"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

10 СОТЫҚ ЖЕР АЛУҒА ӘР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ҚҰҚЫ БАР

30.11.2018
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін тегін 10 сотық жер алуға әр қазақстандықтың құқы бар.

27 қараша күні Семейге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы мониторинг тобының мүшесі, жер мәселелері бойынша заңгер Бақытжан Базарбек келіп, тұрғындармен кездесу өткізді.

Заңгер Бақытжан Базарбек жер мәселелері бойынша еліміздің әр өңірінде халықпен жүздесіп, тегін заңгерлік кеңестер беріп, семинарлар өткізіп келеді. 10 қазанда басталған семинар осыған дейін Ақтау, Қызылорда, Түркістан,Тараз, Шымкент, Талдықорған, Атырау, Орал, Ақтөбе және Павлодар қалаларында ұйымдастырылған.

— Семинарларға 1200-ге жуық азамат қатысып, 700-ден астам азамат көкейлеріндегі сауалдарына жауап алды. 100-ден астам сұрақ аймақтық департаменттер қарауында.

Семинардың қорытындысында жер мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға тексерістер жүргізіліп, біраз азаматтардың құқықтары қорғалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі де іске араласып, жерге байланысты туындаған мәселелер шешілді.Біздің мақсатымыз – сіздерге кәсіби құқықтық кеңес көрсету. Біз ешқандай мемлекеттік органға бағынбаймыз, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен тікелей жұмыс жасаймыз, — деді Б.Базарбек.

Оның айтуынша, статистика бойынша Қазақстанда 1 млн. 200 мың адам жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер алуға кезекте тұр.  Мәселен, Алматы қаласында 160 мың, Шымкентте 167 мың, Астанада 107 мың, ал Семейде 23 мыңнан астам адам кезегін күтуде. Сондай-ақ ол жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер алуға 18 жастан асқан әр қазақстандықтың құқы бар екенін тұрғындар есіне тағы бір мәрте салды.

— 2003 жылы қабылданған Жер кодексіне сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысы үшін тегін 10 сотық жер алуға 18 жастан асқан әр қазақстандықтың құқы бар. Бұрындары айдалануға беру актісі берілген соң, жер телімі бірден сол азаматтың меншігіне берілетін. Бірақ мемлекеттік актіні алған соң азамттардың басым көпшілігі жерді өзге біреуге сатып жібереді. Әр өңірде 100 мыңнан астам осындай оқиғалар тіркелді. Сондықтан 2009 жылы Жер кодексіне өзгерістер енгізілді. Қазір жер үш жылға (2+1) жалға беріледі. Және сол үш жыл ішінде жалға берілген аумаққа тұрғын үй салынуы керек. Осыдан кейін ғана жер азаматтың атына өтеді, — деді Б.Базарбек.

Сондай-ақ заңгер Жер кодексіне сәйкес қосалқы шаруашылық үшін —  0,15 гектар суармалы, 0, 25 гектар суармалы емес және саяжай құрылысы үшін 0,12 гектар жер алуға мүмкіндік бар екенін айтты. Бірақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер алу мүмкіндігі әр азаматқа тек бір рет беріледі.

— Бір азаматтың екі рет тегін жер алуына рұқсат жоқ. Бірақ 18 жасқа толған немесе 18 жастан асқан әрбір отбасы мүшесі 10 сотық жер алуға құқылы.  Сондықтан мемлекеттік органдар бір отбасына бір жер телімі жетеді депген талап қойса, прокуратураға шағым түсіруге әбден болады. Егер келісімшарт уақыты жақындап қалса, бірақ тұрғын үй құрылысы толық аяқталмаса, Жер кодексінің 37-бабын пайдалана аласыздар. Ол бойынша келісімшарт уақыты аяқталмай тұрып 2-3 ай бұрын, келісімшарт уақытын созу туралы өтініш беру керек. Бірақ сіз шынымен жұмыс істеп, құрылыстың бел ортасына келгеніңізді көрсетуіңіз керек. Ал егер жер үш жыл ішінде игерілмей бос бұрса, мемлекетке қайтарылады,  — дейді заңгер.

Жер кодексіне сәйкес жер телімі орталық электр желісімен және сумен жабдықталған ауданнан берілуі керек. Жер алуға өтініш беру үшін жеке куәліктің көшірмесі мен азаматтың атына тіркелген жылжымайтын мүліктер туралы анықтама жеткілікті.

— Кейбір шенеуніктер азамттардан АХАЖ бөлімінен анықтама сұрайды. Бұл заңға қайшы. Өтініш беру үшін жеке куәліктің көшірмесі мен азаматтың атына тіркелген жылжымайтын мүліктер туралы анықтама жеткілікті. Егер сіздерден тағы басқа құжаттар сұраса, мұның заңға қайшы екенін білулеріңіз керек. Азаматтардың алдымен Жер кодексін оқып, танысып алғандары дұрыс дейді, — Бақытжан Жұмабекұлы.

Семинар барысында тұрғындар мен қызметкерлер заңгерге сұрақтарын қойып, кеңес алды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, {jcomments off}«Семей таңы»



Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

03.09.2026
«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

3 қыркүйек – Тазы және төбет күніне орай «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының өкілдері Семей қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген...

Толығырақ...Details

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

02.09.2026
Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

Кәсіпкерлік ортаның тұрақты дамуына қаржылай қолдау мен жеңілдетілген несиелер ғана емес, бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы да тікелей әсер ететіні...

Толығырақ...Details

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Кірістер мен мүлік туралы декларацияның ауқымы енгізілген өзгерістерге сәйкес қысқарды. Бұған дейін жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңі бойынша көптеген...

Толығырақ...Details

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 вокзал,...

Толығырақ...Details

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

01.09.2026
Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

Семейде өңірдегі алғашқы жасанды интеллект мектебі – Tomorrow School Semey ашылып, алғашқы қатысушылар оқуын бастады. Іс-шараға Абай облысы цифрлық технологиялар...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

4 дня бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

4 дня бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

5 дней бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

6 дней бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

6 дней бұрын

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

6 дней бұрын

Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

7 дней бұрын

Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

1 неделя бұрын

Абай облысында «Таза жағалау» акциясына 14 мыңнан астам адам қатысты

1 неделя бұрын

ТАРИХПЕН ТІЛДЕСКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ТУЫНДЫ

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС