"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

25 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІҢ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ТАРТУ ЕТТІ

14.12.2018
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сейсенбі, 11 желтоқсан күні Семей қаласының Ядролық медицина және онкология орталығына Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға ем жүргізуде заманауи брахитерапия әдісін қолдануға арналған провайдер үстелін табыс етті. Онкологтердің айтуынша, аталмыш медициналық құрылғы сәулелі ем барысында өзге тіндерді зақымдамай, тікелей ісікті жоюға мүмкіндік береді екен.

Салтанатты табыстау рәсіміне Қазақстанның мәдениет қайраткері Алмас Ахметбекұлы, Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының директоры Гүлнар Сейдолла, қор демеушісі Дәурен Халмет пен қызметкерлері Мархабат Шакреева, Назым Мұхамадиева қатысты.

Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға қолдау көрсету мақсатында 2016 жылы құрылған. Осы аз уақыттың ішінде қор көптеген игілікті істер атқарып үлгерді. Қорды қатерлі ісік дертінен көз жұмған белгілі кәсіпкер, парасатты азамат Асқар Жакулиннің жары Жайна Жакулина құрған болатын. Міне, сол уақыттан бері қор көптеген науқас балалардың ем алуына жағдай жасап, бірнеше ауруханалардың жаңа медициналық құрылғылармен жабдықталуына септігін тигізді.

2017 жылы «Жаңарту» бағдарламасын іске асыру аясында қайырымдылық қоры Семей қаласының Ядролық медицина және онкология орталығына қарқынды терапия және реанимация бөліміне арналған құны 8 млн. теңге тұратын төсектік мониторларды сыйға тартқан болатын.

Бүгін Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының директоры Гүлнар Сейдолла Ядролық медицина және онкология орталығына құны 25  млн. теңгеден асатын провайдер үстелін салтанатты түрде сыйға тартты. Бұл қатерлі ісікпен ауыратын науқастарға заманауи сәуле емі — брахитерапия әдісін дұрыс жүргізуге мүмкіндік береді.

— Қазіргі таңда қатерлі ісікке шалдыққан науқастар қатары көп. Жүргізілген зерттеу нәтижелерінде, мәселен нәзік жандылардың арасында жатыр мойны обырына шалдығатындардың көбі 30-39 жас аралығындағылар. Обырды емдейтін басты емнің бірі — радиация беру. Оның сырттан және іштен беретін екі түрі бар. Іштен берілетін радиация брахитапия әдісі деп аталады. Заманауи брахитерапия әдісін қолдануда провайдер үстелі өте қажетті құрылғы. Неге? Сәулемен емдеу кезінде науқас орнынан 1 миллиметр солға да, 1 милиметр оңға да қозғалмауы керек. Егер науқас радиация беру кезінде қозғалатын болса, басқа сау ағзаға зиян келтіреді. Провайдер үстелі емнің дұрыс жүргізілуіне көмектесетін таптырмас құрал, — деді Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің клиникалық және радиастанциялық онкология кафедрасының меңгерушісі, профессор Тасболат Адылханов.

— Семей қаласының Ядролық мединицина және онкология орталығының директоры Марат Сандыбав мырзаның атынан сәулелі ем кезінде қолданылатын провайдер үстелі қажеттігі туралы ұсыныс түскен болатын. Қайырымдылық қоры қаражат жинап, бүгін табыстап отырмыз. Біздің осы ізгі ниетімізді енді іске асырушы, пайдасын тигізуші ақ халатты абзал жандар, сіздерсіздер.Халықтың денсаулығын сақтап, жақсартуда дәрігерлердің үлесі өлшеусіз. Қолдарыңызға дерт бермесін, — деп ақ тілегін жолдады Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының директоры Гүлнар Сейдолла.

Семей қаласының Ядролық медицина және онкология орталығының ұжымы науқастардың сауығып кетуіне қосқан үлестері үшін Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорына ризашылықтарын білдіріп, алхыс хат табыс етті.

Ал қайырымдылық қоры жақында жарық көрген Жайна Жакулинаның «Шексіз махаббат» атты туындысын сыйлады. Бұл шығарма Асқар мен Жайнаның танысқан күнінен бастап жазылған 29 күнделіктен тұрады.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, {jcomments off}«Семей таңы»


Ұқсас жаңалықтар

«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

25.08.2026
«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

Халықаралық байқаушылар мен сарапшылар Қазақстанда өткен Құрылтай депутаттарының сайлауына, сайлаушылардың белсенділігіне және жаңа парламенттік модельдің перспективаларына оң баға берді. Польшаның...

Толығырақ...Details

«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

25.08.2026
«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі қазақ гобелен өнерінің ұлттық мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық суретші Батима Заурбекованың туғанына...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

25.08.2026
Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпас атанып, жүлделі орындарға и болған оқушылармен және студенттермен кездесті. Салтанатты іс-шараға 21...

Толығырақ...Details

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

24.08.2026
«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлау күні ел бойынша коалицияның 25 мыңнан...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

24.08.2026
Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

Құрметті қазақстандықтар! Бүгін елімізде маңызды тарихи оқиға – Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихында Жаңа Конституцияға сәйкес...

Толығырақ...Details

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

24.08.2026
«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

Ол Президенттің дәйекті саяси бахыты мен ауқымды реформалары еліміздің дамуында жаңа кезеңге жол ашып, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңызын арттырғанын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

10 часов бұрын

«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

10 часов бұрын

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

10 часов бұрын

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

1 день бұрын

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

1 день бұрын

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

1 день бұрын

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

1 день бұрын

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

1 день бұрын

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

2 дня бұрын

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС