"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕҢСЕЛІ ЕЛ ЕДІК ЕЖЕЛДЕН

30.11.2018
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты тарихи-танымдық еңбегінде: «Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес»,- деп бүкіл түркі дүниесінің түп қазығы — біздің атамекенімізді ерекше ардақ тұтады. Нұрсұлтан Назарбаев ұлт қасиетін осылайша ұлықтай отырып, өз ойларын одан әрі былайша тарқатады: «Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді».

Шынында да, біз, алты алаш, өз қадір-қасиетімізді өзіміз бағалай білеміз бе?! Түсінген жанға, Қазақстанның Тұңғыш Президенті қалың қазағына, әсіресе өскелең келешегіне арнап, байыбына бара алсақ, туған еліміз бен жерімізді ерекше мақтан етер дәйекті әңгіменің алтын арқауын тайға таңба басқандай айқындап беріп отыр.

Ұлы дала – адамзат өркениетінің киелі қайнары әрі қазыналы арқатірегі! Олай болса, «Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті». Республика Президенті бұл орайда өркениет мойындаған үш айғақты атап көрсетеді:

Біріншіден, протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр; екіншіден, біздегі зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды; үшіншіден, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Елбасының еңбегін оқи отырып, көкірек көзіміз ашылып, төбеміз көкке жеткендей әсер аламыз.

Демек, біз ұлт тарихының уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде басталатынын бағамдай алмасақ…

Онда бұл ел шежіресінің ежелгі сақтар мен ғұндардан, көне дәуірдегі түркілерден жеткен асыл мұрасын естен шығарғанымыз. Яғни, Ұлы даладан жер жүзіне тараған атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығын, дала өркениетінің зор технологиялық жетістігі – ежелгі металлургияны, рухани байлығымыздың айшықты белгісі – баға жетпес «аң стилі» өнерін, әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық – Алтын адамды өзге жұрттың қанжығасына байлап жібергеніміз.

Демек, біз ұлт тарихының бастауларын нақты білмесек…

Онда бұл Ұлы даланың біздің дәуіріміздің I мыңжылдығының орта шенінде дүниеге келген барша Түркі дүниесінің алтын бесігі болғанын ұмытып, үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісі – Ұлы Жібек жолын, Қазақстанның алма мен қызғалдықтың Отаны екенін еш кешірімсіз естен шығарғанымыз емес пе?!

Демек, біз ұлт тарихын қазақ хандығы шаңырақ көтерген бес-алты ғасырмен ғана шегерсек…

Онда бұл Ұлы дала өзінің «ерекше елшісі сынды ұлы бабалары әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелгенінің» бағасына жетпеген парықсыздық болады.

Елбасының қазаққа өзіне-өзін танытатын арқатірек еңбегі ұлт рухының ұлағатты жыр-дастаны деуге әбден лайық. Көтеріңкі көңіл-күй үстінде, ұлттық мақтаныш сезімімен оқылатын «Ұлы даланың жеті қыры» өршіл әрі өнегелі өткенімізге көзімізді ашады. Ол сондай-ақ ел мәртебесін бүгінгі күн биігінен байыптау арқылы ертеңгі бағытымызды айқын бағамдауға көмектеседі.

Олай болса, «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасының аясында атқарылар жұмыс ауқымы одан әрі кеңейе де нақтылана түседі деген сөз. Ендеше, қазір алдымызда тұрған міндеттер қандай?

— «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау, өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру, «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу;

— «Ұлы дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік сериалдар шығару, «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін құру;

— «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын шығару, деректі, телевизиялық сериалдар мен көркем картиналардың циклін өндіріске енгізу;

Елбасы тарихи-танымдық туындысында өз ойларын түйіндей келе мынадай тұжырым жасайды: «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы».

Өкінішке қарай, бізді бірнеше жүздеген жылдар бойы ұлттық мақтаныш емес, өзгеден өзін кем көрген қорқыныш сезімі билеп келгені мәлім. Үрей синдромы… ол үш ғасырға созылған ақ патша мен қызыл империяның құлдық қыспағы мен қанды қырғынының санаға салған лаңы. Кеңес заманының зардабы тіпті төл әдебиетіміздің абайтану саласына да кеселін аямай тигізді.

Алаш арыстары аман болса, бұл қорлыққа, әлбетте, еш төзе алмас еді, олар тірі тұрса, ел-жұртын езгіге салдырып қойып қарап отырмасы белгілі. Қандықол диктатура мұны жақсы білді және қазақтың көшбасшы қайраткерлерін жусандай жапырды. Арыстардың аз ғана шоғыры ел келешегі үшін аға буын аманатын арқалап, ауыр мұңға батқан күйі қала берді. Бірақ елжанды ерлер қолдарына қару алмағандарымен, туған халқына айтар сөзін қызыл үкіметтің қырағы бақылауында отырып-ақ санамызға құя берді.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты еңбегінен біз, қазақ, өз қадір-қасиетімізді біліп, өткеннен сабақ ала отырып, тек қана алға басу туралы жасампаздық ой түйдік.

Болат ЖҮНІСБЕКҰЛЫ,

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» {jcomments off}мемлекеттік қорық-музейінің директоры.

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

3 часа бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

4 часа бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

4 часа бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

4 часа бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

4 часа бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

14 часов бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

1 день бұрын

Ақпараттық хабарлама

2 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

2 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС