"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ҚАЛАМҚАС» ҚАРТ СЕМЕЙДЕ

14.12.2018
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

12 желтоқсан, апта сәрсенбісінде Абай театрында «Қаламқас» халықтық ән-би ансамблінің кезекті шығармашылық концерті болып өтті. Өнер ұжымының әуенді сазын сағынған семейліктер бұл жолы да театрға молынан жиналды. Концертті тамашалауға Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, Абай ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров, «Қазақстан барысы» және екі мәрте «Әлем барысының» жеңімпазы Айбек Нұғымаров арнайы келді.

Жарты ғасырға жуық Абай даласы мен қазақ елін әнге бөлеп келе жатқан «Қаламқас» халықтық ән-би ансамблінің шығыс жұртшылығы үшін орны ерекше. Еуропада, Венгрия, Түркия, Қытай мемлекеттерінде қазақ өнерін паш еткен «Қаламқас» ансамблі өткен жылы 45 жылдық мерейтойын атап өтті. «Абай елі – руханият меккесі» атты ансамбльдің бұл жолғы шығармашылық кеші ҚР Тәуелсіздік күніне орайластырылыпты.

Кештің шымылдығын «Шыңғыстау» ұлт аспаптар оркестрі ашты. Одан әрі ансамбльдің көркемдік жетекшісі Нұрбек Өмірбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай ауданының Құрметті азаматы Бақыт Шағатаева, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лау-                                                    реаты, ансамбльдің дәстүрлі әншісі Қайрат Қабышев, ҚР мәдениет саласының үздігі Еркін Жолжігіт, Жанат Хайсина және Жайнагүл Тұрсынбаева, Таңнұр Жақсыбеков сынды ансамбль мүшелері әуезді әндерін шырқады. Сондай-ақ жерлес күйші, ҚР мәдениет саласының үздігі Айбек Бекбосынов «Елбасы толғауы» және «Айбарыс» атты туындыларын тарту етті.

— Батырларды ұлықтау қазақтың дәстүрінде бар. Мәселен, Махамбет өзі батыр бола тұра, Жұмыр, Қылыш деген екі ағайынды батырдың ерлігіне тәнті болып, «Жұмыр — Қылыш» деген күйін өмірге әкелген. Мен де сол дәстүрді жалғастырып, жерлесіміз Айбек Нұғымаров 2013 жылы «Қазақстан барысы» атанғанда, «Айбарыс» атты күй шығардым. Айбек осымен екі мәрте «Әлем барысы» атанып, Абай елінің, Семейдің ғана емес, бүкіл Қазақстанның атын әлемге танытып жүр,- деді Айбек Бекбосынов кеш барысында.

Концерт соңында Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов жұртшылықты құттықтап, «Қаламқас» ансамбліне шығармашылық табыс тіледі.

— 45 жылдық тарихы бар «Қаламқас» ансамблі — Абай елінің ғана емес, Қазақстанның мақтанышы. Абай ауданы мен Семей қаласы арасындағы мәдени байланыс нығая берсін. Абай елі – руханияттың ордасы, киелі мекен. Ұлттық өнерді насихаттап жүргендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Абай ауданы мен Семей қаласы гүлдене берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!- деді Е.Сәлімов.

— Семей қаласы мен Абай елін бөле-жаруға болмайды. Ұлы Абай Семей қаласында алғаш медресенің есігін ашып, білім нәрін алды. Ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлы мен ғұлама Мұхтар Әуезовтің де өмірі мен шығармашылығы Семей қаласымен тығыз байланыста болғанын білесіздер. Семей ядролық полигонының зардабын да Семей мен Абай халқы бірге бастан кешірді. Абай елін Семей халқымен көп жағдайлар байланыстырады. Өнерімізді сіздермен бөлісейік деп бүгін арнайы келіп отырмыз. Баршаңызды алда келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Еліміздің еңсесі биік болсын!- деген Жарқынбек Борашұлы қала әкімі Ермак Сәлімовке естелік сыйлық тапсырды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, {jcomments off}«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

24.08.2026
«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлау күні ел бойынша коалицияның 25 мыңнан...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

24.08.2026
Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

Құрметті қазақстандықтар! Бүгін елімізде маңызды тарихи оқиға – Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихында Жаңа Конституцияға сәйкес...

Толығырақ...Details

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

24.08.2026
«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

Ол Президенттің дәйекті саяси бахыты мен ауқымды реформалары еліміздің дамуында жаңа кезеңге жол ашып, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңызын арттырғанын...

Толығырақ...Details

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

24.08.2026
Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

Экзитпол нәтижесі бойынша ЖСДП Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сайлауында сайлаушылардың 5% аса қолдауына ие болды. Алғашқы болжамды нәтижеге байланысты ЖСДП...

Толығырақ...Details

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

24.08.2026
«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева алғашқы Құрылтай сайлауы аяқталғаннан кейін қазақстандықтарға үндеу жасады. Партия төрағасы бұл сайлауды елдің...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

24.08.2026
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

Ол өз сөзинде азаматтардың білдірген сеньими мен қолдауына ризашылығын жеткізді. «Сайлауалды науқан кезинде еліміздің әр өңірін аралап, талай азаматпен жүздестик....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

10 часов бұрын

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

10 часов бұрын

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

11 часов бұрын

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

11 часов бұрын

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

12 часов бұрын

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

12 часов бұрын

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

1 день бұрын

«Бәрі заңнама аясында өтіп жатыр»: Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстандағы сайлау туралы айтты

1 день бұрын

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары: Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр

1 день бұрын

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС