"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БІЛІМ БЕЛЕСІН БАҒЫНДЫРҒАН 20 жыл

16.11.2018
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл 20 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті — еліміздегі іргелі оқу орындарының бірі.Осы жылдар ішінде университет білікті басшы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Шырын Асылханқызы Құрманбаеваның жетекшілік етуімен талай белестерді бағындырып, биік жетістіктерге жетті.

1998 жылдың 1 шілдесінде Қазақ мемлекеттік заң университетінің ректоры, профессор Н.Ә.Шайкеновтің бұйрығымен Семейде аталмыш оқу орнының филиалы ашылды. Филиал директоры болып тарих ғылымдарының кандидаты Құрманбаева Шырын Асылханқызы тағайындалған еді. Міне, осы кезден бастап Шығыс Қазақстан облысында жоғары білімді заңгерлер дайындала бастады.

2000 жылы филиал Семей заң институты мәртебесіне ие болды. Сол жылы әртүрлі жастағы 276 студент заңгер мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды. Олардың арасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Маркен Жақиянұлы Шайжүнісовтің есімін атап айтқан орынды.

2001 жылы филиал құрамында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы мен заң кафедрасы болды. Сол уақыттарда күндізгі оқу бөлімінде 440 студент болса, оның 102-сі мемлекеттік тілде білім алды. Ал сырттай бөлімде 527 студент оқыды. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп отырды.

Сол жылдары Семей заң институтыныңекі оқу корпусы ғана бар еді. Тарихы ХІХ ғасырдан бастау алатын Абай, 94 мекенжайында орналасқан оқу ғимараты — жергілікті маңыздағы тарихи-архитектуралық ескерткіштердің бірі. Бұл ғимарат 1894 жылы 18 қыркүйекте төрт сыныпты ерлер гимназиясы ретінде ашылған болатын. «Алаш» партиясының негізін қалаушылардың бірі, қазақтан шыққан тұңғыш математик Әлихан Ермеков 1906 жылы осы гимназияға оқуға қабылданып, алтын медальмен тамамдаған. Сонымен қатар Халел Ғаббасов, өлкетанушы, мұғалім А.Белослюдов сынды көптеген зиялы қауым өкілдерінің аталмыш оқу ордасынан білім алып шықты.

1919-1934 жылдар аралығында бұрынғы гимназия ғимаратында 11-ші Сібір корпусы атаманы Анненковтың штабы, кейіннен Кеңес Одағының әскери-революциялық штабы орналасты. 1934 жылдан гимназия өмірі қайта жанданып, білім мен ғылым ошағына айналады. Бұл ғимарат 2000 жылға дейін педагогикалық институтқа тиесілі болды. Одан кейін нысан  Семей заң институтының қарамағына берілді. 2001 жылы институт иелігіне көшкен Шмидт көшесіндегі екінші оқу ғимараты 1966 жылы салынған.

2002 жылы оқу орнында 76 оқытушы қызмет істесе, оның 11-нің ғылыми дәрежесі болды. 2002 жылы алғашқы 117 заңгер институтты тамамдады. 2003 жылы институттың күндізгі және сырттай оқу бөлімінде 1500-ден астам студент білім алды.

Институт студенттерінің өмірі қызықты әрі жарқын сәттермен ерекшеленді. 1999 жылдың қазан айында оқу орны қабырғасында Сәуле Айтмұхаметованың басшылығымен «Өркениет» студенттік пікірталас клубы құрылды. Кейіннен Думан Жампейісов, Ринат Кемешев, Бауыржан Рахымжановтар клуб жұмысын әрі қарай жандандырды. Айдын Жанболатов, Жәнібек Бақтияров, Семен Симоненко, Олеся Абраменко және тағы басқалары белсенділікпен жұмыс жүргізіп, қалада дебат клубтарының өркендеуіне айтарлықтай үлес қосты.

Оқу орнында әскери кафедра, сонымен қатар қала халқына тегін кеңес беретін құқықтық клиника жұмыс істеді.

«Қазақстандық Жас Заңгерлер Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігіне мүше болған институт студенттеріне шығармашылық және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға үлкен жол ашылды. Аталмыш бірлестік азаматтық қоғамды дамыту саласында заң бағытындағы өңірдегі жалғыз үкіметтік емес ұйым еді. Ассоциацияның бірінші директоры Думан Жампейісов, бас хатшысы Жәнібек Бахтияров болды. Бірлестік жұмысын одан әрі жандандырған Жасұлан Сарсебаев, Марат Кабаков, Диас Смағұлов және басқалары жас заңгерлердің басын қосып, олардың кәсіби шеберліктерін дамытты.

2007 жылы жоғары оқу орындарын оңтайландыру үрдісіне байланысты Семей қаласының заң институты мен М.Әуезов атындағы университет біріктіріліп, 2009 жылғы 6 ақпаннан оқу ордасының атауы «Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті» деп өзгертілді.

Саясаттану ғылымдарының док-торы, профессор Ш.Құрманбаева оқу орнын президент мәртебесінде басқарды. Ректор қызметіне техникалық ғылымдар докторы, профессор, ҚР және РФ білім беру саласының құрметті қызметкері Серік Ниязбекұлы Түменов тағайындалса, техникалық ғылымдар докторы Клара Сауыққызы Жарықбасова оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, педагогикалық ғылымдар кандидаты, доцент Ерғали Кабдуллинұлы Есенжолов әлеумет және тәрбие жұмысы жөнінде проректор болып бекітілді. Жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық және ғылым орталығын педагогикалық ғылымдар докторы Сәуле Нұрқасымқызы Нұрқасымова басқарды.

Бүгінде ҚазИГЗУ — жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамы бар еліміздегі көпсалалы жоғары оқу орындарының бірі. Білім ордасы аймақтың индустриялы-инновациялық дамуына өзіндік үлес қосатын әртүрлі бағыттағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрларды даярлап шығаруда. 2010 жылы ҚазИГЗУ Италияның Болонья қаласында университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. Сонымен қатар университет халықаралық білім беру ассоциацияларының мүшесі болып табылады. Болон үрдісінің қағидаттарын енгізу негізінде жалпы білім беру кеңістігінің интеграциясына септігін тигізетін Ресей, Қырғызстан, Түркия, Италия, Ұлыбритания жоғары оқу орындарымен  әріптестік туралы келісімшартқа отырды.

Университетте халықаралық білім беру стандарттарын жетілдіру бағытында бірқатар маңызды қадамдар жасалды. Оқу орны еліміз-де тұңғыш рет Интеграцияланған білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлаудың пилоттық тәжірибесін жүргізу құқығына ие болды. Нәтижесінде студенттер бес жыл ішінде күнгізгі оқу бөлімінде екі мамандық бойынша мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес диплом алып шығу мүмкіндігіне қол жеткізді.

Университетте мемлекеттік грантпен білім алушы студенттер қатары жыл санап артып келеді. 2018 жылы олардың саны 413-ке жетті. Оның ішінде мемлекеттік «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша 2016 жылы 39 студент, 2018 жылы 345 студент оқыды.

Бүгінде университетте бакалавриаттың 28, магистратураның 9, докторантураның 6 мамандығы бойынша 5000-ға жуық студент білім алуда. Гуманитарлық, заң, ақпараттық-технология және экономика факультеттері және 12 кафедра жұмыс істейді. Университет 7 оқу корпусымен, 400 орынға арналған Студенттер үйімен, бай кітапхана қорымен, спорт кешенімен қамтамасыз етілген. Жатақхана бөлмелері бүгінгі заман талабына сай жабдықталған. 2011 жылы ҚазИГЗУ жанынан әскери кафедра  ашылды. Оқу ордасында «Универ-ситет хабаршысы» ғылыми журналы шығарылады.

Білім ордасында студенттердің күшімен дайындалған кәсіпкерлік жобаларды іске асыру және дамыту бағытында «Бизнес инкубатор» жобасы сәтті жүзеге асуда. Сондай-ақ университет қабырғасында құрылған «Жас заңгерлер достастығы» қоғамдық қорының мүшелері соңғы жылдары ШҚО ішкі саясат басқармасының 6 грантын жеңіп алды.

Қор ШҚО-ның Жас мемлекеттік қызметкерлер ассоциациясымен, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының облыстағы филиалымен, ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының стипендиаттары ассоциациясының ШҚО-дағы филиалдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Осы 20 жыл уақыт аралығында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті еліміздің әр түкпірінде сан салада қызмет етіп жүрген 40 мыңнан астам маманды даярлап шығарды. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Еуропа, Азия, ТМД мемлекеттерінің, АҚШ-тың бірнеше жоғары оқу орындарымен әріптестік қарым-қатынас орнатылып, студенттердің шетелдерде білімін ұштап, кәсіби шыңдалуына жол ашылды.

Соңғы 5 жыл ішінде оқу мен ғылым саласында, қоғамдық өмірде үздік нәтиже көрсетіп, жетістікке жеткен күндізгі оқу бөлімінің 35 студенті ҚР Президентінің стипендиясына ие болды. Әрине, мұның бәрі университеттегі білім беру деңгейінің жоғары екенін айғақтайды.

Сөз соңында университет ұжымын 20 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, толайым табыстар тілегіміз келеді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы».{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына еніп, дамыған жүйелер арасындағы позициясын нығайтып жатыр

08.04.2026
Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына еніп, дамыған жүйелер арасындағы позициясын нығайтып жатыр

Қазақстан Insider Global Education Index рейтингінде 0,092 балл жинап, 18-орынға ие болды және тұрақты дамып келе жатқан әрі халықаралық деңгейде...

Толығырақ...Details

Қазақстанда Мемлекеттік басқару академиясына қабылдау басталды

08.04.2026
Қазақстанда Мемлекеттік басқару академиясына қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 маусымға дейін жалғасады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі...

Толығырақ...Details

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

08.04.2026
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалар қаупін азайту орталығының базасында Қазақстан тарапының төрағалығымен Орталық Кеңестің он сегізінші отырысы өтті. Отырыс жұмысына...

Толығырақ...Details

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

08.04.2026
Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматы облысындағы туристік...

Толығырақ...Details

Абай облысында діни ғимараттардың қорғалуын қамтамасыз ету шаралары талқыланды

08.04.2026
Абай облысында діни ғимараттардың қорғалуын қамтамасыз ету шаралары талқыланды

Абай облысында террористік тұрғыдан осал объектілер қатарына жатқызылған діни ғимараттардың қорғалу деңгейін қамтамасыз ету бойынша жұмыс күшейтілді. Кезекті жұмыс кездесуіне...

Толығырақ...Details

Балконды жөндеуден кейін анықталған кемшіліктер жойылмағанына байланысты Абай облысында соттың қаулысы шықты

08.04.2026
Балконды жөндеуден кейін анықталған кемшіліктер жойылмағанына байланысты Абай облысында соттың қаулысы шықты

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 35-бабының 4-тармағына сәйкес, жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) оны орындау (көрсету) барысында табылған кемшіліктер және...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына еніп, дамыған жүйелер арасындағы позициясын нығайтып жатыр

6 часов бұрын

Қазақстанда Мемлекеттік басқару академиясына қабылдау басталды

8 часов бұрын

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

8 часов бұрын

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

8 часов бұрын

Абай облысында діни ғимараттардың қорғалуын қамтамасыз ету шаралары талқыланды

14 часов бұрын

Балконды жөндеуден кейін анықталған кемшіліктер жойылмағанына байланысты Абай облысында соттың қаулысы шықты

14 часов бұрын

Жаңасемей ауданында тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасып келеді

14 часов бұрын

Жаңасемей ауданында ауыз су жүйесі кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр

14 часов бұрын

Жаңасемей ауданында көшелер жарықтандырылып, абаттандыру жұмыстары күшейді

14 часов бұрын

Тоқаев Таяу Шығыстағы бітім туралы келісімді құптады

15 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС