"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қарт Алтай, қадірлі Алтай, АРМАН Алтай!

11.01.2019
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Атасы асқарлардың аялы Алтай,

Саясын Сарыарқаға жаяды Алтай.

Қырмызы қызыл гүлді жер жаннаты,

Қарт Алтай, қадірлі Алтай, баяғы Алтай.

Осынау өлең жолдарының авторы белгісіз. Теңіздің дәмі тамшыдан. Кім болса да, Алтайға деген зор құрмет пен махаббаттың иесі екені көрініп тұр. Халық арасында Алтай туралы аңыз көп, жыр да жетерлік. Ән — тіпті. Күйді де құлағым шалғаны бар. Алтай тақырыбы — қадым заманнан бері қарай қалмай келе жатқан өзекті тақырып. Қалам ұстаған қазақтың да Ол туралы айтпағаны аз, жазбағаны кем. Алтай – соған тұрарлық. Алтай – соған лайық.

«Кіндігінен байланған…». Қазақта сонау көнеден келе жатқан сондай сөз бар, ұғым бар. Осы сөздің шығу төркіні Алтайға әбден байланысты. Алтай – исі түркінің қара шаңырағы. Алтын ұясы. Қыран қияға қанат қаққанымен, ұшқан ұясын қия алмай ұршықша үйіріліп жүреді. Қыранға лайық сол қасиет қазаққа да тән. Алтайдың төңірегін айналсоқтап ұзай алмайды.

Орысы бар, моңғолы бар, қытайы қоса, қазақ — екі бастан… Төрт мемлекет төрт тараптан төсін таласа еміп жатқан Алтай – алып, Алтай – жомарт. Бір ғажабы, ару Алтайдың айналасына кілең қазақтар ғана шоғырланған. Төрт мемлекеттің қазағын шашау шығармай бауырына басып басалқы боп отырған, төңірегіне жиып төркін боп отырған да осы Төр Алтай, Өр Алтай!

Мен Оны көргенмін. Бірақ көрген көзіме сене алмай, ұзақ уақыт өзіме келе алмай, Алтай деген құдіреттің алдында тілім күрмеліп, мысым басылып, тынысым тарылып, тілден, сөзден  қалып, үнсіз тұрғанмын. Тұра берер ме едім? Тұра берер де едім. Әттең, бармақ мақсат болғанда, қайтпақ – лазым. Аңсап барған Алтайымнан қимай қайтқанмын. Аңсау мен қимастық мұңға, мұң сағынышқа ұласқан. Сол сағыныш сыбызғы боп сыңсып, қобыз боп күңіреніп, күй болып күмбірлеп, ән болып әуелеп ұзақ уақыт әзиз жүрегімді әлдилеген. Жылатқан, уатқан, жұбатқан. Көңіліме медеу, қолтығыма демеу болған сол сағынышқа әлі күнге дейін сүйенумен келемін.

Алтай – сағыныштың символы, махаббаттың синонимі! Алтай туралы аңыз, әңгіме, ән мен күйдің бәрі – тұнып тұрған зар. Естіген сайын ет жүрегің езіліп, тыңдаған сайын жанарың жасаурайды.

«Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды»… Оған дейін қартайғаны қаншама?! Одан кейін қартаймағы қаншама?! Иә, адамдар қартаяр, — Алтай қартаймас. Адамдар жантаяр, — Алтай жантаймас. Ол етегіне жұрт таласып, иығы бұлттан асып тұра бермек.

«Ағажай, Алтайдай жер қайда-ай?!»

Алтайға деген сағыныш – еттен сүйекке өтіп, сүйектен қанға сіңген тұқым қуалайтын сағыныш!

Беу, Алтай! Асқар Алтай, Арман Алтай!

Сол арман — Алтай атауы ортамызға қайтадан оралды. Жай оралып қана қойған жоқ, тұтастай бір қала боп, аудан боп Алтай атауы ұлықталып жатыр. Тіліміз қайтадан Алтай деп икемге келетін, Алтайға деген махаббат пен сағыныш енді қуаныш пен мақтанышқа ұласып, көкірегімізді керетін болады, ағайын!

Ұзағынан сүйіндірсін!

Мұрат РАҚЫМЖАН, {jcomments off}«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

8 часов бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

9 часов бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

9 часов бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

9 часов бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

9 часов бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

19 часов бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

2 дня бұрын

Ақпараттық хабарлама

2 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

2 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС