"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МАРАПАТҚА КІМ ЛАЙЫҚ ЕДІ?

15.01.2019
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өтіп кеткен жылдың соңында Тәуелсіздік мерекесіне орай ШҚО Алтай ауданы (бұрынғы Зырян) әкімінің орынбасары Жанна Асқарова көктемгі тасқын кезінде танытқан батылдығы үшін «Құрмет» орденімен марапатталды. Оқырмандарға түсінікті болу үшін баяндай кетейік, өткен жылдың 31 наурызынан 1 сәуірге қараған түні аталған аудандағы Малеев ауылының тұрғындарын Бұқтырма өзенінің тасқынынан құтқару жұмыстарын ұйымдастырып жүрген аудан әкімінің орынбасары Жанна Асқарова әкімдіктің екі маманымен тасқын судың астында қалған.

«Түн ортасы болатын. Бұқтырманың ағысы өте қатты еді. Көлікте менімен бірге Малеев ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Наталья Зайцева мен мектеп директоры Айгүл Башаева болды. Жүргізушіміз — Александр Хабаров деген кісі. Алдында ғана аман-есен өткен жер еді. Көлікті қап-қара тасқын шыр айналдырып әкетті. Бір кезде «Нивамыз» бір нәрсеге тірелгендей тұрып қалды. Айнала қап-қараңғы, судың гүрілінен басқа ештеңе естілмейді. Әуелде көмекке шақырып айғайлап көрдік, нәтиже шықпады. Бір кезде көлікке су кіре бастады. Аяқтан өрлеген су кеудеге жеткенде, өмірден күдер үзіп, отбасымызға хабарласа бастадық.  Әкімдік өкілдері мінген көлікті су ағызып әкеткенін ауыл тұрғындарының біреуі байқап қалса керек. Соның дабылы бойынша «Урал» жүк көлігімен бір топ адам іздеуге шыққан. Үй-ішімізбен қоштасып жатқанда, басқа көліктің жарығы шалынды. Бізді іздеп жүрген шығар деген үмітпен телефонның шамын жағып, белгі беруге тырыстық. Сол әрекетімізден нәтиже шығып, іздеушілер бізді тауып алды. Талғат есімді жігіт көліктің терезесін теуіп сындырып, бізді кезекпен сыртқа шығарды. Олардың ісі нағыз ерлік еді. Өз бастарын тәуекелге байлап, бізді құтқарды»,- деп еске алады Жанна Асқарованың өзі.

Жасыратыны жоқ, Жанна Асқарова «Құрмет» орденін алғаннан бері әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан әр қилы пікір айтылуда… Әкімнің орынбасарына жоғары марапат берілуін әділетсіздік деп наразылық білдірушілер өте көп. Шындығында да, Жанна Асқарова көлікте жалғыз емес еді, жанында тағы үш адам болды. «Кемедегінің жаны бір» дегендей, төтенше жағдайдың тұтқыны болған төртеуін де қатерден Талғат атты азамат құтқарып қалған. Түн қараңғылығына қарамастан тасқын суды жалдап, төрт адамды жағаға жаяу тасып, өлімнен құтқарып қалған жігіт нағыз ерліктің үлгісін көрсетті. Алайда жоғары марапат ерлік көрсеткен азаматқа емес, аудан әкімінің орынбасарына берілді…??? Осы жерде халқымыздың даңқты Батыры Бауыржан Момышұлы жайлы төмендегі әңгіме есімізге түскен еді.

Бірде Бауыржан Момышұлы пойызбен жол жүріп келе жатып, Еңбек Ері жұлдызын омырауына таққан бір кісімен сапарлас болыпты. Пойыз қозғалып, ұзақ жолға бет алған кезде Баукең:

– Ал енді таныспаймыз ба, бір үйге тіреу болғандай бой-сойыңыз бар екен, кім боласыз?– депті.

Баукеңнің сөзіне бейтаныс қазақ ыңырана жауап беріп:

– Кім екенімді көрмей отырсың ба? Герой боламын,– дейді.

Бұл жауап Баукеңе ұнамайды да, қатқылдау үнмен:

– Бұл Батыр атағын не үшін алдыңыз?– деп сұрайды.

– Жүз биеден жүз құлын алғаным үшін!– депті бейтаныс қазақ.

Сонда Баукең:

– Айғыр шапты, байтал тапты, оған сенің қандай қатысың бар. Герой атағын саған емес, жүз биеге жүз құлын таптырған айғырға беру керек еді. Текке мақтанып отырсың. Ал мына мен Москва түбінде – Волоколамск тас жолында қалың жауды жайратсам да, омырауыма бір де медаль таққаным жоқ. Бірақ халық қойған Батыр атағым бар!– деген екен.

Осы сөзді естігенде бейтаныс қазақ қорбаңдап, орнынан атып тұрып:

– Ах, Баукең екенсіз ғой, ағасы, менен бір әбестік кетті, кешіріңіз!– деп, Баукеңнің қолын алған екен дейді.

Қанша жерден жамандасақ та, озат малшыға орден беріп, жұмысшыдан «жұл-дыз жасаған» кешегі Одақтың үйренетін жақсы жақтары да аз емес еді-ау…

Риза Молдашева, ШҚО мәслихатының депутаты{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

22 часа бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

2 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

2 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

3 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

4 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

4 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

4 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС