"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫ БИЛІК ПЕН БҰҚАРА НАЗАРЫНДА

27.11.2018
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қала әкімі Ермак Сәлімов жұма, 23 қараша күні «SEMEI» телеарнасында тікелей эфирде өткен «Әкімнің сағаты» бағдарламасында қонақта болып, семейліктердің сұрақтарына жауап берді. Қала тұрғындары жол жөндеу, қала көшелерін жарықтандыру, қоғамдық көлік, жалақы мәселелеріне қызығушылық танытты. Сауалдар телефон арқылы және телеканал редакциясының электрондық поштасына жолданып отырды.

Тікелей эфирдің басында шаһар басшысы Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың Семейге жасаған жұмыс сапары барысын баяндап, Министрлер кабинетінің басшысы жергілікті атқарушы органдардың қызметін жоғары бағалағанын атап өтті.

— Мемлекет басшысы Жолдауында қазақстан-дықтардың әл-ауқатын, табыс пен өмір сапасын арттыру туралы өте айқын міндет қойды. Біздің мақсат – Елбасы қойған міндеттерді орындап, халықтың тұрмысын жақсарту. Өздеріңіз білетіндей, Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша 2017-2019 жылдарға арналған қаланы дамыту жоспарына сәйкес жұмыс жасаудамыз. Бүгінгі таңда Семейдің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика байқалады,- деді эфир кезінде қала басшысы.

Одан кейін шаһар басшысы өнеркәсіп өнімдері, тау-кен өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, бөлшек тауар айналымы, инвестиция, бюджет салаларының негізгі көрсеткіштеріне тоқталды.

— Елбасы Жолдауында бизнес өкілдеріне жаңа жұмыс орындарын құрып, тұрғындар жалақысын арттыру жайлы ұсыныс айтты. Қазіргі таңда қаладағы ірі және шағын кәсіпорындардағы жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 8,2%-ға өсіп, 119,7 мың теңгені құрады. Биыл шағын және орта кәсіпкерліктің өнім көлемі жиырма пайызға өсті,- деді Е.Сәлімов.

Сондай-ақ қала әкімі «Өндіріс» индустриялық аумағында «AgroPortal» ЖШС ирандық компанияның қатысуымен жүзеге асып жатқан ет комбинатының құрылысы шетелден 6,7 млрд. теңге инвестиция тартып, 250 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретінін жеткізді.

— Халықтың жағдайын жақсарту үшін әлеуметтік сектор мен инфрақұрылымға баса назар аудару қажет. Бұл бағытта Ұшақтар және Бобровка шағын аудандарында 1800 орынға арналған екі мектеп пайдалануға берілді, ендігі кезекте Степной және Восточный кенттерінен 1500 орындық мектеп салу жоспарда бар. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қала мектептерінде 30 «Мәңгілік ел», 52 робототехника кабинеттері ашылды. Шаһарда 55 балабақша жұмыс істесе, оның отыз жетісінде мемлекеттік тапсырыс орындалады. Осы жылы Қарағайлы шағын ауданында 320 орындық балабақша салынды және Ұшақтар шағын ауданында 280 орындық балабақшаның құрылысы аяқталуға жақын. Жолдауда бұқаралық спортты дамытуға және дене шынықтыруға ерекше мән берілген. Соңғы жылдары спортпен және дене шынықтырумен жүйелі айналысатын тұрғындардың саны 30 %-ға жетті. Биыл Семейде тоғыз «Workout» (воркаут) спорт алаңдары ашылды,- деді шаһар басшысы.

Семейліктердің тұрғын үй мәселесіне қатысты қойған сауалдарына орай қала басшысы:

— «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үйлер салынуда. Қазіргі таңда Қарағайлы ауданында барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық желілер тартылды. Осы жылдың соңына дейін аталған ауданда он алты үй пайдалануға беріліп, таяуда тағы он сегіз үйдің құрылысы басталатын болады. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жеке тұрғын үй салу мақсатында Семейде он шағын аудан құру жоспарда бар. Бірінші кезеңде Ақсай ауданын электр желілерімен, сумен қамтамасыз ету жүргізілуде. Одан кейін Комсомол және Ұшақтар аудандарын су және электрмен жабдықтау жұмыстары жоспарланған. «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру басталып, алғашқы несиелер берілуде,- деді қала басшысы.

Тікелей эфир барысында қаланың инфрақұрылымын дамыту үшін Европалық қайта құру және даму Банкімен жалпы сомасы 12,9 млрд. теңгеге келісімшарт жасалғаны және мұның барлығы шаһарды жылумен, сумен қамтамасыз етуге, көшелерді жарықтандыруға жұмсалатыны айтылды. Сондай-ақ Ермак Бидахметұлы биыл қала жолдарын жөндеуге 2,1 млрд. теңге бөлінгенін және бұл қала жолдарының 76 пайызының жағдайын жақсартуға мүмкіндік бергенін айтып өтті.

— Атқарылып жатқан жұмыс-тар аз емес. Семей қаласы әуежайының жөндеу жұмыстары аяқталды. «Абай-Арена» мәдени-спорттық кешені салынуда, сонымен қоса жалпы сомасы 611 млн. теңгеге «Менің аулам» жобасы іске асырылуда. Алдағы уақытта Семей және Өскемен қалаларының қоғамдық көліктері жаңартылып, электрондық билет жүйесіне көшу көзделген.

Күні кеше ғана Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялады. Мақалада Елбасы әлем тарихындағы Ұлы даланың рөлін айқындап, біздің ұлттық тарихқа жаңа көзқарасты қалыптастырды. «Ұлы даланың жеті қыры» — «Рухани жаңғыру» бағдарламасының лайықты жалғасы. Сондықтан барлығымыз Елбасының саясатын бірге жүзеге асыруымыз қажет, — деді Ермак Бидахметұлы.

Бір сағат жиырма минутқа созылған тікелей эфир барысында Ермак Бидахметұлы қала тұрғындарының сауалдарына жан-жақты және толық жауап қайырды. Семейліктер халықпен кері байланысқа шыққан шаһар басшысына алғыс айтып, атқарып жатқан істеріне жақсы баға берді.

«СТ-ақпарат»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС