"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҒАСЫР ЖАСАҒАН КӘСІПОРЫН

30.11.2018
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі, 28 қараша күні «Шығыс Қазақстан Аймақтық Энергетикалық компания» АҚ-ның бастамасымен Семей қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Семей электр желісінің 100 жылдық мерейтойына орай жаңа оқу сыныбы ашылды.

Жаңа оқу сыныбының қызыл лентасын қию құрметі энергетика саласында елеулі қызмет атқарған, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі Ғабиден Мусаиновқа берілді. Ардагер энергетик жүрекжарды лебізін білдірді.

— Құрметті әріптестер, құрметті менің шәкірттерім! Бүгін үлкен іс-шараның куәсі болып отырмыз. Осыдан 100 жыл бұрын қызметін бастаған Семей электр желісінің мерейтойы құтты болсын!Қаламызды жарықпен қамтамсыз етіп отырған сіздердің еңбектеріңіз жемісті, қызметтеріңіз табысты, мәртебелеріңіз әрқашан жоғары болсын. Барлықтарыңызды алдағы Тұңғыш Президент күнімен және сіздердің төл мерекелеріңіз Энергетиктер мерекесімен құттықтаймын, — деді Ғабиден Мусаинов.

Айта кетейік, «ШҚ АЭҚ» АҚ – Семей қаласының 92 мыңнан астам тұрғынын жарықпен қамтып отырған, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге және ауыл шаруашылығы қожалықтарына электр қуатын тарататын республиканың шығысындағы ең ірі энергетикалық кәсіпорын. Бұл компания биылғы жылды табысты аяқтап отыр. Мекеме басшысы Бауыржан Смағұлов 2018 жылдың кәсіпорын үшін жемісті болғанын жеткізді.

— Бүгін Семей электр желісінің 100 жылдық мерейтойында Тұңғыш Президент күніне орайластырып оқу сыныбын ашып отырмыз. Мекеме үшін биылғы жыл табысты болды.Оқу сыныбын ашудағы негізгі мақсатымыз — жаңадан келген мамандардың білімі мен біліктілігін арттыру. Бұл кабинетте энергетика саласында 30 жылдан артық қызмет еткен нағыз өз ісінің шеберлері дәріс оқып, тәжірибе жұмыстарын көрсетеді. Қазіргі таңда белгіленген жоспар бойынша, яғни электр беру орталықтары мен қосалқы стансалардың барлығы толық жөндеуден өткізілді. Қысқа сақадай-сай отырмыз. Дегенмен алда жоспар көп, атқарылар жұмыстар да ауқымды. Сондықтан да тынымсыз еңбек етуіміз керек. Энергетика саласының мамандарына зор денсаулық және алдағы жоспарларды іске асыруда толағай табыстар тілеймін,– деді Бауыржан Рамазанұлы.

Бүгінде мамандандырылған сыныпта сапалы оқу процесін жүзеге асыру үшін арнайы жабдықтар, көрнекі құралдар және қажетті құрылғылар мен алғашқы көмек көрсетуге арналған тренажер, компьютерлер бар. Жас кадрларды тәрбиелеудегі мұндай тәсіл қызметкерлерге өзінің кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың арқасында Семей қаласында апатты жағдайларда жарық сөндіру саны төмендеуде, ал қала жұртшылығы энергиямен тұрақты қамтамасыз етіліп отыр. Соңғы 5-6 жылдың нәтижесі бойынша электр энергиясының шығыны 31% — дан 11% — ға дейін төмендеді.

Естеріңізге сала кетейік, Семей электр желісінің қызметкерлері 2013 жылы Астана қаласында «Кәсіби шеберлік» атты энергетиктер арасында өткен республикалық жарыста кәсіпорынның намысын қорғап, жүлделі 4-ші орынға ие болып, Қазақстан Республикасының энергетикалық кәсіпорындары арасында өздерінің нағыз тәжірибелі мамандар екенін дәлелдеп,Семей командасы «ҚР үздік шебері» номинациясын жеңіп алды. Сонымен қатар 2014 жылы Семей командасы Шығыс Қазақстан облысында (Таврия аудандық электр желісінде) өткен республикалық жарыста тағы да бас жүлде — темір тұлпарға ие болып, «ҚР үздік шебері» номинациясын иеленді.

Сондай-ақ компания электр қуатын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін енгізуге үлкен күш салып отыр. Жоба электр қуатын есептеудің нақтылығын арттырып, шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, бұл компания қызметкерінің электр қуатын тұтыну бойынша нақты мәлімет алуын қамтамасыз етеді.

Қалай десек те, бүгінгі таңда әлемді жарықсыз елестету мүмкін емес. Энергетиктер жұмысының маңыздылығына баға жетпейді, олардың еңбектері арқасында тұрғындардың үйлері жайлы да жарық, ұйымдар мен мекемелер қалыпты қызмет етіп келеді. Сондықтан елімізге жарық беріп отырған энергетиктердің еңбегі ерекше екендігін атап өтуіміз керек.

Біз де қаламызды жарықпен қамтып отырған Семей электр желісінің ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, жаңа бастамаларына сәттілік тіледік!

Қуандық НӘДІРБЕКҰЛЫ, {jcomments off}«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

3 часа бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

4 часа бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

4 часа бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

4 часа бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

4 часа бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

14 часов бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

1 день бұрын

Ақпараттық хабарлама

2 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

2 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС