"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТАРИФТЕРІ АРЗАНДАЙДЫ

28.12.2018

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық қызметтерге арналған тарифтердің бағасы төмендейтін болады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Қайрат Оразбаев Қоғамдық кеңес отырысында мәлімдеді.

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында аталған тапсырмаларды іске асыру шеңберінде ШҚО-ның барлық қалалары мен аудандарында коммуналдық қызметтерге арналған тарифтерді төмендету туралы шешім қабылданған. Осыған орай 46 табиғи монополия және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері өздігінен 80 тарифті төмендетті. Нәтижесінде барлық тарифтерді төмендетудің жалпы экономикалық тиімділігі 2,5 млрд. теңгеден асқан. 2019 жылы төмендетілген тарифтер бойынша 82 табиғи монополия субъектілері 117 тариф бойынша жұмыс істейтін болады. Оның ішінде сумен жабдықтау қызметтеріне 58, су тарту қызметтеріне 22, жылумен қамту қызметіне 29, электр энергиясымен қамту және тарату қызметтеріне 8 тариф бар.

— 1 қаңтардан бастап облысымыздағы қалалар мен аудандарда 39 табиғи монополия субъектілерінің 70 тарифі 3 пайыздан 10 пайызға дейін төмендейді. 2018 жылдың 1 тамызынан бастап 22 уақытша төлемді төмендету тарифтері енгізілген болатын. Нәтижесінде 22 бағыт бойынша қызмет тарифтері 1%-дан 21%-ға дейін қысқарып, төлем тарифтерінің жалпы экономикалық тиімділігі 190 млн. теңгеден асты,- деді Қайрат Оразбаев.

Кездесу барысында «Семей — Водоканал» МКК-нің директоры Еркін Сағындықов келер жылдың басында тұрғындарды сумен қамту тарифтері 5 пайызға арзандайтынын айтты.

— Сумен қамту төлемін төмендету электр энергия шығынын үнемдеу арқылы жүзеге асырылды. Таяуда жиілік түрлендіргіш және су есептейтін заманауи жабдықтар орнатылды. 2018 жылдың 1 мамырында біз тарифті 5% — ға көтерген болатынбыз, келер жылдың басында қайта 5% -ға азайтамыз,- деді Еркін Сағындықов.

Сонымен қатар жиында электр энергиясымен қамту мәселесі де айтылды. Себебі жарықпен қамту қызметі төлемінің жиі және күрт өзгеруі тұрғындарды толғандырып отырған сұрақтардың бірі.

— Қауіпсіздік кеңесінде Мемлекет басшысы жарықпен қамтамасыз ету ұйымдарының жұмысын сынға алған болатын. НәтижесіндеЭнергетика министрлігі бүгінде 46 энергия көздері үшін жеті жыл бойы өзгермейтін шектік бағаны бекітті. Яғни енді электр энергиясы қызметінің бағасы жеті жыл бойы тұрақты болады деп ойлаймын,- деді Қайрат Оразбаев.

Қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифтері жаңа жылда да еш өзгеріссіз қалуы керектігін және коммуналдық қызметтердің өз тарифтерінің құнын көтеруі заңға қайшы екенін айтты.

— Бекітілген тариф бар. Сондықтан олардың өздігінен бағаны көтеруі заңсыз болып табылады. Біз бекітілген тариф шеңберінде жұмыс істеуіміз керек. Кәсіпкерлер ескі тәсілмен жұмыс істеуді тоқтатып, барлық іс-әрекеттерін заңды түрде сауатты жүзеге асыруы қажет, — деді Николай Ушаков.

Сондай-ақ кездесуде Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік өнімдерінің бағасын өсіру мәселесі де көтерілді. Департамент басшысының айтуынша, бүгінде азық-түлік тауарларының бағасына күнделікті мониторинг жүргізіледі.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, {jcomments off}«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19.11.2026
Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтары. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке бас...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

16 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

16 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19 часов бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

20 часов бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

20 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

2 дня бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

2 дня бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС