"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Нұрлы жер» бағдарламасы — баспаналы болудың жаңа мүмкіндігі

14.12.2018
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үйлерді салу жалғасуда. Шаһардың жаңа Ақсай ықшам ауданындағы жеке сектордағы 50 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Бұдан бөлек аталмыш бағдарлама шеңберінде Қарағайлыда көп қабатты 8 тұрғын үй салынуда. Жалпы, Қарағайлыда жыл соңына дейін 16 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілмек. Алда тағы 18 үйдің құрылысы басталатын болады. Ауданға барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылған.

2017 жылы Мемлекет басшысының 2016 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасы бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттырып, тұрғын үй құрылысының жаңа тәсілдерін енгізуге бағытталды.

«Нұрлы жер» бағдарламасының артықшылығы – мұнда тұрғын үй мен көп қабатты тұрғын үй сатып алудан бөлек, жеке тұрғын үй салу жүйесі де бар. Бағдарламаның негізгі мақсаты — осы саланы нарыққа барынша бейімдеу.

Бағдарлама аясында, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар үшін арнайы баспаналар салынады. Мәселен, әкімдіктің кезегінде тұрған I топтағы мүгедектер мен жетім балалар жалдамалы үйді ала алады. Бірақ үйді азаматтардың атына аударуға рұқсат жоқ. Сондай-ақ тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы жеке баспана алуға да болады. Оған табысы мен жинақтары бар азаматтар қатысады. Мемлекеттік қызметшілер, дәрігерлер, мұғалімдер сияқты бюджет саласының мамандары, әскери азаматтар және тағы басқа тұрақты жалақысы бар адамдар дәл сол несиелік баспанаға қол жеткізе алады. Бұдан бөлек, екінші деңгейлі банктерді субсидиялау арқылы жекеменшік компаниялардан пәтер сатып алуға мүмкіндік бар.

Семейде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында шаһардағы 10 ауданда, Ақсай, Ұшақтар, Комсомол, Суық бұлақ, Жарқын, Бобровка, Ақ-қайың, Жібек жолы, Кіші Ақтөбе және Степной кенттерінде, жеке тұрғын үйлер бой көтермек. Онда он үш мың жеті жүз он бес жер учаскесі болады. 2017-2021 жылдар аралығында алғашқы тұрғын үйлер Ақсай, Ұшақтар, Комсомол аудандарында салынады.

«Ақсай» ықшам ауданындағы тұрғын үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жеке тұрғын үй құрылысын дамыту атты пилоттық жобасы аясында салынып жатыр. Бұл үйлердің  шаршы метрінің бағасы 120 000 теңгені құрайтын болады. Жеке тұрғын үйлерді жергілікті әкімдікте жер кезегінде тұрғандар ала алады. Айта кетейік, қазіргі күні Семейде жер телімін алу үшін 20 мыңнан астам адам кезекте тұр.

— «Нұрлы жер» бағдарламасы жеке тұрғын үйлер және көп қабатты тұрғын үйлер бағыттары бойынша жүзеге асып жатыр. Алғашқы бағыт бойынша, үміткер жерді мемлекеттен тегін алады, бірақ сол жер теліміне салынған үйді сатып алуы керек. Оны бағдарламаға қатысушы өз қаражатына немесе Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен жеңілдетілген несие арқылы ресімдеп ала алады. Ал көп қабатты 8 тұрғын үйдің құрылысы Қарағайлы ықшам ауданында жалғасуда,- дейді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім жетекшісі Меруерт Ахметуллина.

Мұнда тұрғын үйлерді салумен «Сәт — Транс» ЖШС, «Өркен» ЖШС және Семей Асбест-Цемент бұйымдары зауыты айналысуда. Қазір тұрғын үйлерді электрмен, сумен қамтамасыз ету жүргізілуде. Комсомол және Ұшақтар тұрғын аудандарында су және электрмен жабдықтау жұмыстары жоспарланған.

Қарағайлы ықшам ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 37,7 шаршы метр аумаққа 8 тұрғын үй салуға бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінген. 8 тұрғын үйде барлығы 486 пәтер бар. Пәтерлердің 1 шаршы метрінің құны 140 000 теңгені құрайтын болады. Пәтерлер қалалық әкімдікте жер кезегіне тұрғандардарға және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның салымшыларына қолжетімді болмақ. Жеке тұрғын үйлер де, көп қабатты тұрғын үйлер де «7-20-25» бағдарламасы бойынша 5 пайыздық мөлшерлемемен 25 жылға беріледі.

— Қарағайлы ауданында 54-57 шаршы метр болатын екі бөлмелі пәтердің орташа құны 7 млн. теңгені құраса, 3 бөлмелі пәтерлер 9 млн. теңгеден басталады. Ай сайынғы төлем 31-75 мың аралығында. Қазір Қарағайлы ықшам ауданында Назарбаев Зияткерлік мектебі жұмыс істеп тұр. 320 орындық балабақша құрылысы аяқталған. Жоғары оқу орны студенттеріне арналған 1000 орындық жатақхана мен «Абай Арена» спорт кешенінің құрылысы жүруде.

Сондықтан Қарағайлы ықшам ауданындағы үйлер халық сұранысына ие болады деп ойлаймыз,- дейді М.Ахметуллина.

Облыс әкімі Даниал Ахметов тапсырғандай, Қарағайлыда әрбір пәтерге тиесілі бір жарым көлік тұрақ орындары қарастырылған. Үйаралық жол үш метрдің орнына алты метрге жетті. Сырт көрінісі әдемі және қауіпсіз спорт пен ойын алаңдары салынуда. Тұрғын үйлердің бірінші қабатынан медициналық пункттер мен дәріханалар ашу көзделуде. Жалпы, халыққа қажетті барлық жағдай жасалмақ.

Қазір баспаналы болсам деген 30 000-нан астам семейлік «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның салымшысы болып отыр. Олар baspana.kz порталынан ұнатқан пәтерін таңдап, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға өтініш бере алады. Тұрғын үй сатып алушылар қатарына мемлекеттік бағдарлама талаптарына сай келетін және жоғары балл жинаған адамдар өтеді.

«Нұрлы жер» бағдарламасының артықшылығы – бағдарлама жеке жаңа құрылыс жобаларына қатысуға және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы жеке тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді. Бағдарлама аясындағы алғашқы жарна үй құнының  20%-ын құрайды. Және несие бойынша мөлшерлеме  5%-дан басталады. Ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға қол жеткізу мүмкіндігі бар.

Тұғын-үй жинақ банкі «Нұрлы жер» мемлекттік бағдарламасының басты операторы болып табылады. Бағдарлама бойынша кезекке тұрғандардың қарасы көп. Қыркүйек айында банк Қарағайлы ықшам ауданындағы 8 тұрғын үйдің пәтерлерін сатуға дайындығын білдірген. Бірақ құрылыс жұмыстарының аяқталмауына байланысты осы жылдың соңына дейін шегерілді.

— Салымшыларға несие шарттары жеңілдетілді. Бұрын бастапқы жарна 30 пайыз болса, осы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап 20 пайызға төмендеді. Сондай-ақ пәтерлерді 5 пайыздық жылдық мөлшерлемемен несиеге сатып алуға болады. Бұл бағдарлама бойынша пәтердің 1 шаршы метрі 140 мың теңгеден аспауы керек, — деді ТҚЖБ клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім жетекшісі Меруерт Ахметуллина.

«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысамын дейтін азаматтар алдымен халыққа қызмет көрсету орталығына баруы тиіс. Сол жерде өтініш беріп, әкімдіктің кезегіне тұру қажет. Дегенмен баспана ең бірінші ардагерлерге, жетім балаларға, әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға, мемлекеттік қызметшілер мен бюджет саласының мамандарына берілетінін ескерген жөн. Сондай-ақ соңғы бес жылда адамның атында баспана болмауы шарт.

Жадыра Төлегенқызы, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады

12.01.2026
Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок сарапшыларымен кездесу өткізді. Онда экономикалық даму және экономиканың басым салалары, сондай-ақ сыртқы тәуекел мәселелері сөз...

Толығырақ...Details

Нұртай Сабильянов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

12.01.2026
Нұртай Сабильянов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Semeytany.kz - «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалы жанындағы қоғамдық қабылдау бөлімінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі,...

Толығырақ...Details

Аягөзде депутат Нұртай Сабильянов тұрғындармен кездесті

12.01.2026
Аягөзде депутат Нұртай Сабильянов тұрғындармен кездесті

Semeytany.kz - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов Аягөз ауданына жұмыс сапарымен барып, Аягөз қаласында, сондай-ақ...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегері Төлеген Жанғалиевпен кездесті

10.01.2026
Облыс әкімі мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегері Төлеген Жанғалиевпен кездесті

Semeytany.kz - Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли ақын, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Абай ауданының Құрметті азаматы Төлеген Жанғалиевпен...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Табиғатты аялайық» экологиялық акциясы өтті

10.01.2026
Абай облысында «Табиғатты аялайық» экологиялық акциясы өтті

Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға, табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға...

Толығырақ...Details

Өңірдің өткені мен ертеңі сөз болды: аймақ басшысы ақсақалдар және зиялы қауыммен жүздесті

09.01.2026
Өңірдің өткені мен ертеңі сөз болды: аймақ басшысы ақсақалдар және зиялы қауыммен жүздесті

Semeytany.kz - облыс әкімі Берік Уәли өңірдің дамуына еңбегі сіңген ардақты ақсақал Болат Сапорұлымен, ақын әрі мәдениеттанушы Құсмілия Нұрқасыммен және...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады

15 часов бұрын

2026 жылы Абай облысында 205 шақырымнан астам жергілікті жол жөнделмек

15 часов бұрын

Нұртай Сабильянов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

15 часов бұрын

Аягөзде депутат Нұртай Сабильянов тұрғындармен кездесті

15 часов бұрын

Облыс әкімі мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегері Төлеген Жанғалиевпен кездесті

3 дня бұрын

Абай облысында «Табиғатты аялайық» экологиялық акциясы өтті

3 дня бұрын

Облыс әкімі Берік Уәли Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаевпен кездесті

4 дня бұрын

Өңірдің өткені мен ертеңі сөз болды: аймақ басшысы ақсақалдар және зиялы қауыммен жүздесті

4 дня бұрын

Санитариялық-қорғаныш аймақтарына арнайы талаптар қойылды

4 дня бұрын

Ақсуатта сауда-сервис кеңейіп, бірнеше кәсіпкерлік нысандарының құрылысы жүргізілуде

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС