"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МАРАТ САНДЫБАЕВ: ОБЫРДЫ ЕМДЕУДІҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

20.11.2018
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ШҚО  онкопатологиялық аурулармен сырқаттану бойынша Солтүстік Қазақстан мен Павлодар қаласынан кейін көш бастап тұр. Халық арасында «жаман ауру» атанып кеткен обырды емдеуде және алдын алуда қолданылатын ем-шаралар мен заманауи технологиялар жайында оқырмандарды хабардар ету мақсатында Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығының басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Марат Сандыбаевпен сұхбаттасқан едік.

— Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында медициналық қызмет   халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті екенін атап өтіп, медициналық қызмет сапасын арттыру бағытында бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Өзіңіз басқарып отырған Ядролық медицина және онкология орталығында осы тапсырмаларды орындау мақсатында қандай жұмыстар іске асуда?

{jcomments off} Бүгінде қатерлі ісік ауруына шалдыққандарды ерте кезеңде анықтау мүмкіндігі артып келеді. Бұл онкологиялық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен медициналық қызмет көрсету сапасының жақсаруымен байланысты. Себебі бұрын қатерлі ісік ауруларының 800-1000 жағдайын анықтаған болсақ, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш скринингтік, профилактикалық, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында тексеру сынды шаралар арқылы екі есеге артты. Бүгінде, емдеу нәтижесінің жақсаруына орай, науқастар екі есе ұзақ өмір сүре                                                                     бастады.

Онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында біздің орталықта сүт безі, өкпе, ішек обырын емдеудің тиімді технологияларын енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Мысалы, қазіргі уақытта біздің орталықта желілік үдеткіште жоғары технологиялық сәулелік терапияның барлық спектрі енгізілді. Сүйекішілік брахитерапия (өңеш, көмей, тікішек, жатыр мойны обырында) әдістері енгізіліп, хирургиялық емдеудің ең аз инвазивті әдістері кеңінен қолданылады. Емделушілерімізге және олардың туыстарына кәсіби деңгейде психологиялық, психотерапевтік көмек көрсетіледі, бұл емдеу кезінде жақсы нәтижеге қол жеткізуге септігін тигізеді.

Обыр диагнозы анықталғаннан кейін, иммуногистохимиялық зерттеулер арқылы ісіктің биологиялық қасиеттерін зерттейміз. Бұл генетикалық бұзылулар кезінде таргенттік препараттармен ем жүргізуге, яғни әрбір обырды тиімді емдеуге мүмкіндік береді.

2012 жылғы Президент Жолдауында онкологиялық ауруларды емдеу сапасын арттыру міндеті қойылған болатын. Осы орайда онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы қабылданып, соның арқасында біз жаңа жабдықтар алдық, радиациялық онкологияның жоғары технологиялық 5 орталығының обырдың иммундық-диагностикалық 3 референс-орталығының бірі болдық.

IT-технологиялар ғасырында әлемнің жетекші орталықтарымен қатерлі ісіктің күрделі түрлеріне телеконсультация жүргізуге мүмкіндігіміз бар екенін атап өткім келеді.

Медицина саласының ілгері басуының нәтижесінде және инновациялық технологиялардың арқасында қатерлі ісіктерді емдеудің жаңа әдістерімен мыңдаған жерлестеріміздің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туып отыр.

— Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында онкологиялық аурулардың алдын алу мен емдеу мәселесіне ерекше назар аударды. Бұл тұрғыда қандай жұмыс атқарылды?

— ҚР Президенті Н.Ә.Назар-баевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап, сондай-ақ осы саланы амбулаторлық емдеу арқылы басқаруға көшу қажеттігі  көрсетілген.

Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін онкологиялық аурулардың алдын алу мен емдеу саласындағы соңғы халықаралық стандарттарға сәйкес ҚР-да онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар әзірленіп, іске асырылуда. Қатерлі ісіктің алдын алу жолындағы бірінші қадам онкологиялық аурулардың себептері мен қауіп факторларын түсіну болып табылады.

Халықтың денсаулығын нығайту міндеті бүгінгі күні тек ұлттық мәселеге айналды.

Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу бұқаралақ сипат алуда.

Біздің орталықтың дәрігерлері мектептерде, әртүрлі ұжымдарда болып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.

— Жалпы, онкологиялық аурулардың алдын алуға бола ма? Ел ішінде «жаман ауру» аталып кеткен қатерлі ісіктің аймақтағы көрсеткіштері қандай?

— Тұрғындар онкологиялық ауруларға тұрақты түрде тексерістен өтуі керек. 40 жастан кейін әйелдер маммографиядан өтіп, жылына бір рет гинеколог маманға, ал ерлер урологқа қаралуға тиіс.

Біздің елімізде ішек, сүт безі және жатыр мойны обырын ерте анықтауға скрининг жүргізіледі. Бұл скринингтер ісікалды ауруларды, сондай-ақ қатерлі ісікті ерте кезеңдерде анықтауға мүмкіндік береді.

Ядролық медицина және онкология орталығында қатерлі ісіктің кең таралған түрлерінің алдын алу және ерте диагностикалау бойынша Ашық есік күндері өткізіліп тұрады.

Республика бойынша, біздің облыс көптеген жылдар бойы онкопатологиямен сырқаттану бойынша көшбасшылардың үштігінен орын алып келеді. Қазір диспансерлік есепте 7500-ге жуық онкологиялық науқас тұрса, жыл сайын қатерлі ісіктің 1500-1600 жаңа жағдайы анықталуда. Біздің өңірде халық көбінесе тері, өкпе, сүт безі, асқазан және ішек обырына шалдығады. Егер 10 жыл бұрын аурулардың қатерлі ісіктен кейін 5 жыл өмір сүретіндер қатары 45%-дан аспаған болса, бүгінде 51,4%-ды көрсетіп отыр. Бұған жүргізіліп жатқан скринингтік бағдарламалардың, БМСК мекемелерінің сапалы жұмысының арқасында қол жеткіздік.

— Ғылым жетістіктеріне қарамастан, онкологиялық аурулар санының өсуін қалай түсіндіруге болады?

— Қатерлі ісіктердің алдын алуға болатын ғылыми дәлелдер бар. Бірақ ғылым әзірге барлық сұрақтарға жауап бермейді. Менің ойымша, өкінішке орай, жақын болашақта қатерлі ісікті емдейтін «сиқырлы таблетка» болмайды. ҚР-да онкологиялық аурулардың өсуі, барлық дамыған және дамушы елдердегі сияқты, халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуімен байланысты, өйткені бұл патология «қарт адамдардың ауруы» болып табылады. Сондай-ақ онкологиялық аурулардың өсуіне өмір салты, тамақтану факторлары, қоршаған ортаның канцерогендермен ластануы, адам папилломасы вирусы, В және С гепатиттері сияқты инфекциялар әсер етеді.

— Өткен жылы аймақ басшысы Даниал Ахметовтің бастамасымен онкологтердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында Семей өңірі бойынша 3 жылдық білім беру бағдарламасы құрылған болатын. Жоба аясында онколог мамандар Батыс Еуропа мен Жапонияның жетекші клиникаларында тәжірибе алмасып, біліктіліктерін жетілдіру көзделген еді. Бұл бағдарлама өз нәтижесін берді ме? Бүгінде қанша маман шет мемлекеттердің емдеу әдістері мен технологияларын меңгерді?

— Иә, облыс әкімі Д.Ахметовтің бастамасымен мамандарымызды, сондай-ақ бастапқы буын мамандарын, яғни учаскелердегі халықпен тікелей жұмыс  істейтін дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерін оқытуды жоспарладық. Біз бұл бірегей мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысамыз. Оқу екінші жыл жүріп жатыр. Осы бағдарлама бойынша 2017 жылы Польшаның жетекші клиникаларының бірі Варшава қаласындағы Eurocentermedica базасында біздің орталықтың 10 маманы барып, білімін жетілдірді және Семей өңірінің МСАК мекемелерінің 300-ден астам маманы онкологиялық аурулардың алдын алуға байланысты курстан өтті. Өткен жылы Жапониядағы Нагасаки университетінің жетекші ғалымдары мен Ресей ФМБА Федералдық Сібір ғылыми-клиникалық орталығы мамандарының қатысуымен 2 шеберлік сыныбы өткізілді.

Шет мемлекеттермен тәжірибе алмасу биыл да жалғасын табуда. Бүгінгі күні АМСК мекемесінің 100 медициналық қызметкері онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша білім алды. Орталық мамандарына келетін болсақ, 3 дәрігер мен 1 биолог Жапонияда 2 айлық тағылымдамадан өтті. Олар екі апта бұрын елге қайтты. Олармен бірге Нагасаки медициналық университетінің ментор-профессорлары келіп, біздің базада шеберлік сыныбын өткізді, оған еліміздің барлық патоморфологтарын шақырдық. Сонымен қатар біздің орталықтың 7 маманы Польшаға оқуға жіберілді, олардың 5-уі елге келіп, орталықтың тәжірибесіне жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмысты бастады. Ал 2 хирург әлі де оқуда. Польшадан келген менторлар да біздің базамызда шеберлік сыныптарын өткізеді деп жоспарлап отырмыз. Курс аяқталғаннан кейін мамандар халықаралық үлгідегі сертификаттарға ие болады.

— Қазақстандағы медицина мекемелерінің онкологиялық ауруларды емдеудегі мүмкіндігін қалай бағалайсыз? Әлде науқастар аурудан толық айығуы үшін шетел асуға мәжбүр ме?

— Онкологиялық ауруларға емдеу жүргізетін еліміздің медициналық мекемелерінің деңгейі өте жоғары және әлемде радиология, онкохирургия, химиотерапия саласында бар технологиялар бізде табысты жүзеге асуда деп есептеймін.

Қазіргі таңда әлемде емдеудің жаңа әдістемелері олар ойлап табылған елдерде ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де жылдам қолжетімді. Қазір онкопатологиясы бар емделушілер шетелде иммуннотерапия, радионуклидтік терапия, нанотехнологиялар  емдеудің балама әдістерін жиі іздейді.

Дегенмен, ең жақсы емдеу-бұл алдын алу. Білікті мамандардың жыл сайынғы тексерулері, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану сіздің денсаулығыңыздың мықты болуына әсер етіп,  ақшаңызды үнемдейді.

Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығында кадр жетіспеушілігі бар ма?

— Орталықта 75 дәрігер, 175 орта медицина қызметкері жұмыс істейді, олардың 70% — ның біліктілік санаты бар. 2 доктор және 5 медицина ғылымдарының кандидаты жұмыс істейді. Кадрлық әлеует мықты. Бүгінгі таңда бізде кадрлар жетіспеушілігі жоқ деп айта аламын. Орталықта онкологиялық науқастарға профилактикалық, диагностикалық, емдік, оңалту және паллиативтік көмек көрсететін мамандардың кәсіби деңгейін үздіксіз арттыру жұмысы ұйымдастырылған. Сонымен қатар медициналық емес бейіндегі мамандар (медициналық физика, инженер-физиктер, инженер-химиктер, химиктер, жабдықтар сервисі бойынша биомедициналық инженерлер) дайындықтан өтеді. Соңғы жылдары диспансердің 80-нен астам қызметкері әлемнің 20 елінде тағылымдамадан өтті. Сонымен бірге бізге Д.Мусинов атындағы медицина университетінің клиникалық онкология және радиология кафедрасы көмек көрсетуде. Онда резидентура, магистратура, PһD — докторантура бағдарламасы аясында онкоқызметтер үшін кадрлар дайындалады.

— Орталықтың алға қойған жоспарымен бөліссеңіз?

— Жақын арада біз иммуноцитохимия, молекулалық зерттеулер әдістерін енгізу жолымен обырды диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістерінің спектрін кеңейтуді жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ алдағы уақытта біз обырды радионуклидті терапия, селективті химиотерапия және жаңа таргетті препараттар мен мультаргетті терапия әдістерін енгізуді                  бастаймыз.

Бүгінгі күні жатыр мойны брахитерапиясын енгізуді бастадық. Енді алдағы уақытта өңештің, бронхтардың, терінің, сондай-ақ сүт безінің, қуықасты безінің қатерлі ісіктерін емдеуде брахитерапияны енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл әдіс сау тіндер мен ағзаларды қозғамай ісікке тікелей әсер етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа молекулалық онкопатология саласында иммуноцитохимиялық зерттеулер мен зерттеу әдістерін енгізуді жоспарлап отырмыз. Алда үлкен жұмыс күтіп тұр.

— Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбатты жүргізген Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ.

Ұқсас жаңалықтар

Абайлық оқушылар AI олимпиадасында күміс жүлде алды

04.11.2025
Абайлық оқушылар AI олимпиадасында күміс жүлде алды

Semeytany.kz – Алматы қаласында өткен халықаралық FAIO 2025 (Fizmat AI Olympiad) байқауында Абай облысының Білім-инновация лицейінің командасы жалпыкомандалық есепте ІІ...

Толығырақ...Details

Абай облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру жөнінде кездесу өтті

04.11.2025
Абай облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру жөнінде кездесу өтті

Абай облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты...

Толығырақ...Details

2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енбек

04.11.2025
2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енбек

Елімізде келесі жылдан бастап салық жүйесіне ауқымды өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Семей қаласы...

Толығырақ...Details

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Үржарда 14 шақырым жол жөнделді

04.11.2025
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Үржарда 14 шақырым жол жөнделді

Үржар ауданында жол-көлік инфрақұрылымын жаңарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Ағымдағы жылы Жоғарғы Егінсу ауылына кіреберіс 3,5 шақырымдық жол...

Толығырақ...Details

Семей қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

03.11.2025
Семей қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Абай облысы бойынша филиалы хабарлайды: 2025 жылғы 1 қарашадан бастап Семей қаласындағы №2 халыққа қызмет...

Толығырақ...Details

«Қатты ұяламын»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген Алика Мұхамадиева үкім шығар алдында жылап жіберді

03.11.2025
«Қатты ұяламын»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген Алика Мұхамадиева үкім шығар алдында жылап жіберді

Қарағандыда 22 жастағы Алика Мұхамадиеваға қатысты әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздырды деген айыппен қозғалған сот ісі аяқталуға жақын. Іс қысқартылған...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанда алдағы уақытта еттің келісі 15-20 мың теңгеге дейін өседі – Сарапшы

14 часов бұрын

Абайлық оқушылар AI олимпиадасында күміс жүлде алды

14 часов бұрын

Абай облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру жөнінде кездесу өтті

17 часов бұрын

2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енбек

17 часов бұрын

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Үржарда 14 шақырым жол жөнделді

17 часов бұрын

Семей қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

1 день бұрын

«Қатты ұяламын»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген Алика Мұхамадиева үкім шығар алдында жылап жіберді

2 дня бұрын

Оқу-ағарту министрі Абай облысындағы мектептер мен балабақшалардың жағдайын көрді

2 дня бұрын

Жұмысшы мамандықтарының беделі: Абай облысында жоспар межесі нақтыланды

2 дня бұрын

Жастарды қолдау мен бұқаралық спорт: Абай облысында нақты шаралар белгіленді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС