"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЗАЙСАНДА БАЙМҰРАТ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ

13.11.2018
150
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты терең ойлы философиялық еңбегінде: «Біздің  бабаларымыз  ғасырлар бойы ұшқан  құстың  қанаты  талып,  жүгірген  аңның   тұяғы   тозатын  ұлан-ғайыр   аумақты  ғана  қорғаған  жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын − бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті»,− деген болатын,

Тәуелсіздік жолында,  туған жерді қорғау жолында ерен ерліктің үлгісін көрсеткен батыр бабалар  рухына  тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың азаматтық парызы. Сондай батырларымыздың бірі — Баймұрат Бәйімбетұлы.

Баймұрат Бәйімбетұлы Найманның Төртуылынан шыққан, Қабанбаймен үзеңгi қағысып, бiрге соғысқан. Көкжал Барақ,  Батыр  Баян, Ер Жәнiбек, Бердiқожа, Олжабай, Дәулетбай, Шынқожа сияқты Абылайдың үміт артқан әйгiлi батырларының бiрi болған. Шамамен 1709 жылы туып, 1784 жылдарда қайтыс болған деген дерек бар. Кезiнде жоңғардан азат етілген Барқытбелдiң баурайына өз халқын бастап барып қоныстандырған ру көсемiнің сүйегi Шәуешектен 50 шақырым жердегi Қытайдың Құлыстай өңіріндегі Күжiбай аңғарында жатыр.

Сонымен, өткен аптада Зайсанда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында үлкен іс-шара өтті. Бұл іс-шараның шеңберіндегі шоқтығы биігі жоғарыда айтып өткен Баймұрат батырға қойылған ескерткіш болды. Баймұрат Бәйімбетұлына аудан орталығынан көрнекті жерге ескерткіш орнату жөнінде бастама көтергендер аз емес. Дегенмен зайсандық кәсіпкер, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Болат Нұрасыл мен Зайсан ауданының Құрметті азаматы, абайтанушы, қаламгер, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі Қалибек Алтыбайдың есімін ерекше атап өткен орынды деп есептейміз. Жақсы бастама көпшілік тарапынан қолдау тауып, еліміздің әр түкпірінде тұратын Зайсан ауданының тумалары, Астана, Алматы, Семей, Өскемен қалалары мен көршілес Күршім, Марқакөл, Үржар аудандарының азаматтары да ұйымшылдықпен атсалысып, арнайы ашылған қорға қаржылай үлестерін қосты.

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз» романын оқыған қауым Баймұраттың ерлігінен хабардар. Аталған шығармада Баймұрат батырдың «Нарқызыл» деген атпен қазақ даласында болған шешуші жойқын шайқастардағы ерлігі баяндалады. Қабанбайдың шешімімен ортадағы қолды Дәулетбай, оң қолды Шынқожа, сол қолды Баймұрат басқарған. Ер Қабанбайдың қасында жүріп, жоңғарға қарсы шабуылда ерлік көрсеткен батыр бабаның жауынгерлік жолы ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Несіпбек Айтұлының, марқұм Ғалым Байбатыровтың шығармаларына да арқау болған.

Зайсан қаласының кіреберісіндегі көрнекті жерден орын алған Баймұрат Бәйімбетұлының ескерткіші тоғыз жолдың торабында, өткен-кеткен жолаушыға көне тарихтың шежіресінен сыр шертіп, Тәуелсіздіктің қадірін білуге, жас ұрпақты Отанын сүюге үндеп тұрғандай әсерде қалдырады. Бұл орайда аудан әкімі Темірбек Қасымжанов бастаған  сала басшылары да ескерткіштің орнын белгілеу мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарағанын ерекше айту қажет. Тарихтан тағылым беретін бұл ескерткіштің авторы — жас болса да талантты туындыларымен талайды тамсандырып үлгерген семейлік мүсінші Нұрбол  Қалиев.  Ескерткіштің ашылуына жиналған халық оның еңбегіне жоғары баға берді.

Өткен аптадағы бейсенбі, жұма күндері өткізілген «Атадан мұра құт мекен — Атамекен нұр Зайсан» атты аудан күндеріне арналған мерекелік шаралардың ішіндегі ең маңыздысы — осы ескерткіштің ашылуы. Бұл аудан тарихындағы айтулы оқиға болды.

Осындай қуанышты сәтке ортақтасып, баба рухына тағзым етуге, кіндік қаны тамған туған жерлеріне деген сағыныштарын арқалап алыстан ат терлетіп келгендердің де қарасы аз болған жоқ. Сондай қонақтардың қатарында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қабдеш Жұмаділов, Зайсан өңірінің төл тумалары — ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетов, Зайсан ауданының Құрметті азаматы, ақын, журналист Заманбек Әбдешов, Әбетхан Тоқтағанов, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры Дәлел Уәшев, әнші Бауыржан Құмарбеков, ақын Алмас Ахметбекұлы, Үржар ауданы әкімі аппаратының басшысы Найманғазы Қараталов, Күршім ауданының, Риддер қаласының мәслихат хатшылары және басқа да көптеген танымал жерлестеріміз бар.

Жұма күні аудандық Мәдениет үйінде өткізілген Абылайханның шеп бұзар батырларының бірі болған Баймұрат Бәйімбетұлына арналған ғылыми конференцияға қатысушыларды аудан әкімі Темірбек Қасымжанов, жазушы Қабдеш Жұмаділов, ақын Ұлықбек Есдәулетов, тарихшы Ахмет Тоқтабаев, Баймұрат батыр қорының директоры Қалибек Алтыбаев, 90-шы жылдары ауданды басқарған Тияс Түсіпов және басқалар құттықтап, батыр бабамыз туралы тарихи деректерден ғылыми негізде баяндамалар жасады.

Аудан әкімі Темірбек Жұмақұлұлы алыстан арнайы келген құрметті қонақтарды, Баймұрат батырға ескерткіш тұрғызуға демеуші болған азаматтарды сахна төріне шақырып, жұртшылықтың атынан алғыс айтты, қазақтың жолымен иықтарына шапан жауып, сый-сияпат көрсетті, арнайы жасалған мерекелік төсбелгімен марапаттады.

Алматыдан келген ақын, «Көк тудың желбірегені» патриоттық әнінің сөзін жазған Алмас Ахметбекұлы, әнші Дәлел Уәш Баймұрат Бәйімбетұлына арнаған сиясы кеппеген өлеңдерін оқыды.

Конференция барысында Баймұрат батыр қорының директоры ретінде барлық істі ұйымдастырып, оның басы–қасында жүрген қаламгер Қалибек Қизатұлына ерекше құрмет көрсетілгенін атап айтқан жөн.

Конференциядан кейін жиналған қауым батыр бабаның ескерткіші қойылған жерге келіп, «Жастар поэзия» театрының Баймұрат Бәйімбетұлының ерлігін бейнелейтін қойылымын тамашалады. Үржар ауданы әкімінің атынан аппарат басшысы Найманғазы Қараталов сөз кезегін алып, Баймұрат батырға ескерткіш орнату жұмысына атсалысқан азаматтарға шапан жауып, ат мінгізді.

Одан кейін қаладағы «Жұлдыз» мейрамханасында белгілі кәсіпкер, «Зайсан Құрылыс компаниясы» ЖШС-нің директоры Болат Нұрасыл батыр баба рухына арнап ас беріп, Құран қатым түсірді.

«Рухани жаңғыру» аясындағы аудан күндері мерекесі аймақтық айтысқа ұласты.

Зайсанның кіреберіс қақпасындағы батыр бабаға қойылған еңселі ескерткіш Ұлы Далаға айбат беріп, бабаларымыздың ерлігі мен батырлығын айдай әлемге паш етіп, асқақтап тұр.

Ардақты БӨЛДЕКБАЕВА, Зайсан ауданы

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

1 час бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2 часа бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

2 часа бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

2 часа бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

3 часа бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

13 часов бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

1 день бұрын

Ақпараттық хабарлама

2 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

2 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС