"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҮЗДІК ЭНЕРГЕТИКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

25.12.2018
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстанда желтоқсан айының әрбір үшінші жексенбісінде Энергетиктер күні аталып өтеді. Мерекеге орай Қалалық Мәдениет сарайында еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірі «Шығыс Қазақстан Аймақтық энергетикалық компаниясы» мекемесінің үздіктерін марапаттау салтанаты өтті. Іс-шараға Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, «ШҚ АЭК» АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы Шалқар Нұртілеуов және «ШҚ АЭК» АҚ басқармасының төрағасы Ерлан Киркинбаев, сондай–ақ аталмыш сала қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.

{jcomments off}Бүгінгі қоғам өмірін электр жарығынсыз елестету мүмкін емес.  Иә, кез келген мемлекеттің күш-қуатының басты көрсеткіштерінің бірі саналатын энергетика ел экономикасының базалық саласы болып табылады. Оны экономиканың күре тамыры, тірегі деуге әбден лайық. Міне, халыққа жарық пен жылу сыйлайтын энергетиктердің кәсіби мерекесі қаламызда кең көлемде аталып өтті. Салтанатты жиынға қатысқан қала әкімі Ермак Сәлімов сала қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады.

— Ардақты ағайын, құрметті энергетика саласының қызметкерлері! Сіздердің қоғам мен адамзат алдындағы еңбектеріңіз орасан зор, қызметтеріңіз құрметке лайық. Себебі әрбір адамның, барлық мекемелердің тұрақты қызмет етуі энергетик мамандарға тікелей байланысты. Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Баршаңызға жақсылық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс тілеймін. Аспанымыз ашық болсын,- деді қала әкімі Ермак Бидахметұлы.

Алқалы жиынның ресми бөлігінде «ШҚ АЭК» АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы Шалқар Нұртілеуов еңбегімен ерекшеленген сала мамандарына «Мінсіз қызметі үшін» медалін және бағалы сыйлықтар — смарт теледидарлар тарту етті. «ШҚ АЭК» АҚ басқармасының төрағасы Ерлан Киркинбаев «ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі», Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығының «Құрметті энергетик» наградаларын және «Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгілерін табыстады. Сондай-ақ «ШҚ АЭК» АҚ-ның қызметкерлері кәсібилігі әрі көп жылғы адал еңбектері үшін «100 жыл Семей электр желісі» медалімен марапатталды.

Семей қаласы «ШҚ АЭК» АҚ-ның басшысы Бауыржан Смағұловтың айтуынша, Семей электр желісінің құрылғанына 100 жыл толып отыр. Мереке кезінде «ШҚ АЭК» компаниясы игілікті істерден де тыс қалған жоқ. «Жетім көрсең, жебей жүр» демекші, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне, Семей қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық – әлеуметтік мекемесіне қажетті заттар мен сыйлықтар тарту етті. Сонымен қатар іргетасы 2012 жылы «ШҚ АЭК» АҚ компаниясының демеушілігімен қаланған «Ажар» балабақшасына да жылдағы дәстүр бойынша компания атынан бағалы сыйлықтар табысталды.

Шараның салтанатты бөлігінен кейін көпшілік назарына мерекелік концерт ұсынылды. Ұлттық музыка ойналып, мың бұралған бишілер өз өнерлерін ортаға салды.

Қуандық НӘСІПБЕКОВ, «Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

25.08.2026
«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

Халықаралық байқаушылар мен сарапшылар Қазақстанда өткен Құрылтай депутаттарының сайлауына, сайлаушылардың белсенділігіне және жаңа парламенттік модельдің перспективаларына оң баға берді. Польшаның...

Толығырақ...Details

«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

25.08.2026
«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі қазақ гобелен өнерінің ұлттық мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық суретші Батима Заурбекованың туғанына...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

25.08.2026
Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпас атанып, жүлделі орындарға и болған оқушылармен және студенттермен кездесті. Салтанатты іс-шараға 21...

Толығырақ...Details

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

24.08.2026
«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлау күні ел бойынша коалицияның 25 мыңнан...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

24.08.2026
Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

Құрметті қазақстандықтар! Бүгін елімізде маңызды тарихи оқиға – Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихында Жаңа Конституцияға сәйкес...

Толығырақ...Details

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

24.08.2026
«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

Ол Президенттің дәйекті саяси бахыты мен ауқымды реформалары еліміздің дамуында жаңа кезеңге жол ашып, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңызын арттырғанын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

11 часов бұрын

«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

11 часов бұрын

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

11 часов бұрын

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

1 день бұрын

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

1 день бұрын

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

1 день бұрын

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

1 день бұрын

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

2 дня бұрын

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС