"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОНКОЛОГ ДӘРІГЕРЛЕР БРАХИТЕРАПИЯ ӘДІСІН ҮЙРЕНДІ

14.12.2018
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

26-30 қараша күндері Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығында Польшаның Варшава қаласынан келген радиотерапевт Павел Банаткевич бастаған радиациялық онкологтер мен медициналық физиктер халықаралық шеберлік сыныбын өткізді. Шараның мақсаты — еліміздегі онколог мамандарға өңеш, өкпе және сүт безі қатерлі ісігін емдеуде қолданылатын брахитерапия әдісін үйрету.

Шетелдік онкологтер шеберлік сыныбын бастамас бұрын дөңгелек үстел өткізді. Онда қалалық ядролық медицина және онкология орталығының ғылыми-техникалық әлеуеті, онкологиялық ауруларды емдеудегі отандық медицинаның мүмкіндіктері, маңызды клиникалық зерттеулер, тың жаңалықтар, өңірдегі қатерлі ісікке шалдыққандарды емдеу деңгейі туралы сөз қозғалып, өзекті мәселелер талқыланды.

Дәрігер мамандардың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында нәзік жандылар арасында сүт безі, тері, ішек, жатыр мойны қатерлі ісігі аурулары белең алса, ер азаматтар өкпе, асқазан, простата безінің және тік ішектің обыры дертіне жиі шалдығады екен. Өкінішке қарай, статистикаға сүйенсек, облысымыз қатерлі ісік ауруларымен ауыратындардың саны бойынша республикада алдыңғы қатарда тұр. Бір қуантарлығы, кейінгі кезде онкологиялық аурулардың арасында өлім-жітімнің төмендеуі байқалады. Бұл қалалық онколог дәрігерлердің тәжірибелілігі, денсаулық сақтау саласына арналған мемлекеттік бағдарламалар мен шетелдік серіктестікті қолдаудың арқасында мүмкін болып отыр. Өткен жылы аймақ басшысы Д.Ахметовтің қолдауымен онкологтердің біліктілігін арттыру мақсатында әлемнің жетекші мемлекеттерінде білім алып, тәжірибе алмасуға қаражат бөлінген болатын. Биылғы жылы Семей ядролық медицина және онкология орталығының 11 маманы Жапония мен Польша мемлекеттерінде білімін жетілдірді.

Семейге келген польшалық онкологтер тобы қаламыздағы дәрігерлерге жоғары дозадағы брахитерапияны қолдану әдісін үйретті. Қазіргі уақытта Қазақстанда гинекологиялық аурулар мен тік ішектің қуық ішілік аурына шалдыққан науқастарға емдеудің брахитерапия әдісі қолданылады. Бұл емдеудің ерекшелігі — сау тіндерге, ағзаларға әсер етпей, ісікті жоғары мөлшердегі сәуле арқылы жояды. Мұндай әдістерді қолдану радиация әсерін төмендетіп, емдеуді жылдамдатуға мүмкіндік береді дейді польшалық онкологтер.

— Емдеудің бұл әдісін дәрігерлердің көбі қолдана бермейді. Өйткені бұл әдіс дәрігердің белгілі бір мануалдық дағдысы болуын талап етеді. Жатыр мойны обырын немесе простата обырын емдегенде, біз брахитерапияны радикалды емдеу ретінде пайдаланамыз. Ал өкпенің қатерлі ісігін емдеу кезінде бұл әдіс паллиативтік ем ретінде қолданылады. Брахитерапия әдісінің көптеген ерекшеліктері бар. Мысалы, емдеу кезінде науқастың қатерлі дертке шалдыққан мүшесін сақтап қалуға мүмкіндік бар. Яғни, радиацияның дозасы ем алушының басқа мүшелерінің зақымдалуына жол бермей, қатерлі ісікке тікелей әсер етеді,- дейді Павел Банаткевич. — Біздің елде онкологиялық науқастардың ішінде толық емдеуден өтіп, жазылып кеткеннен кейін де қайта қайталап ауыратындар көптеп кездеседі. Мұндай жағдайларда хирургтер науқастың денесіндегі радиологиялық емдеуден өткен ағзасына операциялар жүргізе алмайды. Сондықтан бұл пациенттер көп жағдайда дұрыс ем алмайды. Тек соңғы жылдары біз брахитерапия әдісін қолдана бастадық, өйткені мұндай емдеудің нәтижелері өте жақсы, — деді польшалық онколог.

Павел Банаткевичтің айтуынша, брахитерапияның жоғары дозасынан кейін науқастың айығып кету мүміндігі 15 пайыздан 20 пайызға дейін артады екен. Ал басқа да әдістермен бірге қолданғанда пациенттің аурудан айығу ықтималдылығы 60-70%-ға дейін өседі. Әрине, бұл онкологиялық аурудың дәрежесі мен науқастың денсаулық жағдайына, дәрігердің біліктілік деңгейіне де байланысты.

Халықаралық шеберлік сыныптары барысында Польшадан келген мамандар бірнеше тәжірбиелік ем шараларын жүргізді.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, {jcomments off}«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС