"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙДЕ МӘҢГІЛІК ЕЛ КӨШЕСІ БАР

07.12.2018
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елбасының 2017 жылғы 27 ақпандағы өңірлерде кездесетін идеологиялық тұрғыдан ескірген, қайталанатын атауларды өзгертіп, тарихи жер-су атауларына және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атауларға ауыс-тыру жөніндегі арнайы тапсырмасын орындау мақсатында республикалық ономастикалық комиссияның отырысында Семей қаласындағы Ленин көшесін Мәңгілік ел деп өзгерту туралы шешім шығарылған болатын.

Жасыратыны жоқ, Семейдегі «Күн көсем» атындағы көшенің атауын өзгерту көптен бері айтылып жүрген халықтың көкейіндегі ой еді. Алаш қозғалысының 100 жылдығына даярлық барысында да осы мәселе қоғам белсенділері тарапынан қызу талқыға түсті. Семейде Әлихан Бөкейханов атындағы көше бар болғандықтан, Ленин көшесін Алаш көсемінің есімімен атау туралы ұсыныстар қолдау таппады.

Өткен жылдың қазан айында Семей қаласы әкімдігінде Ленин көшесі мен Полковничий аралының атауларын өзгертуге қатысты қоғамдық тыңдау өтіп, қалалық мәслихат депутаттары Ленин көшесінің атауын «Мәңгілік ел» деп ауыстыру туралы бастаманы бір ауыздан қолдады. 31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде облыс әкімінің орынбасары Әсем Бекқызының шешімнің облыстық және республикалық ономастика комиссиялары тарапынан мақұлданғанын жеткізіп, семейліктерден сүйінші сұрағаны да есімізде. Бірақ осы күнге дейін Ленин көшесі атауы жазылған тақтайшалардың алынбай тұруы белсенді тұрғындардың назарынан тыс қалған жоқ.

Енді, міне, 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күнінде Ленин көшесінің атауы ресми түрде Мәңгілік ел болып өзгерді.

— Мәңгілік ел болу — біздің ата-бабаларымыздың асқақ арманы. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Күлтегін тасына 731 жылы осы сөз жазылған. 2001 жылы Иманғали Тасмағамбетовтің бастамасымен, Елбасының тапсырмасымен Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне әкелінді. Ескерткіштегі сөздер жоқтау емес, мемлекеттік трактат: «Күндіз отырмадым, түнде ұйықтамадым. Қара терімді шұбырттым. Қызыл қанымды жүгірттім. Түрік халқы үшін». Алайда 731 жылы көк тасқа таңбаланған хатты көк түріктер жиналып, бірден жаза салған жоқ. Мұндай дәрежеге жету үшін халықтың алдында 3000 жылдық тарихы, темірдей тілі, қалыптасқан фонетикасы, грамматикасы, морфологиясы болуы керек.

VIII ғасырдағы ата-бабаларымыздың арманы ақиқатқа айналды. Біз Мәңгілік елдің іргетасын қаладық. 42 ұлт пен ұлыстан тұратын түркі халықтарының ортақ идеясы — Мәңгілік ел!- деді семейліктерді құттықтаған Құсмілия Нұрқасым.

— Біз тәуелсіздігімізді алған кезде Санк-Петербургтің Султанов пен Кляшторный деген екі ғалымы «Қазақстанның 3000 жылдық тарихы» атты кітап шығарды. Бұл тарихи еңбек жарық көрген кезде мен Алматыдан алдырып, оқып шықтым. Бір жұмадан кейін «Казахстанская правда» газеті «Қазақстанның 300 жылдық тарихы» деген кітап шықты деп жазды. Қасақана жіберілген қате. Айтқым келгені — біз қазір тәуелсіздік алып, 3000 жылдық тарихымызды ақтап тұрмыз. Біздің елдің Қазақ елі деп аталғанына 3000 жыл болған. Осыны жастар мақтан етіңіздер. 100 мың данамен шыққан кітапты кітапханадан тауып оқыңыздар,- деді жазушы Медеу Сәрсеке.

Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Айта кетсек, Мәңгілік ел көшесі бойында Абай музейі, Әлихан Бөкейханов ескерткіші, ШҚО өлкетану музейі, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Орталық саябақ, Жеңіс саябағы, Семей қалалық статистика басқармасы, Халық банкі сынды бірқатар маңызды нысандар мен мекемелер орналасқан.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, {jcomments off}«Семей таңы»

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС