"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДАНИАЛ АХМЕТОВ: ШҚО МЕДИЦИНА САЛАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА САЙ БОЛАДЫ

13.11.2018
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сенбі, 10 қараша күні Семей қаласына ШҚО әкімі Даниал Ахметов іссапармен келді. Аймақ басшысы сапар барысында Семей әуежайының қайта құру жұмыстарын, өнеркәсіптік нысандарды тексеріп, «Менің аулам» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жұмыстарымен танысып, спорт алаңдарын, Қарағайлы ықшам ауданындағы «Абай Арена» кешенінің құрылыс барысын көріп, бірқатар тапсырмалар берді.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің ісс{jcomments off}{jcomments on}апары 2016 жылдың желтоқсан айында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған әуежайдың қайта құру жұмыстарын тексеруден басталды.  Жобаны іске асыру үшін 10,197 млрд. теңге бөлінген. Бүгінде ұшып-қону жолағы толықтай жөндеуден өтіп, әуежай облысаралық және ауданаралық бағыттардағы ұшақтарды қабылдауда. Қыркүйек айынан бастап Өскемен – Семей – Үржар; Семей — Алматы, Семей — Астана бағыттары бойынша Ан-24 типіндегі ұшақтар ұша бастады.

Жөндеу жұмыстары тамамдалған соң әуежай «В» санатындағы халықаралық ИКАО (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) стандарттарына сай болып, жолаушылар Boeing, Airbus, ИЛ-76 ұшақтарымен қатынайды. Яғни, тәулігіне 25-30 рейске дейін, сағатына 200-300-ге жуық жолаушыға қызмет көрсетуге жол ашылмақ.

— Көріп тұрғандарыңыздай, аэровок-залдың іші мен ұшу алаңдары жаңарып, қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазір әуежайдың сыртқы аумағын қоршау жұмыстары ғана қалды. Оған арнайы жоба қабылданды. Өткен мәслихат сесиясында 300 млн. теңге қаржы бөлінді. Алдағы уақытта тендер өтеді,- деді «Терезе» мердігер компаниясының басшысы Лұқбек Тұмашинов.

Осыдан соң Даниал Кенжетайұлы компания басшысы Лұқбек Тұмашиновке бірқатар тапсырмалар берді.

— Жақсы дизайнер мамандармен жұмыс істеңіздер. Сұрғылт түстерді ашық түстерге ауыстыру керек. Өйткені жолаушылар әуежайдан жеңіл атмосфераны сезінуі керек, — деді Д.Ахметов.

Бұдан кейін облыс әкімі «Менің аулам» бағдарламасы аясында Қостанай көшесі, 79 және Мамай батыр, 92 мекенжайларындағы көп қабатты үйлердің аулаларында салынған спорттық жаттығу алаңдарын көрді. Аталмыш үйлердің тұрғындары Даниал Кенжетайұлына ризашылықтарын білдірді.

— Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті екенін атап өтіп, осыған орай бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Бұл бағытта бізде қандай жұмыстар атқарылды? ШҚО келер жылы медицина саласы бойынша халықаралық стандарттарға сай болатын еліміздегі жалғыз облыс болмақ. Сіздер қалалық Жедел жәрдем ауруханасына барсаңыздар, жаңа құрал-жабдықтармен қамтылғанын көресіздер. Желтоқсан айының соңында мол мүмкіншіліктерге ие гибридті ота бөлмесі ашылады. Мұндай ота жасауға арналған операция бөлмесі Ресей мен ТМД елдерінде жоқ. Демек, облыс халқы шет мемлекеттерге баруға мұқтаж болмайды. Керісінше, олар бізге келетін болады. Аягөз қаласында инсульт орталығы мен үшінші деңгейлі перзент-хана аштық. Зырян қаласы мен ауданы бүгінде Алтай болып өзгертілді. Онда да осындай орталықтар ашылды. Дәрігердің біліктілік деңгейі осыған сай болуы қажет. Мамандардың шет мемлекеттерде білім алуына жағдай жасап отырмыз. Биыл Англиядан 78 дәрігер оқып келсе, келесі жылы 150 маман біліктілігін арттырады. Қаламыздағы дәрігерлер үшін 32 рет шеберлік сыныптары ұйымдастырылды,- деді денсаулық сақтау саласындағы жағымды жаңалықтармен бөліскен Даниал Кенжетайұлы.

Аймақ басшысы Елбасы Н.Назарбаевтың жастардың жаңа технологияларды меңгеруіне көп көңіл бөліп отырғанын атап өтті.  2020 жылға дейін елімізде 1000 IT-сынып ашу жоспарда бар.

— Біздің өңіріміздегі әрбір толық комплектілі мектептерде IT-сыныптар ашылған. Біз роботты сыныптарды бағдарламалау сыныптарымен біріктірдік. IT-технология бағдарламасының франшизасы үшін 2,7 млрд. теңге төлеуіміз керек болған. Қаламыздағы Электротехника колледжінің студенттері бұл бағдарламаны өздері жасады және ол Білім және ғылым министр-лігінде мақұлданды. Нәтижесінде ақша үнемделді, біз оны 52 млн. теңгеге сатып алдық, — деді аймақ басшысы.

Келесі жылдың мамыр айына дейін облыстағы барлық 655 мектепте IТ-сыныптар болады деп күтілуде. Бүгінде өңірде 270 IT-технологиялық сыныптар ашылыпты. «Әрбір тұрғын экономиканың дамып келе жатқанын сезінуі керек. Мен оны сіздерге нақты жұмыспен дәлелдейтін боламын», — деді аймақ басшысы.

Осы жылдың мамыр айынан бастап қаланың негізгі бөліктері жаз мезгілінде де ыстық сумен қамтылды. Сонымен қатар келер жылы қаламыздағы Бейбітшілік аралында тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасайтын спорттық-экологиялық саябақ орнатылмақ.

Бұдан кейін Даниал Кенжетайұлы қаламыздағы Затон, Силикат аудандарын жылумен қамтитын РК-3 қазандығының қайта құру жұмыстарымен танысты. РК-3 қазандығы жақын орналасқан аудандар мен Қарағайлы ықшам ауданын жылумен қамтиды. Алдағы мақсат — жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандарын қамту үшін жылудың таратылу көлемін ұлғайту.

— Қайта құру жұмыстары Қарағайлы ықшам ауданын 40 гигакалориямен қамтуға мүмкіндік береді. Яғни РК-3 қазандығы көп қабатты 45 тұрғын үйі мен әлеуметтік нысандарды, «Абай Арена» спорт кешенін, ондағы балабақшаны жылумен қамтиды, — деді қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Қарағайлы ықшам ауданын жылумен қамтамасыз етудің барлық жолдарын қарастыру туралы тапсырма берді.

Облыс әкімі Даниал Ахметов бұл сапарында Полимерлік өнімдер зауытына да барды. Полиэтилен су құбырлары мен кәріз жүйесіне арналған полипропилен құбырларын, біріктіргіш бөлшектерді жасаумен айналысатын кәсіпорынның жұмыс барысында отандық емес, шетелдік өнімдерді пайдаланатынына көз жеткізген аймақ басшысы Даниал Ахметов зауыт басшылығын сынға алды.

— Зауыт өнімдерінің қолжетімді бағада болып, бәкекеге қабілеттілігі артуы үшін арматураларды Ресейден әкелуді тоқтату керек. Өскемен арматура зауыты өнімдерінің сапасы шетелдік өнімдерден әлдеқайда жоғары және 25 жылға сапа кепілдігі бар. Ресейдің қандай компаниясы 25 жылға кепілдік бере алады? Энергетика басқармасы мен құрылыс басқармасына жағдайды бақылауға алып, Ресейден сатып алуды тоқтатуды тапсырамын,- деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Бұл аймақтағы су құбырларын жасаумен айналысатын компанияларға да қатысты. Биылғы жылы облыстағы су құбырларының құрылысына 17 млрд. теңге жұмсалыпты. Келесі жылы қаржыландыру 28 млрд. теңгеге дейін ұлғаймақ.

— Келесі жылдан бастап «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңға өзгерістер енгізіледі. Баға мен сапа қатар есепке алынатын болады. Сол кезде ешкім бағаны жасанды түрде 30 пайызға төмендете алмайды. Кәсіпорындар бағаны түсіргенде қандай материалдарды қолданатыны белгілі. Нәтижесінде бір жылдан кейін тауар қолданысқа жарамай қалып жатады. Егер бір жылдан кейін бағаны төмендеткіңіз келсе, сол соманы ақшалай түрде дереу бюджетке жіберіңіздер. Бағаны түсіргеннен кейін жобалық-сметалық құжатқа өзгерістер енгізу керектігін айтасыздар. Ескерте кетейін, ешқандай қайта қарау болмайды,- деді аймақ басшысы Д.Ахметов.

Облыс әкімі «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңға өзгерістер енгізілгеннен кейін ұсынылған бағаға бағдарлану мен орындалған жұмыстың сапасына назар аудармау деген болмайтынын баса                                                                                                 айтты. Аймақ басшысының айтуынша, Заңда тағы бір кемшілік бар – бұл тәжірибені есепке алмау.

— Өкішінке орай, Қаржы министрлігінің жаңа бұйрығына сәйкес, кәсіпорындардың тәжірибесі ескерілмей қалды. Мен бұл туралы Үкіметке өтініш білдірдім және «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңның сақталуына қол жеткіземін деп ойлаймын. Енді біз сіздердің жұмыс тәжірибелеріңізді, әрбір тұрғызылған су құбырларын есепке аламыз,- деді аймақ басшысы.

Аймақ басшысы Семейге жұмыс сапарын Қарағайлы ықшам ауданында қорытындылап, осы ауданнан бой көтерген «Абай Арена» мәдени-спорт кешенінің құрылыс барысына оң бағасын берді.

Айта кетейік, 5 мың орынға арналған «Абай Арена» мәдени-спорт кешенінің құрылысы 2019 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп көзделуде.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ.

 

Ұқсас жаңалықтар

Көкпекті халқы таңдаған әкім: Нұрбек Қошқарбаев қызметіне кірісті

26.12.2025
Көкпекті халқы таңдаған әкім: Нұрбек Қошқарбаев қызметіне кірісті

Semeytany.kz - «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» заңына сәйкес 2025 жылдың 26 желтоқсанынан бастап Нұрбек Тұрсынқанұлы Қошқарбаев Көкпекті ауданының әкімі қызметіне...

Толығырақ...Details

Жыл қорытындысы: әскерге шақыру мен әскери қызметтегі цифрлық шешімдер

26.12.2025
Жыл қорытындысы: әскерге шақыру мен әскери қызметтегі цифрлық шешімдер

2025 жылы Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру және азаматтардың мерзімді...

Толығырақ...Details

Қазақстанда туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 38,1%-ға өсті

26.12.2025
Қазақстанда туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 38,1%-ға өсті

Ел Үкіметі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде туризм және спорт салалары бойынша 2025 жылды қорытындылады. Сонымен қатар спорт саласының...

Толығырақ...Details

Елімізде курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді

26.12.2025
Елімізде курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді

2025 жылы еліміздегі 8 негізгі курорттық аймаққа инвентаризация жүргізілді. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылды қорытындылау...

Толығырақ...Details

Елімізде қонақ үйлерді классификациялау жүйесі жаңартылады

26.12.2025
Елімізде қонақ үйлерді классификациялау жүйесі жаңартылады

2025 жылы ҚР Туризм және спорт министрлігі қонақ үй қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған қонақ үйлерді классификациялау жүйесін жаңарту жұмыстарын жүргізуде....

Толығырақ...Details

2025 жылы қазақстандық спортшылар халықаралық аренада 50-ден астам тарихи жетістікке қол жеткізді

26.12.2025
2025 жылы қазақстандық спортшылар халықаралық аренада 50-ден астам тарихи жетістікке қол жеткізді

2025 жылы Қазақстан ірі халықаралық спорттық жарыстар өтетін алаңға айналды. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Көкпекті халқы таңдаған әкім: Нұрбек Қошқарбаев қызметіне кірісті

1 день бұрын

Жыл қорытындысы: әскерге шақыру мен әскери қызметтегі цифрлық шешімдер

2 дня бұрын

Қазақстанда туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 38,1%-ға өсті

2 дня бұрын

Елімізде курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді

2 дня бұрын

Елімізде қонақ үйлерді классификациялау жүйесі жаңартылады

2 дня бұрын

2025 жылы қазақстандық спортшылар халықаралық аренада 50-ден астам тарихи жетістікке қол жеткізді

2 дня бұрын

Қазақстан халықаралық спорт ұйымдарымен өзара іс-қимылды күшейтуде

2 дня бұрын

2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді

2 дня бұрын

2 метр 10 сантиметр: Қазақстандағы алып сарбаз – бойдың ұзындығы қызметке кедергі емес екенін дәлелдеді

2 дня бұрын

МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ЗАҢ КӨМЕГІ

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС