"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДАНИАЛ АХМЕТОВ: БИЫЛҒЫ ЖЫЛ СЕМЕЙ ҮШІН ТАБЫСТЫ БОЛДЫ

21.12.2018
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тәуелсіздік күні қарсаңында Семейге облыс әкімі Даниал Ахметов іссапармен келіп, қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Әуелі Семей қаласының әуежайына жүргізілген жөндеу жұмыстарымен танысқан аймақ басшысы шаһардағы Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медициналық колледж бен Электротехникалық колледж жатақханаларының, сондай-ақ «Көз микрохирургиясы SEMEY» орталығының ашылуына қатысты. Сонымен қатар Даниал Кенжетайұлы «Алаш арыстары» музей-үйіне ат басын бұрып, ондағы экспонаттармен танысты және Абай театрында «Абай әлемі» сериясымен жарық көрген 16 томдық кітаптың тұсауын кесті.

Семей әуежайы заманауи талапқа сай

Облыс басшысы алдымен әуежайда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Семей әуежайында жақын күндері, Астана, Алматы бағыттарымен қатар, халықаралық рейстер де жүзеге асырылмақ.

— Кіші ұшақ борттарын қабылдайтын барлық техникалар жеткілікті. Енді үлкен ұшақ борттарын қабылдау үшін негізгі жабдықтар қажет. Қаржы ресурстары бар. Қажетті техникалармен қамту мақсатында ШҚО әкімінің орынбасары Серік Қасымбекұлы 19 желтоқсан күні Астана қаласына барады. Әуежайдан Астана, Алматы, Шымкент, Өскемен, Мәскеу, Санкт-Петербургке, Түркияға және басқа елдерге чартерлік рейстер ұшатын болады. Бұл жұмыстар алдағы бірнеше айда жүзеге асырылады. Әуежай заманауи талапқа сай. Тек дизайнерлік тұрғыдан сәл өзгертулер керек. Компания бұл жұмысты қолға алды, дизайнер мамандар шақырылды. Жақын арада олар әуежайдың интерьеріне өзгерістер енгізетін болады,- деді Даниал Кенжетайұлы.

Студенттер үйі ашылды

Бұдан кейін Даниал Ахметов ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуіндегі тапсырмаларды іске асыру барысында пайдалануға берілген Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі мен Электротехникалық колледждің жатақханаларының ашылуына қатысты. Аймақ басшысы жатақханалардың ішін аралап көріп, студенттермен тілдесті.

Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің жатақханасы 350 орынға арналған, жатақхана ғимаратын сатып алу үшін ШҚО әкімдігі 441 млн. теңге бөлген екен. Ғимарат Титов көшесі, 142 мекенжайында орналасқан. Жалпы ауданы 4907,1 шаршы метрді құрайтын 4 қабатты Студенттер үйінде жиһазбен жабдықталған 113 бөлме, медициналық пункт, акт залы мен оқу залы, гимнастика және тренажер залы, сонымен қатар студенттердің білімдерін, тәжірибелік дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін симуляциялық кабинеттер де бар. Әр қабатта қажетті құралдармен жабдықталған ас әзірлейтін, жуынатын, кір жуатын бөлмелер, сондай-ақ киімді кептіріп, үтіктеуге арналған орындар да қарастырылған.

Электротехникалық колледждің жатақханасы да заманауи стандартқа сай, 350 студентке шақталған. Мұнда акт залы, оқу залы, заманауи компьютерлермен жабдықталып, интернетке қосылған Сo-working орталығы бар. Бұл орталық студенттерге ІТ-технологиялардың көмегімен озық идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қос жатақхананың кілтін табыстаған облыс əкімі Даниал Кенжетайұлы барша студенттерді құттықтады.

— ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуіндегі тапсырмаларына сәйкес, Семей қаласында студенттік жатақханалар пайдалануға беріліп жатыр. Қымбатты жастар, мен сіздерге зор денсаулық, бақытты өмір тілеймін. XXI ғасыр — білім ғасыры. Елбасы айтқандай, қазақ елі бәсекеге қабілетті ел болуы керек. Президент тапсырмасымен барлық мектептерде ІТ-технология мен робототехника сыныптары ашылуда. Семейдегі Электротехникалық колледжі — жаңа технологияны меңгерген мамандарды дайындайтын еліміздегі бірден-бір оқу орны,- деді аймақ басшысы Д.Ахметов.

Сонымен қатар облыс əкімі Электротехникалық колледжде «WorldSkills Kazakhstan-2018» жобасының жеңімпаздарымен кездесіп, жетістіктерімен құттықтады.

«Көз микрохирургиясы SEMEY»

Даниал Кенжетайұлы іссапар аясында «Көз микрохирургиясы SEMEY» орталығына да барды.

Жоғары сапалы офтальмологиялық қызмет көрсететін мұндай орталық Семейде биыл алғаш рет ашылып отыр.

Аталмыш жоба мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкердің инвестиция тартуы арқылы жүзеге асқан. Заманауи инновациялық технологиялармен жабдықталған орталықта көру қабілетін тексерудің кешенді компьютерлік диагностикасы жүргізіледі. Мұнда, катаракта, глаукома, макулодистрофия, диабеттік ретинопатия, астигматизм секілді көз аруларын емдеумен қатар, алыстан және жақыннан көрмеушілікті қалпына келтірудің ультразаманауи нұсқасы – лазермен қалыпқа келтіру әдісі енгізілген.

«Көз микрохирургиясы SEMEY» поликлиникасы Қазақстандағы ірі офтальмологиялық емханалардың иесі, табысты кәсіпкер және офтальмохирург Владимир Кимге тиесілі. Қарағанды, Астана, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Екібастұз қалаларында оның заманауи офтальмологиялық орталықтары халыққа қызмет көрсетуде.

Микрохирургиялық орталықтың жұмысымен танысқан Даниал Кенжетайұлы емхананың әлеуетін жоғары бағалады.

— Биыл Семей қаласы үшін табысты жыл болды. Екі мектеп, екі балабақша, студенттерге арналып екі жатақхана пайдалануға берілді. Енді, міне, заманауи микрохирургия орталығының ашылуына куә болып отырмыз. Орталықтың ашылуы қала тұрғындарының алысқа ұзамай-ақ Семейдің өзінде сапалы қызметке қол жеткізулеріне мүмкіндік туғызып отыр. Елімізде бұрын-соңды болмаған «Абай Арена» кешені де Семейде бой көтеруде. Мұның барлығы семейліктер үшін қуанышты жаңалық,- деді Даниал Кенжетайұлы.

Владимир Кимнің айтуынша, емхана құрылысы мен құрал-жабдықтарына 450 млн. теңге жұмсалған. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың күзінде басталып, бір жыл ішінде тамамдалған.

«Алаш арыстары» музейі

Аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлының келесі бағыты Семей қаласындағы «Алаш арыстары» музейі болды. Ғимараттың тарихымен Абай музейінің директоры Болат Жүнісбеков таныстырды.

Бұл тарихи нысан Абай Құнанбайұлы Семейге келгенде түсіп жүрген үйлерінің бірі болған, сонымен қатар бұл ғимараттың Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатовтың Семейде қызмет еткен жылдарына ерекше қатысы бар. Мұхтар Әуезов осы үйде біраз уақыт тұрақтаған.

1944-1967 жылдары мұнда Абай музейі, 1988 жылға дейін қаладағы балалар кітапханасы орналасқан. 1992 жылдан бері Абай қорық-музейінің бір бөлігі ретінде мемлекеттің қорғауына алынған.

Екі қабатты музей-үйде Алаш арыстары мен Абай Құнанбайұлына қатысты деректер жинақталған. Мұражайдың төменгі қабатында ХІХ-ХХ ғасырларда пайдаланылған үстел, орындық, кітап және киім шкафтары, сандықтар, ас үй жиһаздары қойылса, үстіңгі қабаттағы бөлмелерде арнайы тапсырыспен астаналық сәулетшілер жасаған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезовтің мүсіндері орналастырылған.

«АБАЙ ӘЛЕМІ»

Даниал Кенжетайұлы Семейдегі сапарын Абай театрында өткен «Абай әлемі» сериясымен жарық көрген кітаптар топтамасының тұсаукесер рәсіміне қатысуымен түйіндеді. Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырған тұсаукесер рәсіміне сондай-ақ «Абай әлемі» кітаптар топтамасының бас редакторы жазушы Медеу Сәрсеке, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, академик Ғарифолла Есім, жазушы, ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры Әлібек Асқаров, археолог Зейнолла Самашев, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов және өзге де зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары және студенттер қатысты.

Айта кетейік, «Абай әлемі» кітаптар топтамасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ШҚО әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің тікелей бастамасымен және қолдауымен жарық көрді.

— Аңсаған арманға қол жеткізіп, ұлттық рухымызды жаңғыртқан, әлемге дербес Қазақстанды танытқан Тәуелсіздік мерекесі баршамызға құтты болсын! Азаттықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ. Отанымыз халықаралық құқық субъектісі ретінде дүние жүзіне танылды. Мемлекеттік шекарамыз шегенделіп, ел тұтастығы, жер бүтіндігі қамтамасыз етілді. Сөз жоқ, мұның барлығы халқымыздың маңдайына біткен жарық жұлдызы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пассионарлық тұлғасы мен халықаралық деңгейдегі саяси беделінің арқасы. Ұлы Президентіміз «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында қазақстандықтарды өз тарихымен мақтанып, бірегейлігін сақтауға шақырды. Олай болса, біртұтас бірлігін көзінің қарашығындай сақтаған берекелі халқымыз өткенін мақтан етіп, бүгінін бағалап, ел дамуы жолында жаңа көзқараспен табанды қызмет жасайды деп зор сенім білдіремін.

Құрметті ағайын, қадірменді жерлестер! «Абай әлеміне» ұзақ ғұмыр, баршаңызға сәтті өмір тілеймін. Ұрпағымыз ұлттың ұлы мұрасынан қуат алып, азат елімізді асқар асуларға жетелей берсін,- деді аймақ басшысы Д.Ахметов. Осы кеште аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлы қаламгер, «Абай әлемі» кітаптар сериясының редакторы Медеу Сәрсекеге «Парасат» орденін салтанатты түрде табыстады.

«Абай әлемі» жобасының алғашқы басылымында Астана қаласындағы «Фолиант» баспасынан 10 автордың 16 кітабы 13 689 данамен жарық көрді. Атап айтсақ, ұлы ақын Абай Құнанбайұлы шығармаларының 1-ші, 2-ші томы қазақ, орыс тілдерінде, ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының 1-ші, 2-ші томы қазақ тілінде, Мұхтар Әуезовтің 4 томдық «Путь Абая» роман-эпопеясы орыс жазушысы А.Кимнің аудармасымен орыс тілінде, Қазақстанның тұңғыш халық ақыны атанған Т.Көбдікұлының «Атандым өз тұсымда ақын Төлеу» шығармасы қазақ тілінде, орыс жазушысы Федор Достоевскийдің «Семипалатинский период» шығармасы орыс тілінде, Әміре Қашаубаев туралы «Әнші Әміре» естеліктер жинағы қазақ және орыс тілдерінде, балалар жазушысы Марат Қабанбайдың шығармалары, Медеу Сәрсекенің «Взрыв», «Клад» романдары, Анатолий Ивановтың «Тени исчезают в полдень» романы мен Борис Щербаковтың шығармалары орыс тілінде басылып шықты.

Келесі жылы «Абай әлемі» сериясымен тағы 20 кітап шығару жоспарлануда.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

13.07.2026
Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен инвестиция тарту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында Мақаншы ауданында «құрғақ порт»...

Толығырақ...Details

Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

13.07.2026
Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылындағы «Тарбағатай» жазғы сауықтыру лагері биыл да балаларға есігін айқара ашты. Мұнда аз қамтылған және әлеуметтік...

Толығырақ...Details

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

13.07.2026
Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске...

Толығырақ...Details

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

13.07.2026
Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

Абай облысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және сауықтыру шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мақаншы ауданында 2026–2027 оқу жылында жалпы 4549...

Толығырақ...Details

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

12.07.2026

2026 жылғы маусым айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 39 053 мәміле тіркелген. 2026 жылғы мамырмен салыстырғанда (30 420) мәмілелер саны...

Толығырақ...Details

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

12.07.2026
2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

Фейк: АҚШ-тың Иранның Бендер-Аббас қаласындағы «қазақстандық портқа соққы жасады. ҚР Сауда және интеграция министрлігі: Ирандағы Шахид-Раджаи портының инфрақұрылымы және қазақстандық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында 10 инвестициялық жоба мақұлданды

4 дня бұрын

Үржардағы «Тарбағатай» лагерінде 560 бала жазғы демалысын өткізеді

4 дня бұрын

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Мақаншы ауданында жазғы лагерьде 700-ден астам оқушы демалады

4 дня бұрын

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

5 дней бұрын

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

5 дней бұрын

Алакөлдегі кәсіпкерлерге салық талаптары түсіндірілді

5 дней бұрын

Абай облысында құқықтық көмек алу жеңілдеп келеді

5 дней бұрын

«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті

5 дней бұрын

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС