"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАРАҒАЙЛЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

15.01.2019
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сенбі, 12 қаңтар күні қала әкімі Ермак Сәлімов  Қарағайлы ықшам ауданына барып, салымшылармен кездесу өткізді.

Семейде 200,3 гектар аумақты алып жатқан Қарағайлы атты жаңа ауданның пайда болғанынан оқырмандарымыз хабардар. Аталған ауданда құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Назарбаев Зияткерлік мектебі мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынған 1020 орынға арналған балабақша жұмыс істеп тұр. 5 мың орындық бірегей «Абай Арена» мәдени-спорт кешені салынуда.

Алдымен шаһар басшысы Ермак Сәлімов «Абай Арена» мәдени-спорт кешенінде Қарағайлыдан пәтер сатып алуға ниетті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларымен кездесіп, ауданның бас жоспарымен таныстырды.

— Осы уақытқа дейін тұрғындардың көбі Қарағайлы ықшам ауданы жайлы әртүрлі пікірлер айтып келгені рас. Ауданның шетте орналасқанын, инфрақұрылым желілері тартылмағанын алға тартатын. Ал қазір жағдай басқаша сипат алып келеді. Жылу, жарық, су, кәріз жүйесі, телефон желісі тартылды. 127 көп қабатты тұрғын үймен бірге жол да салынады. Алдағы уақытта Қарағайлыда 25 мың халық тұрады деген жоспар бар,- деді Ермак Сәлімов.

Ермак Бидахметұлы кездесу барысында заманауи ауданның тұрғыны болудың артықшылықтары жайлы айтып өтті. Ең бастысы, жаңа ықшам ауданда балалардың сапалы біліп алып, жан-жақты дамуына барлық жағдайлар қарастырылып отыр.

— «Абай Арена» кешенінде халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар, концерттер мен мәдени шаралар ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ осы аумақтан ерекше фонтан салуды көздеп отырмыз. Нысан биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Мамыр айында қысқы спорт түрлеріне арналған Мұз сарайының құрылысы басталады. Мұнда хоккей корты, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, керлинг, коньки және басқа да спорт түрлерінен жаттығуға болады. Сондай-ақ Қарағайлыда Жастар орталығын, 4 мектеп пен 5 балабақша салу жоспарымызда бар. Биылғы жылы жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеумен  айналысамыз. Жедел медициналық жәрдем ауруханасына, Энергетик кентіне апаратын жолдар және республикалық маңыздағы Павлодар тас жолы жөнделеді. Бір сөзбен айтқанда, Қарағайлының болашағы зор, — деген Ермак Бидахметұлы тұрғындарды аталған ауданнан пәтер сатып алуға шақырды.

Қарағайлыда көп қабатты тұрғын үйлер «7-20-25» бағдарламасы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және екінші деңгейлі банктер арқылы берілуде. Үйдің жайлылығына байланысты пәтерлердің шаршы метрінің құны да әртүрлі.

Жиын барысында салымшылар алғашқы 20 пайыз жарнаны жинаудың өзі қалтаға едәуір салмақ салып отырғанын ашып айтты. Осыдан соң Ермак Бидахметұлы банк өкілдерімен және салымшылармен әкімдік ғимаратында кездесу өткізіп, сауалдарына жауап берді.

— Пәтер бағасын арзандату туралы бастама көтеріп жатырмыз. Мәселен, шаршы метрі 160 мың теңге тұратын болса, 140 мыңға дейін төмендетуге болады. Келесі жұмада шешім шығады. Сол кезде барлығыңызға хабарлаймыз,- деп қорытындылады жиынды Ермак Бидахметұлы.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

8 часов бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

9 часов бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

9 часов бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

9 часов бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

9 часов бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

19 часов бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

2 дня бұрын

Ақпараттық хабарлама

2 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

2 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС