"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАР ЖАҚСЫЛЫҚ — БАЛАЛАРҒА

25.12.2018
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында қаламыздағы №{jcomments off}49 жалпы білім беретін мектепте «Самұрық-Қазына Траст» компаниясы және «Дара» қайырымдылық қорының бастамасымен ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету орталығы ашылды. Жиынға Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, «Самұрық — Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының Корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры Мирас Іргебаев, «Дара» қайырымдылық қорының мүшесі Сәуле Бексұлтанова, ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Байжанова, Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Н.Фесенко және ата-аналар мен оқушылар қатысты.

Дамуында ауытқуы бар балаларды түзетумен айналысатын мекеменің жұмысымен танысқан шаһар басшысы Ермак Сәлімов орталықтың маңыздылығына тоқталды.

— Балалардың өмірін жақсартып, лайықты және табысты болашаққа қол жеткізуге мүмкіндік беру үшін білікті мамандардың көмегі ауадай қажет. Сондықтан да ерекше оқытуды қажет ететін балаларға және олардың отбасыларына жәрдем көрсететін осындай орталық ашылып отыр. Енді бүлдіршіндеріміз білікті мамандардың демеуімен қатардан қалмай тиісті деңгейде білім ала алатын болады. Мұндай орталықтың ашылуы — ата-аналар үшін қуанышты жаңалық. Ұжымға сәттілік тілеймін, балаларымыз ауырмасын,- деді Ермак Бидахметұлы.

Бұл — «Дара» қайырымдылық қоры, ШҚО-ның білім басқармасы, «Samruk-Kazyna Trust» қайырымдылық қорының қолдауымен ашылған облысымыздағы екінші кабинет. Онда дефектолог, психолог, логопед, сурдопедагог, тифлопедагог сынды мамандар қызмет көрсетеді. Ақысыз түрде қызмет көрсететін түзету кабинеті жылына 150 балаға дейін емдеу жұмыстарын жүргізе алады.

Жиын барысында «Дара» қайырымдылық қорының мүшесі Сәуле Бексұлтановаға және «Самұрық — Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының Корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры Мирас Іргебаевқа орталықтың құрылуына сүбелі үлес қосқаны үшін ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Бекқызының алғыс хаты тапсырылды. Сонымен қатар ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Байжанова орталық қызметкерлеріне ноутбук сыйлады. Өз кезегінде Айгүл Байжанова мұндай орталықта дәріс алып, ем қабылдаған науқас балғындардың қатарға тез қосылып кетуіне мол мүмкіндік болатынын айтты.

Айта кетейік, психологиялық–медициналық комиссияның мәлімдемесі бойынша, Семей қаласында екі мыңнан астам ерекше білім беруді қажет ететін жеткіншек бар. Оның ішінде 462 бала денсаулықтарына байланысты біліммен қамтылмай отыр. Жаңадан ашылған орталықта көмекке зәру жеткіншектерге барынша қолдау көрсетілетін болады.

Қуандық НӘДІРБЕКҰЛЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС