"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЗАМАНАУИ СӘУЛЕТ КЕШЕНІ

14.12.2018
19
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейдегі  Қарағайлы ықшам ауданынан бой көтерген «Абай Арена» мәдени-спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жуырда аталған ауданға барып, аймағымыздағы ғана емес, республикамыздағы бірегей нысандардың біріне баланып отырған кешеннің құрылыс барысымен танысып, журналистік шолу жасап қайтудың сәті түсті.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Абай Арена» мәдени-спорттық кешенінің жалпы жобалық құны — 19 млрд. теңге. Барлық қаражат облыстық бюджет есебінен қарастырылған. Құрылыс жұмыстарымен мердігер мекеме «Фирма Азия» ЖШС айналысуда. Бас жобалаушы – алматылық «ПС Акцент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 5 мың орынға шақталған «Абай Аренаның» ашылуы өткеннен кейін шаһарда салауатты өмір салтын ұстанушылардың қатары артады деген пікірлер жиі айтылуда.

Осы орайда айта кетейік, өткен жылдың соңында басталған құрылыс жұмыстары 2019 жылдың желтоқсан айында тамамдалмақшы. Осы күнге дейін кешенде бой көтерген құрылыс нысандарына 4 млрд. теңге қаражат жұмсалған, биылғы жылы тағы 8 млрд. теңге бөлінген.

«Абай Аренаның» құрылыс барысы облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының жіті назарында. Аймақ басшысы Семейге келген әр сапарында нысанға арнайы барып, мердігерлерге тиісті тапсырмалар жүктеп отырады:

— Жуық арада бұл Семейдің ең көрнекті нысандарының біріне айналады. Бір жылдан кейін қалалықтар бос уақытын өткізу үшін осында ағылатынына күмән келтірмеймін. Ерекше сәулетті кешен халықаралық жарыс-тарды ұйымдастыруға да қабілетті болады,- деген еді Д.Кенжетайұлы.

Сондай-ақ Даниал Кенжетайұлы «Абай Аренаның» шатырының түсін Туымыздың түсімен сәйкестендіру және осы ауданда әуенді түрлі түсті субұрқақ орнату туралы ұсыныс та айтқан болатын. Субұрқақ Назарбаев Зияткерлік мектебі мен «Абай Арена» кешені аралығында орналасады деп күтілуде.

Нысанның ашылуын асыға күтіп жүрген қала тұрғындарын «Абай Аренаның» ішінде не болатыны қызықтыратыны сөзсіз. Айта кетсек, Абай Арена» мәдени–спорт кешені үш блоктан тұрады. Көп функционалды бірінші блокта 5018 адамға арналған көрермен залы бар. Мұнда кіші футбол, гандбол, теннис, баскетбол ойын алаңдары орналасады. Екінші блок бассейн залдарына арналған: 10 жолақтан тұратын 50 метрлік олимпиадалық бассейн, синхронды жүзуге, биіктіктен секіруге және балаларға арналған бассейн. Үшінші блокта тренажерлік зал, жеке және топпен айналысуға, сондай-ақ балаларға арналған залдар, әртүрлі студиялар қамтылмақ.

Ал кешеннің екінші қабатынан балалар ойын кешені, үлкендерге арналған мәдени орындар және кинотеатр ашылады деп жоаспарланған. Сондай-ақ 60 адамға арналған қонақ үй қызмет көрсетпек.

Қазір аталған аумақта 300-ден астам адам еңбек етуде. Мердігер мекеме «Фирма Азия» ЖШС — директоры Сәуле Досқұжанованың басшылығымен қаламыздағы бірнеше тұрғын үйлер мен құрылыс нысандарын сәтті аяқтаған тәжірибелі компания.

— Құрылыс аумағынан құрылысшылар қалашығы, 200 орындық жатақхана салынды. Себебі күндізгі уақытта барынша жұмыс істеп қалуға тырысамыз. Қызметкерлер мен жұмысшыларға барлық жағдай жасалған, төрт уақыт ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ қызметкерлер мен серіктестік мамандары жолға уақыт жоғалтпас үшін және барлық процестерді бақылауға ыңғайлы болу үшін тікелей құрылыс алаңынан кеңсе салдық,- дейді «Фирма Азия» ЖШС директоры Сәуле Досқұжанова.

Осыдан екі ай бұрын, нақтырақ айтқанда, 9 қазан күні Семейге келген Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев «Абай Аренаның» құрылыс барысына жоғары баға берді.

— Өткен жылы наурыз айында келгенімде Қарағайлы ықшам ауданында Назарбаев Зияткерлік мектебінен басқа ештеңе болмаған. Даниал Кенжетайұлы «Абай Арена» мәдени-спорт кешенінің бой көтеретіні жайлы айтқанда, оның қандай болатынын елестетпеген де едім. Қазір Қарағайлыда тұрғын үйлер мен балабақша бой көтерген, «Абай Аренаның» жартысы дерлік дайын. Мұндай бірегей кешен Өскемен қаласында жоқ,- деген еді Бақытжан Әбдірұлы.

Иә, осыдан бір жыл бұрын 12 гектар аумақ бос жатқан жазық дала болатын. Өткен жылдың желтоқсан айында 3 метрлік фундаменті қаланып, құрылыс жұмыстары бас-талып кетті. Биіктігі 90 метр, салмағы 200 мың тоннаға жететін металл конструкциядан кешеннің негізі қаланды. Бұл металл конструкция «Имсталькон» АО Қарағанды металл конструкциялар зауытында арнайы жасалыпты. Айта кетейік, бұған дейін мұндай ірі жобаларда Ресей, Беларусь, Германия секілді мемлекеттердің өнімдері қолданылып келсе, «Абай Аренаның» құрылысына қазақстандық компанияның өнімдері пайдаланылуда.

— Полимерлік сырмен боялған алюминий сұлбалары орнатылды. Конструкция Қазақстанда жасалған. Түсі оңып кетпейді және күй талғамайды. Өте ұзаққа шыдайды. Жуғыш заттармен де қорықпай жуа беруге болады, — дейді алматылық «Hoffmann Aluminium» ЖШС өндірісінің инженері Владимр Рябко.

«Біз мәңгілікке саламыз» деген ұстанымды басшылыққа алған «Фирма Азия» ЖШС құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуына баса назар аударады. Бұған мекеменің құрылыс жұмыстарына арнайы мамандандырылған серіктестіктерді тартуы дәлел. Мәселен, алматылық «KazStroyTech» ЖШС компаниясы қар мен желдің, суық пен аяздың өтіне төзімді әйнек салумен айналысуда. Адамның салмағын көтеретін бұл шынылар жылуды ұстап тұратын арнайы жабындымен қапталуда.

— Қазір әлемде ғимараттарды әйнекпен қаптау үрдісі белең алып келеді. Бұл, біріншіден, ғимаратқа әсемдік сыйласа, екіншіден жарық береді. Бұрын ғимараттардағы жылуды сақтауда қиындықтар болатын еді. Қазір терезелер арнайы жабындымен қапталады. Ол жазда күн сәулесінің артық жылуын сіңірсе, қыста жылуды сыртқа өткізбейді. Мұндай әйнектерді жылу қабырғаларымен салыстыруға болады. Сондықтан мұнда жылу жүйесіне де, қауіпсіздік жүйесіне де байланысты проблема жоқ. Мұндағы әйнектер ұзаққа шыдайды, үстінен қорықпай жүре беруге болады. Адам салмағын көтереді, — дейді «Hoffmann Aluminium» өндірісінің инженері Владимр Рябко.

Кешеннің шатырын панельдермен жабу жұмыстарымен «РИД» ЖШС айналысуда. Шеңбер тәрізді шатырды жабу шеберлік пен ептілікті талап ететіні сөзсіз. Ылғал өтпеуі үшін бос саңылаудың болмауы маңызды.

Ғимараттың қасбеті витражды әйнекпен қапталады. Жұмысшылардың бір тобы металл конструкцияларды жеткізсе, екінші топ металды монтаждап, доғалау жұмыстарымен айналысуда.

Инженерлік желілерді тарту жұмыстары да құрылыс жұмыстарымен қатар жүріп жатыр.

— Нысан бір мезгілде жылытатын және желдететін құрылғылармен жабдықталуда. Үшінші блокқа жылу тарту жұмыстарын бастап кеттік. Жылыту, желдету жүйелерінің қалай жұмыс істейтінін байқап көрейік деп шештік, — дейді «Фирма Азия» ЖШС директоры Сәуле Досқұжанова.

Қазір құрылыс алаңында ғимараттың тірек жабындысын көтеретін бағаналарды орнату, жөндеу жұмыстары тамамдалды. Бассейндерге арналған екінші блокта бетон және темір-бетон орнату жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бассейндердің асты мен қабырғаларына бетон төселуде. Бетондар арнайы насоспен жеткізіледі. Еден астына құм төсеу жұмыстары да қатар жүріп жатыр. Ал үшінші блокта жертөлені сылау, әрлеу, металл конструкцияларды отқа төзімді сырлармен бояу жұмыстары жалғасуда. Ғимараттың алдыңғы жағына арналған сендвич панелдер, алюминий шатыр құрылғылары монтаждалуда.

Байқағанымыздай, құрылыс аумағында әркім өз жұмысына мығым һәм жауапты. Сүрініп-жығылып, асығыстыққа бой алдырып жатқан ешкім жоқ. Дегенмен еркінсуге де болмайды. Себебі халық «Абай Арена» аймағымыздағы ғана емес, республикадағы бірегей мәдени-спорттық кешендердің бірі болады деп көз тігіп отыр.

«Абай Арена» бой көтерген Қарағайлы ықшам ауданы күн санап жаңа нысандармен толығып келеді. Назарбаев Зияткерлік мектебі, 320 орынға арналған балабақша салынды.

Қазір «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үйлер салынуда, ауданда барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілген.

Осы жылдың соңына дейін 16 үй пайдалануға берілсе, тағы да 18 үйдің құрылысы басталатын болады. Қарағайлыда 30 мыңнан астам адам тұратын болады деген жоспар да бар. Әзірше аталған ауданға №4 автобус қатынап тұр.

Жадыра Төлегенқызы, {jcomments off}«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

4 часа бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

5 часов бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

5 часов бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

5 часов бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

5 часов бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

15 часов бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

2 дня бұрын

Ақпараттық хабарлама

2 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

2 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС