"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙДЕ ЖЫЛУ АҚЫСЫ ҮШ ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕДІ

16.11.2018
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада қалалық әкімдікте тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Жиынға Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Қайрат Оразбаев, қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков, «Семей — Водоканал» МКК директоры  Еркен Сағындықов, «Теплокоммуноэнерго» МКК басшысының орынбасары Жанғазы Алипбаев және қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қала тұрғындары үш жыл бойы коммуналдық шығындардың негізделмеген тарифі үшін 29 млрд. теңге төлеп келген. Естеріңізге сала кетейік, осы мәселеге байланысты қараша айының басында Елбасы Ақордада жиын өткізіп, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу мен бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті департаментінің жұмысын сынға алды. Әдетте, жабық есік жағдайында өтетін Қауіпсіздік кеңесінің отырысы сол кезде бұқаралық ақпарат құралдарында бастан-аяқ ашық көрсетілген болатын. Себебі қаралған мәселе мемлекеттік құпия емес, халықтың қалтасын қаққан қаражатқа қатысты еді. Иә, еліміздің тұрғындары үш жыл бойы коммуналдық қызметтерге 2 есе артық төлеп келген. Ашып айтсақ, жылу мен судың бағасы 2009 жылдан бастап қымбаттаған болатын. Мемлекет  тозығы жеткен құбырлар мен желілерді жөндеу үшін осындай қадамға барды. Бірақ бағдарлама 2015 жылы аяқталу керек еді. Алайда тариф құны төмендетілмей, сол күйінше қалған. Бұл мәселені анықтауға Президент Бас прокуратураға тапсырма берген. Тексерістің қорытындысы көңіл көншітпейді. Тариф құнын қымбаттатудың  нәтижесінде тозығы жеткен желілер мен газ құбырларының саны  80 пайыздан 53 пайызға дейін азайды. Десе де бірқатар былықтардың беті ашылды. Бұл ретте Елбасы қаржыны жымқырған мекемелерді жауапқа тартып, әрбір өңірде тарифтерді төмендету бойынша тиісті шараларды қолдануға тапсырма берген болатын.

Міне, осы тапсырмаға орай, Шығыс Қазақстан облысы бойынша коммуналдық мекемелер өкілдерінің қатысуымен тарифтік смета бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізіле бас-тады. Бұған дейін осындай жиындар Өскемен, Зырян, Риддер қалаларында өткізілді.

Семей шаһарындағы жиын барысында алғашқы болып сөз алған «Семей — Водоканал» ММК директоры Еркен Сағындықов соңғы үш жылда атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Кәсіпорын басшысының айтуынша, мекеме электр жарығын едәуір үнемдеуге қол жеткізген. Сондай-ақ тұрғындардың көпшілігі есептеу құралдарын орнатқандықтан, су тұтыну мөлшері төмендеген. Яғни, халық суды үндемеп жұмсай бастаған. Бүгінде қаладағы абоненттердің 91 пайызы суды үнемдеуге мүмкіндік беретін есептеу құралдарымен қамтылған.

Ал қаланы жылумен қамту мәселесіне байланысты айтар болсақ, биыл «Теплокоммуноэнерго» мекемесіне Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыстық департаменті айыппұл салды. Кәсіпорын өз турбинасын іске қосу арқылы 96 млн. теңгенің электр қуатын үнемдеген.            Әйтсе де бұл туралы департаментке ескертпеген. Құжат бойынша, қаражат электр қуатын сатып алуға жұмсалуы тиіс болатын. Прокуратура заң бұзушылықты анықтап, мекемені жылу ақысын 3 пайызға төмендету арқылы тұрғындармен қайта есеп айырысуға міндеттеді. Негізі, бұл құқық бұзушылықтар сметалық есептеулердің дұрыс жасалмауынан туындаған. Енді өтемдік тариф қаламызда бір жылға дейін қолданылатын болады.

Қуандық НӘДІРБЕКҰЛЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС