"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КІТАПХАНА ҚАЖЕТ ПЕ, ӘЛДЕ АУРУХАНА МА?

04.01.2019
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада Абай кітапханасында Қоғамдық кеңес мүшелерінің қоғамдық тыңдауы өтті. Күн тәртібінде Семей қаласындағы консульта-тивтік-диагностикалық орталықтағы медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселесі қаралды.

Орталық басшысы Жанат Молдағалиеваның айтуынша, аталмыш емханада науқастарды қабылдайтын орын тапшы. Сондықтан емхана басшысы Қоғамдық кеңестен қосымша ғимарат бөлуге көмектесуін сұрады.

— Консультативтік-диагности-калық орталықтағы жалпы тәжірибелік дәрігер (ЖТД) бөліміне 28 мыңнан астам адам бекітілген. 18 участоктің тұрғындарына қызмет көрсетіледі. Күніне 360-қа жуық адам медициналық көмек алады. Ауруханаға бекітілген тұрғындар санының артуына байланысты және учаскелік дәрігерлер жүктемесін азайту үшін қосымша екі ЖТД кабинеті, 1 балалар дәрігері кабинеті, 2 қосымша кабинет, студенттерді қабылдайтын терапевт дәрігерлерге 2 кабинет қажет. Медицина қызметкерлеріне арналған ординаторлық кабинет тар. Онда 18 дәрігер мен 40-тан астам медбике жұмыс істейді. 60  000 орынға арналған алғашқы психикалық орталықтың ашылуына байланысты 5 дәрігер кабинеті, 2 психоэмоционалдық көмек беретін, 1 санитарлық-гигиеналық кабинет, сондай-ақ психотропты және күшті әсер етуші препараттарды сатуға арналған дәріхана қажет. Келесі жылдан бастап 4 категория бойынша жедел жәрдем қызметі жұмыс істей бастайды. Ол үшін де 4 кабинет қажет,- деген Жанат Тұрсынғалиқызы жалпы аумағы 230 шаршы метрді құрайтын ғимарат қажет екенін жеткізді және Уранхаев, 20/22 мекенжайында орналасқан ғимараттың сол жақ қапталындағы балалар кітапханасын аурухана қажеттілігіне босатып беруді өтінді. Диагностикалық орталық басшысының сөзіне сүйенсек, емделуге мұқтаж жандардың саны кітапханаға келушілерден 100 есе көп.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожинаның айтуынша, Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 32893 кітап қоры   бар. 2010 жылы кітапхана ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мүгедек балалардың кіріп-шығуы үшін пандус қойылған. 2016 жылы кітапхана ғимаратының жартысының амбулатория иелігіне берілуіне байланысты, мүгедек балалардың   келуі қиындаған.

— Денсаулықтың адам өмірі үшін маңыздылығын жоққа шығармаймыз. Бірақ балалар мен жасөспірімдер кітапханасы да өте қажет. Консультативтік-диагностикалық орталық пациенттерге жайсыздық тудырып отырса, біздің кітапханада да орын тапшылығы байқалады. Кітапханада 32  893 кітап қоры бар. Оның 10 мыңы орын болмағандықтан кітап сөрелеріне қойылмаған. Консультативтік-диагности-калық орталықтың балалар кітапханасының ғимаратын босату туралы өтініші орынсыз деп ойлаймын. Бұл — балаларға қызмет көрсететін қаладағы жалғыз кітапхана,- деді Н.Аққожина.

Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан Семей қаласындағы консультативтік-диагностикалық орталықтағы орын тапшылығын шешуге байланысты әртүрлі пікірлер айтылды. Бірі амбулатория басшысының ұсынысын қолдаса, енді бірі әр участокке арналған типтік емхана салудың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу туралы жергілікті әкімдікке ұсыныс тастау керек деген ойларын ортаға салды. Балалар мен жасөспірімдер кітапханасын Балалар мен жастардың шығармашылық сарайына көшіру туралы ұсыныс та айтылды. Сондай-ақ жаңа тұрғызылған тұрғын үйлердің бірінші қабатын кітапхана немесе аурухана иелігіне беру туралы келісімшарт жасау керек деушілер де болды.

Қоғамдық кеңес төрағасы Жанна Жибраева барлық ұсыныстарды сараптап, мәселенің шешімін қала әкіміне жеткізетінін айтты.

Жадыра Самат, {jcomments off}«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС