"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОН САУСАҒЫНАН ӨНЕР ТАМҒАН ШЕБЕР

13.11.2018
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «100 жаңа есім» жобасының мақсаты – «жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсыну».

Өзінің еңбегімен, білімімен, талантымен ел дамуына зор үлес қосып, әр салада табысқа жеткен азаматтар біздің қаламызда да баршылық. Солардың бірі — Абылайхан Қалқаұлы.

Невзоровтар отбасы атындағы музейде мәдени және рухани құндылықтарды сақтау және жергілікті қолөнершілерімізді қолдау мақсатында ескіліктен жаңашылдық іздеген, қажетсіз заттан ерекше туынды жасап шығаратын қаламыздағы он саусағынан өнер тамған шебер Абылайхан Қалқаұлымен кездесу кеші ұйымдастырылды. «Көнені керек етпесең, жаңа табылмайды»,- деп Шәкәрім бабамыз айтқандай, қазіргі таңда елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық мәдениетіміз, қолөнеріміз қайта түлеуде.

Көненің мұрасын жаңғыртып жүрген қолөнер шебері Абылайхан Қалқаұлының есімі «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енген. Абылайхан Қалқаұлы — қолданбалы өнер туындыларының жасалу технологиясын терең зерттеп, ізденіп, қолда бар шикізат көздерін оңтайлы пайдалана отырып қолөнер бұйымдарын дайындап, халық арасында насихаттап келе жатқан Семей қаласындағы бірден-бір тұлға. Ерік-жігері мықты азамат тағдырдың ауыр сынағына мойымай, тынбай еңбектеніп, өзінің қайталанбас қолөнер туындыларымен талайды таңдай қақтырып келе жатыр.

Жиынға Бизнес және сервис колледжі, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің «Дизайн және бейнелеу өнері» факультеті студенттері, сонымен қатар аталмыш оқу орындарының оқытушылары және қолөнер шеберлері Сағат Адылханұлы мен Құрман Абайұлы қатысты.

Абылайхан аға тағдырдың қатал сынағына ұшырап, 37 жасында мүмкіндігі шектеулі жандар қатарына қосылады. Бірақ мойымай, өмір үшін күресіп, жаңа өмір бастайды.

— Тағдыр маған үлкен сынақ жіберді. Бірақ мен мойымадым, ешкімге ренжіп кінә артпадым. Керісінше, аяқтан тез тұрып кетуге талпындым. Жатпай-тұрмай жаттығуымның арқасында 3 жылда балдаққа сүйенерліктей жағдайға жеттім. Қанша ауыр болса да өз бетімше жүріп-тұруға өзімді-өзім қамшыладым. Бәріне шыдап, ауруыммен күрестім, өйткені мен өмірді сүйдім,- деген шебердің ғибратқа толы әңгімесі жастардың жігерін жаныды.

Темірден түйін түйген Абылайхан шебер тағдырдың жазуымен қолөнер жолына бір жола түседі. Алдына нақты мақсат қойған қайсар жан осы өнердің қыр-сырын жетік меңгеру үшін арнайы ізденіп, 6 жыл көлемінде атақты шебер Дәркембай Шоқпарұлынан сабақ алады.

«Еңбек бәрін жеңбек» деген сөздің шындығына көз жеткізген Абылайхан ағамыз өмірге деген құштарлығы мен еңбекқорлығының арқасында өз ісінің шебері атанды. Ағаның өмірі қоғамдағы он екі мүшесі сау бола тұра бос жүрген адамдарға ой салары анық. Шебер зергерлік өнер, тері өңдеу, сүйек ұқсату, ағаш ұқсату, темір балқытып қару-жарақ соғу секілді қолөнердің алуан түрлері жайлы әңгімелеп, өз қолымен жасаған туындыларын көрсетті. Ерекше қызығушылық танытқан жастардың қойған сұрақтарына Абылайхан тұшымды жауаптар берді.

Кездесу барысында қатысушылар назарына шебердің жеке өмірі мен ұстаханадағы жұмысы жайлы арнайы әзірленген бейнебаян, слайд суреттері ұсынылды.

Абылайхан Қалқаұлы көненің мұрасы қазақ халқының қолданбалы өнерін  жаңғыртып, жетілдіріп, халық назарына жаңа үлгіде ұсынуға қашанда әзір екенін айтады. Сонымен қатар осы өнерді жастарға насихаттап, алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнап бір шеберхана ашсам деген ойын да жеткізді.

Қолөнер шеберлері Сағат Адылханұлы мен Құрман Абайұлы да қолөнер туралы әңгімелеп, Абылайхан Қалқаұлына жылы лебіздерін білдірді.

Шара соңында музей қызметкерлері Абылайхан Қалқаұлына алғыс айтып, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі әзірлеген «Қазақстанның бейнелеу өнері» атты каталогін сыйға тартты.

Ә.ӘБІЛХАНҚЫЗЫ, {jcomments off}Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің маркетинг және ағарту бөлімі қызметкері.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС