов басшылыққа келгелі Жарма ауданында «Рухани жаңғыру» аясында атқарылып жатқан игі істер өте көп. Солардың қатарында Шарда Абайға, Әуезов кентінде Мұхтар Әуезовке қойылған ескерткіш, Қалбатауда Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасы құрметіне ашылған махаббат мүйісі, таяуда ақын Тұрсынхан Әбдірахмановаға қойылған ескерткіш бар.

Ал бүгін ауылға есімін беруге тұрғындар бастама көтерген Зере әжеге өткен жылы Қалбатауда қойылған немересін аялаған ақ әженің тас мүсінін ескерткіштердің ішіндегі ең шоқтығы биігі деп айтар едік.

Жарма ауданының орталығы Қалбатау — тоғыз жолдың торабында орналасқан ауыл. Ендеше, алыпты дүниеге әкелген ананың рухын асқақтатып тұрған бұл ескерткіштің өткен-кеткен жолаушыларға ой салар- лықтай тәрбиелік мәні де ерекше. Мұхтар Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөзі  де  осы Зере әжеге орай айтылған сияқты.

Аптаның керемет жаңалығы құтты болсын дейміз!

Риза Асанқызы

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС