"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«БОЙЫМДА АСАУ ЖАСТЫҚ ЖАЛЫНЫ БАР»

27.11.2018
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстандағы 100 жаңа есімі» жобасына ШҚО бойынша 11 адам енген болатын. Солардың бірі – жерлесіміз, ақын, «Серпер» жастар сыйлығының иегері, докторант, Мәдениет саласының үздігі Ержан Жұмабек.

Сейсенбі, 20 қараша күні Семей қаласы Шәкәрім университетінде «Мәңгілік ел» кафедрасының ұйымдастыруымен «Бойымда асау жастық жалыны бар» атты Ержан Жұмабектің өмірі мен шығармашылығына арналған кездесу кеші өтті. Іс-шараға филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов, математика ғылымдарының докторы, ментор Ерғали Есенжолов, университет ұстаздары мен студенттері қатысты.

Кездесудің шымылдығын Ержан Жұмабектің ұстазы, ментор Арап Еспенбетов құттықтау сөзімен ашып берді.

— Аса қадірменді қауым, бүгін бір үлкен кездесудің куәсі болғалы отырмыз. Кешегі бала бүркіт, бүгінде қос қанатын кеңге жайып, алысқа самғап, биік белестерді бағындарған дарынды азамат Ержан Жұмабек «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы болып отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «100 жаңа есім» жобасы жайында: «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек»,- деген болатын. Міне, біздің Ержанымыз — жастарға нағыз үлгі боларлықтай, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт. Шәкіртім, сенің алар биігің мен асар асуың әлі алда, осылай жарқырап көрініп, еліңе қызмет ете бер,- деп жүрекжарды лебізін білдірді Арап Сіләмұлы.

Басқосуды «Дарын» сыйлығының иегері, ақын Мерей Қарт тізгіндеп отырды.

Шара барысында Д.Бабатайұлы атындағы ақындар мектебінің шәкірттері Ержан Жұмабектің лирикалық өлеңдерін оқып, поэзиялық көңіл-күй сыйлады.

Қазақстанның заманауи келбетін қалыптастыруға үлес қосып жүрген, елі үшін еңбек етуді мақсат тұтқан айтыскер ақын, дарынды жас, тоқсан өнерді бойына тоғыстыра білген Ержанмен кездесу кеші студенттерге ерекше әсер қалдырды.

Шәкәрім университетінің студенті Ерасыл Айтбергенов кештен алған әсерімен бөлісті.

— Білімнің қара шаңырағы Шәкәрім университетіндегі өзіміздің жерлесіміз Ержан Жұмабекпен кездесу кеші маған ерекше әсер етті. Көкейімізде жүрген сауалдарымызға Ержан ағамыз толыққанды жауап берді. Ағамыздың өмір жолы – бізге үлгі – өнеге, бүгінгі берген ақыл-кеңестері жастарды жігерлендіріп, биік мақсаттарға жетелейтіні сөзсіз. Алдағы уақытта осы ағамыз сияқты мен де «Қазақстанның 100 жаңа есімінің» жеңімпазы болсам деймін. Ол үшін, әрине, «Маңдайы терлемегеннің қазаны қайнамайды» демекші, көп еңбек етуіміз қажет,- дейді Ерасыл.

Бүгінгі таңда Ержан Жұмабектің сөзіне жазылған әндерді қазақ эстрадасының жұлдыздары Марат Омаров, Нұрлан Албан, Серікбол Сайлаубек сынды және Зивара, Фарида Жолдасова, Ерасыл Абдуалиев, Ержұма Маралбек, Ертуған Құрмашев, «Заман», «Сармат» топтарының әншілері орындап жүр.

Кездесу соңында Арап Сіләмұлы шәкірті Ержанға Құрмет грамотасын табыстап, еңбегіне жеміс тіледі.

Қуандық НӘДІРБЕКҰЛЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС