"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

04.01.2019

Жаңа жыл қарсаңында Семейде 150 балаға арналған «Erudit Kids» атты жаңа балабақша есігін айқара ашты. Балалар бақшасының ашылу салтанатына қала әкімі Ермак Сәлімов, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенко және өзге де қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.

Балабақшаның ерекшелігі — мұндағы оқыту жүйесіне Монтессори бағдарламасы енгізілген. Монтессори әдісінің ұраны — «Баланың кешеден қарағанда бүгін үздік жасағанын қолдап, қолпаштау». Егер бүлдіршінге бір саланы игеру үшін қосымша уақыт қажет болса, келесі сатыға өтпей тұрып меңгеру мүмкіндігі беріледі.

Балалар жекелей немесе топпен жұмыс істей алады. Оқыту процесі әр баланың қызығушылығына орай жүргізіледі. Бұл оқушыны тәуелсіздік пен еркіндікке баулиды. Сабақта үнемі жарысқа түсудің қажеті болмағандықтан, өзін-өзі төмен бағалау мәселесі де туындамайды. Бүлдіршіндер топпен жұмыс істеу барысында әртүрлі әлеуметтік рөлдерді меңгереді.

Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде сертификатталған дидактикалық Монтессори, STEAM әдістері бойынша баланы жан-жақты дамытуға арналған кабинеттер қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ балалар ағылшын тілі, шахмат, каратэ, джиу-джитсу, логика, хореография, вокал, домбыра, мәнерлеп оқу, робототехника курстарына қатыса алады.

— Біз, ең алдымен, бала бойында бұғып жатқан қабілеттерді ашуға, оятуға баса мән бердік. Бұл бағытта ата-аналармен өнімді жұмыс жүргізгіміз келеді. Мақсатымыз — баланың тұлғалық қасиеттерін дамытудың негізін қалыптастыру. Бүлдіршіндер осы кезден бастап өзіне жақын өнер түрін таңдап, өздігінен шешім қабылдауға, тәуелсіз, еркін, тәртіпті болуға үйренуі керек, — дейді «Erudi group» балабақшасының тең құрылтайшысы Азамат Азатов.

Білім бөлімі иелігіндегі ғимаратқа мемлекеттік – жекеменшік әріптестік негізінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сенімді басқаруға беріліпті.

— Жөндеу жұмыстарына дейін бұл ғимараттың тек қираған қабырғалары ғана болды. Шатыры да, терезесі де жоқ еді. Көп жұмыстар атқарылды, енді, міне, қолданысқа беріліп, жаңа балабақша ашылып отыр. Өздеріңіз көргендей, балабақшаның ойын алаңдары мен жатын бөлмелері кең әрі жарық. Оның үстіне Монтессори әдісі аясында бүлдіршіндерді жан-жақты дамытуға, еркіндікке үйретуге барлық мүмкіндіктер қарастырылған,- дейді Н.Фесенко.

Семей қалалық білім бөлімі басшысының айтуынша, мекемеде үштілділікті дамытуға көңіл бөлінбек.

Айта кетейік, балабақша Чехов, 123 А мекенжайында орналасқан. Мекеме қаңтар айынан бастап балаларды қабылдай бастайды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, {jcomments off}«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19.11.2026
Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтары. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке бас...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

16 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

16 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19 часов бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

20 часов бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

20 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

2 дня бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

2 дня бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС