"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАЛДЫ

11.01.2019
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жергілікті атқарушы билік қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мәселесін қолға алғаны туралы газетіміздің өткен сандарында жазған едік. Нәтижесінде барлық дерлік сервистік қызмет көрсету ұйымдары қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын компаниямен келісімшартқа отырып, қоқысты полигонға шығару қайта жүзеге асырыла бастады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Экологиялық кодекстің жаңа нормаларына байланысты 2018 жылдың аяғында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруда мәселе туындаған болатын. Яғни енді Экологиялық кодекстің қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және сұрыптау туралы жаңа талаптарына сәйкес, пластмасса, макулатура, картон, өзге де қағаз қалдықтары мен шыныны көмуге тыйым салынды. Бұл талап аталған кодекске 2016 жылы енгізіліп, коммуналдық ұйымдардың өтінішімен дайындыққа екі жыл уақыт берілген, бірақ соған қарамастан, қаламыздағы көптеген қызмет көрсететін ұйымдар ешқандай шараға дайын болмай шықты. Салдарынан жаңа жылдың алғашқы күндерінде қоқыс шығаратын ұйымдар полигонға кіру мүмкіндігінен айырылып, қалада қоқыс жинау тоқтатылды. Туындаған мәселенің шешімін табуға тырысқан қала әкімі Ермак Сәлімов Жаңа жыл қарсаңында, мереке күндерінде, мерекеден кейін де полигонға, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайтын орындарға барып, кәсіпкерлермен кездесулер өткізді. Жаңа талапқа сәйкес, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын кәсіпорын-дар қоқысты сұрыптап, өңдейтін компаниямен келісімшартқа отыруға тиіс. Қоқыс шығарумен айналысатын қызмет көрсетуші ұйымдардың өкілдері келісімшарттың әлі күнге жасалмағанын айтса, ал кәсіпкерлердің өздері қызметтерін заңдастыруға асықпайтын болып шықты. Тараптар арасында туындаған осы дауға байланысты қаладағы тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлер апта бойы қоқысқа лықа толды. Шаһар басшысы, қызмет көрсететін ұйымдар өңдеу мен сұрыптауға келісімшарт жасағанша, қоқысты шығарып, жинау жұмысын жергілікті коммуналдық мекемеге тапсырды.

Аталмыш жағдай қаламыздағы барлық сервистік ұйымдар аймақтағы жалғыз лицензияланған қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаушы «ЭкоВосток» компаниясымен келісімшартқа отырғаннан соң ғана тұрақтанды. Бұдан кейін келісімшартқа қол қойған кәсіпорындар жұмысқа белсене кірісті. Ресми мәліметтерге сәйкес, 5 қаңтар күні полигонға 184,58 тонна қоқыс жиналып, шамамен 80 рейс жасалған. Жалпы алғанда, екі күнде қаладан 300 тоннадан астам қатты тұрмыстық және күл-қоқыс қалдықтары шығарылды. Бұл күндері сервистік ұйымдар күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді, арнайы техника да бағытталды.

Әрине, бұл қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мен шығару мәселесі толықтай шешімін тапты деген сөз емес. Мәселен, қоқыс шығарушы ұйымдар келісімшартқа отырғанымен, олардың қызметінде айтарлықтай өзгеріс орын алған жоқ. Қатты қалдықтарды жою бұрынғыдай техникалық тұрғыдан ескірген жабдықтармен жүзеге асырылуда. Соңғы жылдары ешқандай компания жаңа жабдықтар сатып алмаған, оларға тек жөндеу жұмыстары ғана жүргізілген. Қазіргі уақытта өңірде қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау бойынша жұмыс атқаратын бір ғана ұйым бар. Ал оның барлық қоқысты сұрыптауға қауқары жетеді ме екен? Бұл жағдайды реттеу алдағы уақыттың еншісінде. Тағы бір мәселе — аймақта қоқысты терең өңдеуге мүмкіндік жасалмаған. Қалдықтарды қайта өңдеп, оны кәдеге жаратуды шет мемлекеттер тиімді әрі табысты жүзеге асырып отырғанына қарамастан, отандық инвесторлар бұл бағытты пайдасыз деп санайды.

Бір жағынан, Семей қаласы да мұндай өзгеріске дайын емес. Өйткені шаһарда тұрмыстық қалдықтарды бөліп салатын контейнерлер орнатылмаған. Болған күннің өзінде көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберісіне қоқыс толы дорбаларын тастап кететіндер аз емес. Экологиялық кодекстің жаңа талаптары осы аталған мәселелердің шешімін табуға көмектеседі деген үмітіміз бар.

Қала әкімі Ермак Сәлімов рейд барысында тұрғындардың тек төрттен бір бөлігі ғана қоқыс жинау қызметтеріне ақы төлейтінін анықтады. Рейд кезінде шаһар басшысы қоқыс жинауға ақы төлемейтін азаматтарға және қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын мардымды жүргізбеген қызметкерлеріне де қатаң талап қойды. Сонымен бірге тұрғындарға әкімшілік жауапкершіліктің бар екенін еске салды. Мысалы, абаттандыру ережелеріне сәйкес, тұрғындар қоқыс жинау туралы келісім жасасуға міндетті. Келісім жасалмаған жағдайда, 20 АЕК көлеміне дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, {jcomments off}«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС