"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ДАЙЫНДЫҚ ТЕКСЕРІЛДІ

06.11.2018
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бейсенбі, 1 қараша күні республикалық «Қыс-2018» командалық штабтық оқу-жаттығулар аясында шұғыл әрекет ету жасағы құрылып, олардың қыс маусымына дайындығы мен техникаларының жай-күйі тексеріліп, тактикалық жаттығулар өткізілді. Шұғыл жасақтың жедел әрекет ету қабілеті мен техникалық мүмкіндігін қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков та өз көзімен көріп қайтты.

Арнайы жасақтың құрамында төтенше жағдай кезінде халықты эвакуациялауға арналған әскери гарнизон, өрт сөндіру және полиция қызметкерлері, жедел медицина-лық көмек көрсету дәрігерлері, апаттық  жөндеу бригадасы мен жол мамандары, «Қазақтелеком», «Теплокомуноэнерго», «Семей – Водоканал», «Шығысэнерготрейк» мекемелерінің қызметкерлері бар. Мамандардың айтуынша, мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдай кезінде қызметкерлерге ұйымдасып әрекет етуге септігін тигізеді.

— Бұл шара дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылады. Семей қаласының шұғыл әрекет ету жасағы құрылып, олардың техникалармен жабдықталуы тексерілуде. Оқу-жаттығудың мақсаты — қысқы мезгілде болатын әртүрлі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою. Шұғыл әрекет ету жасағы 48 техника мен 100 жеке құрамнан тұрады. Мекемелердің қысқы мерзімге дайындығына жақсы деп баға беруге болады,- деді Семей қаласының ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері Думан Икенов.

Төтенше жағдай кезінде көмекке келетін жеке құрамның, арнайы техникалар мен қондырғылардың қыс мерзіміне дайындығын қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков ТЖБ өкілдерімен бірге тексерді. Шұғыл әрекет етуге техникалық, жабдықтық тұрғыда қаншалықты дайын екендігіне назар аударылды.

— Бүгінде қаламызда адам өмірі үшін маңызды нысандар мен көп қабатты үйлер көп. Біз төтенше жағдай кезінде шұғыл әрекет етуге икемді және жақсы жұмыс істейтін жасақ пен техникалардың бар екеніне көз жеткізуіміз керек. Сол үшін де оқу-жаттығу жүргізілуде. Меніңше, шұғыл әрекет ету жасағы тапсырмаларды орындауға дайын. Қай уақытта болмасын жасақ техникалық және қызметтік тұрғыда кез келген жағдайға дайын болуы керек,- деді Семей қаласы әкімінің орынбасары Николай Ушаков.

Тексеруден кейін арнайы жасақтың төтенше жағдайға дайындығын пысықтау үшін тактикалық оқу-жаттығулар жүргізіледі. Мәселен, Би Боранбай көшесі бойымен Степной кентіне жақын аумақта жылу жүйесі жарылды делік. Салдарынан қаланың Нахаловка көшесінің бір бөлігі мен Степной кенті жылусыз, сусыз, жарықсыз қалды. Жағдайды қалыпқа келтіру үшін тиісті апаттық жөндеу бригадалары қамтылып, 8 техника мен жеке құрамнан 20 адам жұмылдырылды. Су арнасы мен жылу жүйесі жарылған жерлерді жөндеп, оларды қалыпқа келтіру мақсатында дәнекерлеу жұмыстары жүргізілді.

Осылайша, Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғаныс бөлімі мен шұғыл жасақ төтенше жағдайға дайындықтары жақсы екенін байқатты.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС