"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ

20.11.2018
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі, 14 қараша күні «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес, республика бойынша алғаш рет бір уақытта жалпыхалықтық диктант жазу шарасы өтті. Аталмыш шараға Семей қаласының жұртшылығы да белсене қатысты.

Семей мемлекеттік медицина университетінде өткен диктант жазуға 250-ден астам адам келсе, жалпы қала бойынша 20 мың мемлекет, медицина, әскери бөлімдердің, прокуратура саласының, мәдени мекемелердің, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері, қалалық Достық үйінің ұжымы және ЖОО мен колледждердің оқытушылары мен студенттері, мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты.

«Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасын іс-тәжірибеде жан-жақты қамтумен қатар, жаңа ережеге бейімдеу-ді мақсат ететін диктант жазу шарасы латын графикасына негізделген әліпбиді жылдам меңгеруге үндейді.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожинаның айтуынша, диктант нәтижесінде кімнің қаншалықты сауатты жазғандығын анықтау басты шарт емес.

— Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен латын қарпіне халықтың дұрыс көзқарасын қалыптастыру, олардың үйрену деңгейін байқау, қызығушылықтарын ояту мақсатында түрлі шаралар өткізіліп жатыр. Солардың бірі — осы жалпыхалықтық диктант. Жазылған диктантқа баға қойылмайды. Шара соңында қатысушыларға диктанттың дұрыс нұсқасы беріліп, әрбір қатысушы өзі жазған мәтінді өзі тексереді. Бұл — латын қарпіне көшуге мониторинг жүргізу мақсатында ұйымдастырылып отырған шара,- деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина.

Диктант жазу үшін «Рухани жаңғыру» тақырыбындағы 90 сөзден тұратын аудиомәтін тыңдалды.

— Елбасының Жарлығымен латын қарпіне негізделген жаңа қазақ әліпбиі бекітілген болатын. Бүгін сол шараның аясында барлығымыз жиналып отырмыз. Жастар үлкендерге қарап үйренеді, үлгі алады, сондықтан осында әдейі келдім. Мұндай шараға мен сияқты жетпістен асқан адамдардың қатысуы жастарға ой салады. Латын қарпіне көшуді қолдаймын және диктант жазу еш қиындық тудырмайды деген сенімдемін,- деді жалпыхалықтық диктантқа қатысушы «Әмина» Семей қаласы мұсылман әйелдері қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлжихан Жұматаева.

Диктант жазу аяқталған соң қатысушыларға «Рухани жаңғыру» мақаласының дұрыс нұсқасы беріліп, нәтижесін тексеріп көру ұсынылды.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС