"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА…

15.01.2019
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейдемін, тағы да Семейдемін,

Сейілмейтін сезімім – Семей менің.

Сөзіме серттей менің сенер едің,

Сен де, шіркін, бір көрсең Семей жерін.

Семейге келгеніме жиырма жылға жуықтапты. Осында алғаш көшіп келгенде туылған төлбасымыз, бұйырса, биыл жиырма жасқа толады екен. Бала кезімізде Семейге қыдырып келіп-кетіп жүрдік. Бірақ семейлік боламыз деген ойымызда да, жоспарымызда да жоқ еді. Ол кезде дәмнің иісін сезе қоймасақ та дәмеміз зор болатын. Семейді онша-мұнша менсіне бермейтінбіз. Қаршадайымыздан «ақын бала» атанғандікі ме, көңілімізде ептеген желігіміз бартұғын. Сол құрғыры жер-көкке сыйғызбай, Алматы жаққа қарай алып ұшатын. Алматыны армандайтын, аңсайтын, сағынатын. Ақын мен жазушы біткен Алматыдан басқа қалада тұра алмайтындай, басқа қалаға сыя алмайтындай көрінетін. Бала көңіліміз соған сенетін, періште пейіліміз соған иланатын. Сол арманның жетегінде Алматыға барып, алғашқы жылы сүрініп, келесі жылы студент атандық. Оқып жүріп, қатарымыздан қалмаймыз деп, үзіліс алып, әскерге аттандық. Ол кезде әскерге бармау деген азаматтың арына сын еді. Кешпейтін, кешірілмейтін. Ара-тұра, ілуде бір әскерге бармағандар болса, ол туралы «пәленшекеңнің баласы әскерге жарамай қалыпты, денсаулығының кінәраты бар екен, байғұс баланың…» деген сыбыр-күбірдің құрбанына айналатын. Ондай жігітке қыздар да бір түрлі қарайтын. Күдікпен бе, мүсіркеп пе, аяп па?! Сондай көзқарас пен өсектің құрбаны болудан Құдайым өзі сақтап, жолымыз болып, жарамды болып шықтық.

Мені әскерге шығарып салған да, әскерден күтіп алған да Алматы еді… Алматым еді. Алғашқы сезім сыйлап, алғашқы әсерге бөлеген де Алматым болатын. Алматым мені жалғыз аттандырып, жалғыз қарсы алған жоқ еді. Қара көз құрбыммен бірге, әрине…

Әскерден кейін бәрі өзгеріп кеткендей болды. Өзгерген мен едім. Қыз да емес, Алматы да емес. Олар баяғыдай пәк еді, таза еді, биік еді. Рас, зер салып қараған адам олардан да өзгеріс табар еді. Бірақ жақсылыққа қарай, әсемдікке қарай, сұлулыққа қарай. Жат орта, қатаң режім, казармалық өмір, одан қалса әлімжеттік, тұрпайы мінез, түрпі сөз менің ішкі жан дүниемді алай-дүлей қылған. Болмысы әлі қалыптасып үлгермеген бозбала, сынықтан басқаның бәрін жұқтырып, өзгерген едім… өзгерткен еді. Оған құрбыммен алғашқы кездесуден соң-ақ көзім жетті. Әңгімеміз жараспай, қиюы қашып, тұйықтала берді. Оны ол да сезді, оны мен де байқадым. Оның тұнық көздері: «Жазығым не? Күткенім бе? Не үшін?» – деп тұрғандай еді. Ал мен болсам тілімді жұтып алғандай, көзіммен жер шұқып тұра бердім. Жақ ашуға жарамадым. Ашқанда не айтып жарытар едім. Жанын жаралағаннан басқа. Құрбы қызбен осылай кездесіп, осылай қоштастық. Бұл жолы біржола, мәңгілікке!

«Алатаудың аппақ қарына, аяулымның аппақ арына қарайтын бетім жоқ. Кетем… Елге барам… Емделем…»- дедім. Еліме келіп, сәл де болса есімді жиып, ентігімді басқандай болдым. «Өткеннің бәрін ұмытам, өмірімді жаңадан бастаймын»,- дедім. Дедім де… ұмытқандай едім…

Ол мені көп іздепті — нәтижесіз. Ұзақ күтіпті — үмітсіз. Хаттар жолдапты — жауапсыз. Қашанғы күтсін, сарғайып. Қашанғы іздесін, сабылып. Қанша хат жазсын, сағынып. Темір өзекті азамат емес, нәзік жанды әйел емес пе? Ақыры, ол да бірдеудің етегінен ұстаған екен. Сөкпеймін. Төзімі таусылған болар, сезімі сарқылған болар. Бақытты болсын!!!

Содан қайтып Алматыға бармадым десем, көрмедім десем, өтірік болар. Талай рет жолым түсті. Алайда Алматымыз, арман қаламыз өзгеріп кеткен. Бұрынғы жанға жайлы, жайма-шуақ Алматыны аңсайсыз қазір. Тек түсіңізде ғана көресіз. Қазіргі Алматы мүлде өзгеше. Қым-қуыт, қарбалас, уда-шу, азан-қазан. Көше толған көлік, кептеліс. Сол көп көліктің астына түсердей болған нөпір жұрт, өлермен жұрт. Басын көтеруге, мойнын бұруға мұршасы жоқ. Миллиондардың мұңын, миллиондардың жүгін арқалаған Алматының аспаны да бұлыңғыр. Бұрынғыдай Алатаудың ақ сәлдесі, аппақ қары да көрінбейді. Түтін басқан, мұнар басқан, мұң басқан. Алатау алып та болса, нәзік тау ғой, аппақ қарымды көрсе, баяғысы есіне түсіп, аяулысы есіне түсіп ұялады дей ме екен. Жасырып, мен барған сайын түтін оранып, бұлт бүркеніп әлекке түседі. Ақ шашын жасырған әжем сияқты. Әйтеуір, Алматыға барсам болды, кеткенше асығам. Өзімді де, өзгені де әуреге салмайын деп…

Алматыдан кейін Семейге бірден бауыр басып кеттім десем, жалған болар еді. Үдере қарап үйреніп қалған үркек көңілім, ұзақ уақыт үйірімді таба алмай үрпиіп, саяқ жүрдім. Жатырқаған Семей емес, жатбауырлау боп кеткен мен едім. Көпке дейін кетіп қалсам ба деп елеңдеп, кетіп қалатындай боп алаңдап, алабұртып жүрдім. Асқақ Алатауға, ару Алматыға үйір боп қалған көзім онсыз да облыстық мәртебесінен айырылып, іштей жадап-жүдеп тұрған, ол аздай жығылғанға жұдырық боп оң жақтағы орманын өрт шалып, ойсырап қалған Семейге о баста отыға алмаған. Орманы кеткен, қорғаны кеткен қаланың кетеуі де кетіп, құм басып қалатындай боп, құм астында қалатындай боп, ажары тозып, базары тарқап, қызы кеткен ауылдай құлазып тұр еді. Сөйтсем, құлазып тұрған Семей емес, құлазып келген мен екенмін ғой, менің көңілім екен ғой. «Бауыр бассаң басарсың, баспасаң, басқа жаққа асарсың. Онсыз да талай жердің суын ішіп, дәмін татқан кезбе жігіт көрінесің ғой. Кезбесін де көргенбіз, өзгесін де көргенбіз. Қалсаң – көп көрмейміз. Кетсең – кектенбейміз. Қайтеміз енді, барымыз осы, бауырым!»- деп көнбіс қала үнсіз ғана тұра бергендей екен. Семей мені мінсіздігімен емес, сол үнсіздігімен мойындатқандай еді. Қазақтың талай асылының сырласы болған, арысының мұңдасы болған қайырымды қалаға уақыт өте келе мен де бауыр басып кеткен едім.

Көп ұзамай-ақ: — Қай баласың? Қай жақтан боласың? – дегендерге: – Семейденмін! Семейлікпін! – деп аузымды толтырып жауап беретін болдым.

Мұрат Рақымжан, «Семей таңы» {jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС