"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БИЛЕР КЕҢЕСІ ҚАЙТА ҚҰРЫЛМАҚ

13.11.2018
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жұма, 9 қараша күні қалалық әкімдік ғимаратында, Елбасы Н.Назарбаевтің тапмырмасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев пен Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов дауды баламалы әдістермен реттеу институтын дамыту  туралы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Қазіргі таңда қоғамда дау мен жанжалдардың көбеюіне байланысты, оларды шешу мен реттеудің тиімді әдістерін табу өзекті әрі маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Елбасымыз Н.Назарбаев сотта қаралатын даулар санын қысқарту, оларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, отандық сот төрелігін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін татуласу рәсімдерін және медиацияны дамыту маңызды екендігін атап көрсеткен болатын. Бүгінде дауларды шешудің баламалы әдісі, оның ішінде медиация  белсенді түрде қолданылады. Медиацияны қолданудағы негізгі міндет  — ақ пен қараны анықтау емес, керісінше, ерікті түрде татуластыру.

— Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей тапсырмасына сәйкес, тиісті жұмыстар басталып, іске асуда. Бүгінгі басқосу — соның дәлелі. Яғни біздің алдымызда сот тәртібімен қаралуға жататын дауды азайту міндеті тұр. Соттан тыс реттеудің баламалы жолдарын, оның ішінде екі жақты келісім және медиацияны дамытуымыз керек. Тиісті заң қабылданды. Жұмыстарымыз басталды. Тәжірибе көрсеткендей, көптеген мәселелерді сотқа дейін жеткізбей реттеуге болады. Әкім ретіндегі тәжірибемде келіп түскен сұрақтардың көпшілігін осы институт арқылы шешуге болатынына көз жеткіздім. Бірлескен жобаны іске асыру үшін барлық жағдай жасалады,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының айтуынша, билер сотының мәртебесі қайта жаңғыртылмақ.

— Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде сот төрелігінің жеті саласы бар, олардың біреуі сотқа дейін және сотта қоғамдағы жанжалдарды азайту үшін іске асырылады. Бұл жобаның негізгі бағыты — дауды сотқа жеткізбей шешудің ауқымын кеңейту, сондай-ақ билер кеңесін қайта құру. Билер кеңесі болғаны тарихтан белгілі. Жоғарғы Сот енгізген өзгерістерді ескере отырып, бұл институт жандандырылуы мүмкін. Сот билігі жоспарланған соттық міндеттемелерді жалғыз өзі іске асыра алмайды. Оған жергілікті атқарушы органның қолдауы қажет. Сондықтан Ермак Бидахметұлына соттың алға қойған міндеттерін іске асыруда қолдау білдіргені үшін алғыс білдіреміз, — деді Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев пен Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов дау-дамайды баламалы әдістермен реттеу институтын дамыту туралы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Бұдан кейін заң саласы қызметкерлері баламалы әдістермен реттеу институтын дамытуға қатысты ойларымен бөлісті.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, {jcomments off}«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС