"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОКРУГ ӘКІМДЕРІ ЕСЕП БЕРДІ

04.01.2019
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қалалық баспасөз орталығында Ертіс және Озерки ауылдық округтерінің әкімдері есеп берді.

Ертіс ауылдық округінің 9 елді мекенінде 2511 тұрғын бар. Жер көлемі 40 мың гектарды құрайды. Оның 25 мыңы ауыл шаруашылығына арналған жерлер. Ауыл халқы, негізінен, мал шаруашылығымен айналысады. Ауылдық округте 40 шаруа қожалығы, 2 орта білім беретін мектеп, Прииртышский және Мұқыр ауылдарында дәрігерлік амбулатория, Мұрат ауылында фельдшерлік пункт жұмыс істеп тұр.

– Ертіс ауылдық округі Ертіс және Мұқыр өзендерінің жағалауында орналасқан. 7 мемлекеттік қызметкер әлеуметтік сала, жастар саясаты, кадр жұмысы, экономика және бухгалтерлік жұмыстармен айналысады. Ұлт жоспары — «100 нақты қадам» бағдарламасы орындалуда. 2018 жылдың 1 қаңтарынан округке мемлекеттік бюджеттің 4-деңгейі – жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті енгізілді. 2019 жылға бекітілген бюджеттік бағдарлама 34 млн. 155 мың теңгені құрайды, — дейді Ертіс ауылдық округінің әкімі Қасен Сейітқасымов.

Округ әкімінің айтуынша, округте сүт және ет өндіру жұмыстары жақсы жолға қойылыпты. Биылғы жылы «Нұр» шаруа қожалығының базасында сүт өндіретін тауарлық ферма ашылған. Қазір 146 бас сүтті сиыр сауылуда. Сондай-ақ сүт өңдейтін цехта 2-2,5 тоннаға дейін сүт өнімдері өндіріледі. Мал шаруашылығында да алға жылжу бар.

— 2016 жылы ауылымызда қымыз өндірумен айналысатын «Түрксіб – 1» атты кооператив құрылған. Өнімдері «Солтүстік» сауда логистикалық орталығына және Өскемен базарына тасымалдануда. Кооператив сондай-ақ сүтті бағыттағы сиыр өсірумен де айналысады. Сүт өнімдерін Нахаловка аумағында орналасқан «Айша» цехына да өткізеді,- дейді Қ.Сейітқасымов.

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 15 адам қысқа мерзімді курстардан өтіп, 4 адам жұмыспен қамтылды, 2 адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. 1 адам шаштараз ашу жобасы бойынша, сондай-ақ Мұрат ауылының тұрғыны «Бастау бизнес» бағдарламасы арқылы фотосурет қызметкері жобасы бойынша мемлекеттік грант ұтып алған.

Округ әкімінің айтуынша, Мұқыр ауылына апаратын 3 шақырым жол ағымдағы жөндеуден өтіп, ауыл жастарының демеушілігімен Мұқыр ауылына кіреберіс қақпа орнатылыпты. 2019 жылы су құбырын тарту және ішкі жолдарды жөндеуге жоба жасалынып, келесі жылы жұмыстар басталмақ. Сондай-ақ әкімшілік ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу де қолға алынады. Ертіс ауылдық округіне қарасты үш ауылды жарықтандыру мақсатында 10 млн. 221 мың теңгеге жобалық-сметалық құжат жасалынған. Сонымен қатар көктемге қарай Мұқыр ауылындағы орталық саябаққа 3 млн. 301 мың теңгеге балалар алаңын салу көзделіп отыр екен.

Озерки ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалғанына екі ай ғана уақыт болған Берік Түсіпов ауылдық округтің әлеуметтік жағдайы мен қордаланған бірқатар мәселелер жайлы айтып өтті.

— Кіші Ақтөбе ауылында шешілуге тиісті көптеген проблемалар болды. Алдымен тұрғындармен жиналыс өткізіп, мәселелерді шешуге тырыстым. Ауылға аялдама орнатылды. Қар суының жайылуының алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ арықтар арқылы өтетін қосымша жолдар бекітілді,- дейді Озерки ауылдық округі әкімі Берік Түсіпов.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, {jcomments off}«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС