"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨСЕ БЕР, ӨРКЕНДЕЙ БЕР, ҚҰТТЫ МЕКЕН!

21.12.2018
57
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Еліміздің бас мерекесі Тәуелсіздік   күні — қазақстандықтар үшін ерекше күн. Аймағымыздағы Үржар ауданының халқы да бұл күнді көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Аудандардың 90 жылдығын атап өту жайлы әр қилы пікірлер айтылып жатқаны белгілі. Тарихтың  талай нәубетті кезеңдерін  бастан  кешірген  қазақ халқының 1928 жылдың қыспағында қырылғаны да, «елім–айлап» амалсыз шекара асқан шақтары да ұмытылмайды. Дегенмен тарихтың аты тарих. Әлемдік қауымдастық мойындаған еңсесі биік елге айналып отырған бүгінгі шақта аудандардың құрылған жылын еске ала отырудың да артықтығы жоқ шығар деп ойлаймыз.

Ақиқатын айтуымыз керек, Тәуелсіздік мерекесіне басымдық берген үржарлықтар 90 жылдық деп аста-төк той жасап шашылған жоқ. Өткенге сәл шегініс жасап, тәуелсіз қазақ елінің өркендеуі жолында еңбек етіп жатқандарға құрмет көрсетілді. Қаракерей Қабанбай батыр ауылындағы тарихи-өлкетану мұражайы мен аудандық Мәдениет үйіндегі салтанатты жиында тарихы құнды, болашағы нұрлы өлкенің Егемендігімізді жариялап, тәуелсіздігімізді алған сәттен бастап қол жеткізген табыстары сараланды.

Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар ауданы — тарихы бай, табиғаты көркем, жері құнарлы, халқы еңбекқор өлке. Тарихты парақтар болсақ, Үржар арқылы Ташкент және Семей керуен жолы өткен. Тарбағатай алқабына Семенов Тянь-Шанский, Шоқан Уәлиханов, Әлкей Марғұландар келіп, киелі Үржар жерінің тарихын зерттеп, байлыққа толы табиғатына  таң қалған. Көкжиекпен ұштасып жатқан Тарбағатай тауының сілемдері, қасиетті Жайтөбе, Тоқта-Барлық таулары, айдынды Алакөл, Жалаңашкөл мен шипалы Барлық-Арасан, апай төсті Мақаншы, Таскескен, Үржар өлкелері біртуар азаматтарымыздың назарын аударып, республикамыз бен алыс-жақын шетелдерге танымал болды.

Мерекелік салтанатты шараны ашқан аудан әкімі Серік Зайнулдин Үржар ауданының өткен тарихына тоқталып, Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерді еске салып өтті.

— Құрметті жерлестер, ардақты ағайын, таяуда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялады. «Ұлт тарихындағы кеңестік пен уақыт», «Тарихи сананы жаңғырту» атты екі тараудан тұратын еңбегінде атқа міну мәдениеті, Ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, Алтын адам, түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан — алма мен қызғалдақтың отаны сынды жеті қырын атап берді. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегінде тоғысқан тарихымызға терең үңіліп, түп тамырымызды жете тану, оның күрмеуін шешуге ұмтылу — баршамызға ортақ міндет. Басқаша айтқанда, төл тарихымыздың төлтума болмысын өзіміз ғана біліп қоймай, оны өзгерлерге танытарлық дұрыс ұстанымымыз болуы керек. Бұл тұрғыда біздің алдымызда Үржар ханшайымын, Тарбағатайдың таңбалы тастарын, Найман қала, Сиверс алмасының отаны саналатын Тарбағатай күнгейін зерттеп, зерделеу міндеті тұр. Ұлы даланың ұлы есімдерін дәріптеу арқылы жергілікті тарихи тұлғаларды келешек ұрпаққа үлгі ету – бүгінгі ұрпақ алдында тұрған міндет ,- деді өз сөзінде Серік Зинабекұлы.

Аудан әкімі сонымен қатар ауданның экономикалық дамуы жайлы да баяндап өтті. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, еліміздің барлық басқа өңірлері сияқты Үржар да нарықтық экономикаға көшті. Шаруашылықты жүргізудің жаңа жолын үйрену оңай емес, күрделі асу. Сол ауыр сынақтан, бүгінгі дамудың даңғылына түсу кезіндегі қиындықтардан аудан халқы өздерінің төзімділігі мен қажыр-қайраты арқасында сүрінбей өтті. Жалпы, атағы Қазақстаннан да тыс жерлерге танымал Үржар өңірі, шекараға жақын орналасқандықтан да болар, нарық әліппесін алғашқылардың бірі болып меңгергендердің қатарында.

— Үржар ауданының негізгі бағыты — ауыл шаруашылығы. Тәуелсіздігімізді алған 1991 жылдан бері ауданымызда ет өндіру көлемі үш есеге артып, бүгінгі таңда 19403 тоннаны құрап отыр. Елбасымыздың халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше маңыз беріп отырғандығы баршаға белгілі. Үржар ауданында тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысы да ерекше назарымызда тұрған мәселелердің қатарында. Тұрғын үй құрылысының көлемі 7102 шаршы метрге жетіп, өсу көрсеткіші 40 есеге ұлғайды. Тәуелсіздік жылдарында әлеуметтік маңызды нысандарды салу ісі қарқынды жүргізіліп, заман талабына сай 23 мектеп, 1 балабақша, 4 емдеу мекемесі, 2 спорт модулі, 2 стадион салынып, 1 мәдениет үйі, 15 ауылдық клуб, 8 кітапхана қалпына келтірілді.

Егемен ел болғалы аудандағы өнеркәсіп көлемі 166 млн. теңгені құраса, биылғы жылы 4,2 млрд. теңгеге жетіп, 25 есеге өсті. Аудан бюджеті 1995 жылдары 197,2 млн. теңгені құраса, бүгінгі күні 12 млрд. 418 млн. теңгеге жетті, немесе 63 есеге дейін артты. Биылғы жылы 74 есеге өскен ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі 54 млрд. 390 млн. теңгені құрады. Осы статистикалық мәліметтер арқылы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі қаншалықты өскендігін байқауға болады. Аудан бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы да өз деңгейінде жүргізілуде. Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау бағдарламасы аясында 558 өтінім қабылданып, 410 млн. теңге төленуде,- дей келіп, баяндамасында аудан әкімі шаруа қожалықтары, ауылшаруашылық техникаларын сатып алу жұмысы, тұрғындарды азық – түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін ет комбинаты, диірмен, наубайхана, сүт қабылдау және өңдеу орталықтары, сауда дүкендері, қонақ үй сияқты халыққа қызмет көрсетіп отырған 110-ға жуық кәсіпкерлік нысандарын да атап өтті.

Елбасының назарында тұрған маңызды мәселелердің  қатарында қазақстандық патриотизм мен рухани жаңғырудың орны ерекше. Қазақстанда отандық   туризмді   дамыту жұмысын өз еліміздегі демалыс орындарын өркендету арқылы жолға қоюды Мемлекет басшысы ерекше тапсырып отыр. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда Үржар өңіріндегі суы дертке шипа айдынды Алакөлдің жағалауын абаттандырудың қажеттігі — уақыттың өзі талап еткен мәселелердің бірі. Жалпы, Алакөлдің емдік суы — әлем туристерінің қызығушылығын тудырып отырған табиғаттың байлығы. Соңғы жылдары Алакөлде демалғандар тізіміне көңіл аударып, ресми деректерге сүйенсек, суы шипалы көл тек қазақстандықтар үшін ғана емес, шетелдік туристер үшін де сұранысқа ие демалыс орны болып отыр екен. Келешекте туризм саласын дамыту арқылы түскен қаржы да халыққа қызмет көрсетуде өз үлесін қосады деген үміттеміз. Сол себепті де Алакөл сияқты өз жеріміздегі емдік қасиеті бар байлығымызды халықтың кеңінен пайдалануына жағдай жасау арқылы туризм саласын   дамыту   – кезек күттірмес мәселе. Өлкеміздің мақтанышы, еліміздің інжу-маржаны Алакөлдің суын халықтың неғұрлым көбірек пайдалануы да Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың назарындағы мәселелердің бірі екендігін байқаймыз. Ұлт Көшбасшысы Алакөлге байланысты пікірін телеарна арқылы білдіріп, мұнда бүкіл республика халқы емделіп, демалатын нысандар, туристік орындарды көптеп салу керектігін айтқан болатын. Мемлекет басшысы биылғы жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында да отандық туризмді дамыту мәселелеріне ерекше тоқталды.

Аймақтағы туризмнің дамуына, салауатты өмір салтының қалыптасуына қосатын үлесі зор айдынды Алакөлдің жағалауын абаттандыру жұмыстарына соңғы жылдары билік ерекше назар аударып отыр. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің тікелей қолдауымен облыстық бюджеттен қаржы бөліп, халықтың демалуына қолайлы жағдай жасау мәселесі қолға алына бастады. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тікелей басшылығымен туризмді жандандыру мен жағалауды абаттандырудың кешенді бағдарламасы жасалды. Жоғарыда айтып кеткендей, облыс бюджетінен қомақты қаржы бөлінді. Алакөл жағалауында ауқымды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстардың айқын көрінісі ретінде Қабанбай ауылдық Мәдениет үйі мен тарихи-өлкетану мұражайын атап өткен орынды.

— Алдағы үш жылда Алакөл туристік кешеніне 12 млрд. теңге қаржы бөлу жоспарланып отыр. Биылғы жазғы демалыс маусымында 650 мыңнан астам демалушы келсе, келесі жылы олардың саны 1 млн-ға жетеді деп күтілуде. Мұндай ілгерілеу аудан экономикасына тың серпін бермек,- дейді аудан әкімі Серік Зинабекұлы.

Үржар ауданы — спорттағы жетістіктерімен қуантып жүрген өңірлердің бірі. Аудан халқын бұқаралық спортқа тарту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында тұрғындардың әртүрлі спорт түрімен айналысуына жағдай жасалған. Бүгінде аудан жастары грек-рим күресінен екі дүркін әлем чемпионы, Сеул Олимпиадасының күміс жүлдегері, КСРО-ның 7 дүркін чемпионы Дәулет Тұрлыханов сынды ағаларынан үлгі-өнеге алып, бой түзеуде. Атап айтқанда, Бейжің Олимпиадасында қола жүлдеге ие болған Әсет Мәмбетов, Әсет Иманбаев, Дархан Баяхметов, шаңғы спортынан алғашқы ондыққа кірген Оксана Яцкая, елімізге белгілі шаңғышы Диас Кенешовтер Үржардың атын әлемге танытып жүр.

Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Сағдат Садықов, Думан Әлдиев, Қуаныш Салықбаев, Айбек Атажанов, Айдар Қайырбаев, Ерлан Сләмбаев, Еркебұлан Қосаев, Алмат Кебісбаев, Ерлан Серікжанов, Дархан Өрікбаевтар — әртүрлі деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары, аудан жастары мен ел-жұрттың мақтаныштары.

Үржар — өз жерін мекендеп жатқан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін бір үйдің баласындай ұйытып отырған құтты мекен. Тілі басқа болғанымен, тілегі бір, тағдырлас, бауырлас, туған-туыстай болып кеткен өңірдің тұрғындары, барлық қазақстандықтар сияқты, қуғын-сүргінді де, ашаршылықты да, сұрапыл соғысты да көрді. Еліміз Тәуелсіздігін алғаннан кейін де талай қиындықтар мен ауыртпашылықтарды бастан бірге өткерді. Қиын кезеңде де бірлігі мен берекесінен айырылмай, қазақылықтың қаймағын бұзбай отырған бұл өлкенің адамдарының әрқайсысын Елбасы айтып отырған рухани жаңғырудың үлгісі етіп көрсетуге болады. Кез келген отбасының береке, байлығы, ырысы отағасының қабілетіне байланысты қалыптасады десек, ауданның да өсіп-өркендеуі бірінші басшысының жұмысты сауатты ұйымдастыра білуіне байланысты екені сөзсіз.  Бұл орайда ауданымызды соңғы бес жылдан бері басқарып келе жатқан Серік Зайнулдиннің талап қойғыштығы мен тынымсыз еңбегінің ықпалы зор деп айтуымызға болады.

Сонымен, мереке күні ауданды өркендетуге үлес қосқан еңбек ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетілді. Олардың қатарында Данияр Жәлепов, Уәли Бозабаев, Мағрипа Берікболова, Совет Хангелдин, Артықбай Қуанышев, Дәулетхан Қабдолдин, Зоя Буланова, Сайлаухан Байжанов, Қайныш Әубәкірова, Шолпан Әбдірешова, Қажығалым Мұқанов, Сәкен Шарапиев сияқты аудан тұрғындары бар. Олар аз емес. Әрқайсының еңбегі ерекше атап өтуге лайықты. Өкінішке орай, бүгін аттарын газет бетінде түгел тізіп шығуға мүмкіндік болмай отырғандықтан, ардақты аға-апаларымыздан кешірім өтіне отырып, түсіністікпен қарарсыздар деген ойдамыз.

Аудан әкімі Серік Зинабекұлы еліміздің бас мерекесі күні Үржар топырағында туып, бұл күндері есімдері респубикаға танымал болған ақиық ақындар мен әнші, сазгерлерді, Кеңес Одағының Батырлары мен тыл ардагерлерін, соғыс даласында ерлік көрсеткен майдангерлерді, көпбалалы аналарды, Чернобыль апатының қаһармандары мен батырларын, ауданның өсіп-өркендеуіне үлестерін қосқан азаматтар мен азаматшаларды да ұмытпай, есімдерін  құрметпен атап өтті.

— Құрметті аудан тұрғындары, алда ауқымды міндеттер күтіп тұр. Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу туралы Елбасымыздың бастамасы әрқайсымыздан батыл әрекетті талап етеді. Әрқайсымыз өз ісімізді кәсіби меңгерумен ғана шектелмей, қарапайым халықтың жоғын жоқтап, мұң-мұқтажын түгендеп, сынға түсер сәтті сырттан қызықтамай, толайым табыстарды өз қолымызбен жасайық. Осындай жетістіктерге жетуде бізге дұрыс бағыт-бағдар беріп келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлы Ахметовке алғысымды білдіремін. Келер күндерде атаның өсиетіне, ананың қасиетіне адал, есесін ешкімге жібермейтін, еңсесін ешқашан түсірмейтін намысшыл қауым болып, атажұртымыз Үржардың абыройын асқақтату жолында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып еңбек ете берейік! Үржар ауданының 90 жылдық мерейтойы құтты болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Ең бастысы, халқымыз, Елбасымыз аман, еліміз мәңгілік болсын!- деді аудан әкімі баяндамасында.

Елбасы алдағы жылды Жастар жылы деп жариялағаны белгілі. «Серпер» жастар сыйлығының иегері, докторант, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ержан Жұмабек сөз алып, өзінің шығармашылығындағы жаңалықтармен жерлестерін таныстырып өтті.

Салтанатты шара марапаттау рәсіміне ұласты. «Астана қаласына 20 жыл» медалімен Нағима Жақиянова, Советқан Қалиев, Болат Жирентаев, «Үржар ауданына 90 жыл» мерекелік медалімен Жабайыл Бейсенов, Қаленбек Қарашев, Мұхамедқали Бітімбаев, Біржан Тұрлыбеков, Хизамади Тоқтарбаев, Бақытхан Үдербаева сынды ауданға еңбегі сіңген 30-дан аса адам марапатталса, Үржар ауданының Құрметті азаматы атағына Серікжан Жүнісов, Сәкен Шарапиев, Оразанбай Тургазин, Берікбол Жақыпов, Мұратқазы Саябаев, Тілеуқабыл Мешелов, Дүйсенғали Байқуатов, Шалқар Жоламанов, Тәттімбет Кәпұлы, Ержан Жұмабек ие болды. «Жылдың мемлекеттік қызметшісі», «Жылдың ауыл шаруашылығы қызметкері», «Жыл кәсіпкері», «Жыл педагогі», «Жыл дәрігері», «Жыл спортшысы», «Жылдың мәдениет қызметкері» аталымдарын Марат Мұсабаев, Николай Жучок, Рымжан Ауденбаев, Салтанат Қуанышева, Анатолий Жүнісов, Ерлан Серікжанов, Фарида Төлегенова иеленсе, «Жыл адамы» номинациясын Ержан Жұмабек жеңіп алды.

Ауданның 90 жылдық мерейтойына арналып ұйымдастырылған жыр мүшәйрасының жеңімпазы болып Айжарық Абылқасым мен Ерболат Күнболатұлы танылды.

Сондай-ақ «Үржарым — үкілі ән-жырым» атты ән сайысында «Үржарым — аманат» әнін орындаған Қанат Сәтмұхамбетов пен әннің сөзін жазған Бекембай Аққалақов жеңімпаз атанды.

Салтанатты шараның ұйымдастырылуына атсалысқан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанат Андасова мен Мәдениет үйі ұжымының еңбегін де айта кету қажет. Тамаша әндер мен театрландырылған көріністер аудан тұрғындарының көңілінен шығып, өнерпаздар зор қошемет пен алғысқа ие болды.

Өнердің туын биік көтеріп, мәдениет саласына әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқан Серік Зинабекұлы 12 мәдениет қызметкерін баспанамен қамтамасыз етіпті. Алдағы уақытта тағы бір баспана берілетінін айтқан аудан басшысы Жанат Заманбекқызы мен аудандық Мәдениет үйінің басшысы Майра Кебісбаеваға алғысын білдірді.

Мерекелік салтанаттан кейін Қабанбай батырдың рухына бағыш-талып ас берілді.

Міне, бірлігі бекем, Тәуелсіздігі тұрақты ұлан-байтақ Қазақстанның шағын ғана бір бөлігі Үржар еліміздің ең үлкен мерекесін осылай атап өтті.

Нұрсұлтан ЕСЕМБАЕВ, {jcomments off}«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Қаза тапқандар бар: Қарағандыда пойыз бен Mazda соқтығысты

18.09.2025
Қаза тапқандар бар: Қарағандыда пойыз бен Mazda соқтығысты

Semeitany.kz - Қарағанды облысында жолаушылар пойызы мен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам оқиға орнында қаза тапты. Оқиға 17 қыркүйек күні...

Толығырақ...Details

Биыл 855 мыңнан аса отбасыға 404,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

18.09.2025
Биыл 855 мыңнан аса отбасыға 404,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

Semeytany.kz - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2025 жылдың басынан бері көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға орта...

Толығырақ...Details

Семейге 200 орындық балалар ауруханасы, жаңа емханалар мен стадион салынады

18.09.2025
Семейге 200 орындық балалар ауруханасы, жаңа емханалар мен стадион салынады

Semeytany.kz - Абай облысында 79 жоба әзірленіп, оның 33-і даму жоспарына сай кезең-кезеңімен іске асады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде...

Толығырақ...Details

Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

17.09.2025
Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

Semeytany.kz – Жапонияда жаңадан құрылған «Жаңғыру жолы» (Path to Rebirth) партиясы жетекшілік қызметті жасанды интеллектке жүктейтінін мәлімдеді. Мұндай шешім партияның...

Толығырақ...Details

Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

17.09.2025
Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

Semeytany.kz - Абай облысы Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі Германияның «MICHEL METALLBAU GmbH & Co. KG», «A&E NENASCHEW GMBH...

Толығырақ...Details

Бір аптада екі бас жүлде: Абай театры халықаралық сахналарда топ жарды

17.09.2025
Бір аптада екі бас жүлде: Абай театры халықаралық сахналарда топ жарды

Semeytany.kz - Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұжымдары Ұлытау облысы Жезқазған мен Талдықорғанда өткен халықаралық театр фестивальдерінде бас жүлделерді...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қаза тапқандар бар: Қарағандыда пойыз бен Mazda соқтығысты

2 часа бұрын

Биыл 855 мыңнан аса отбасыға 404,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

2 часа бұрын

Семейге 200 орындық балалар ауруханасы, жаңа емханалар мен стадион салынады

3 часа бұрын

Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

15 часов бұрын

Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

15 часов бұрын

Бір аптада екі бас жүлде: Абай театры халықаралық сахналарда топ жарды

16 часов бұрын

Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту әдебі жөніндегі дінаралық комиссия құруды ұсынды

16 часов бұрын

Киелі жерлер — өзара құрмет пен халқымыздың мәдени саналуандығының символы — Президент

16 часов бұрын

Діндер съезі: Президент Тоқаев қатысушыларға мемлекеттік наградалар табыс етті

16 часов бұрын

900 мың теңгеден жоғары: Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы алатындардың алғашқы бестігі жарияланды

22 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС