"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ПЕДАГОГТЕР ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТУДЕ

15.01.2019
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мұғалімдер, тәрбиешілер мен балабақшадағы өзге қызметкерлердің еңбекақысын көтеру мақсатында елімізде аттестацияның жаңа үлгісі енгізілді. Осыған орай Семейде 300-ден астам ұстаз біліктіліктерін қорғаған. Бұл ретте ұстаздар мен педагогтердің  жалақысы аттестация барысында қорғаған санатына сәйкес көтерілмек. 4 санатты қамтитын тестілеу Семейде де сәтті жүзеге асуда.

Білім бөлімінің мәліметінше, Семейде 4 мыңнан астам мұғалім бар. Педагогикалық қызметкерлер аттестациясының жаңа үлгісі әзірге тек мұғалімдер арасында ғана жүргізілуде. Ал балабақша тәрбиешілері үшін тестілеудің жаңа үлгісі дайындық үстінде. Сол себепті олар біліктіліктерін ескі жүйе бойынша сынап, бұрынғы тарифпен қосымша үстеме алуда.

Былтырғы жылы педагогтер арасында өткен алғашқы ұлттық тестілеуге 322 мұғалім қатысқан. Тестілеуден жоғары көрсеткіш көрсеткендерге {jcomments off}1 қыркүйектен бастап қосымша айлық қосылды.

— «Педагог — шебер» санатын алған мұғалімдерге 50 пайыз, «педагог — зерттеушіге» 40 пайыз, «педагог — сарапшыға» 35 пайыз, ал «педагог – модератордың» жалақысына 30 пайыз үстемеақы қосылады. Әзірге бұл жаңашылдық тек қала мектептерін қамтиды. Қараша айында өткен екінші тестілеудің нәтижесі бұрынғыдан жоғары болды,- дейді қалалық білім бөлімінің бас маманы Ғалия Нұрғалиева.

Алғашқы тестілеуде мұғалімдердің 63 пайызы ғана жақсы нәтиже көрсетсе, екінші сынақтан 73 пайызы сүрінбей өткен. Тестілеу нәтижесі бойынша, 12 педагог – шебер, 120 педагог — зерттеуші, 99 педагог – сарапшы мен 109 педагог – модераторға қызметтік еңбекақыдан бөлек үстемақы төленеді.

— Аттестация 5 жылда бір рет өткізіледі. Яғни әрбір мұғалім 5 жылда бір рет міндетті түрде тестілеуден өтуі керек. Егер ұстаздар өздерінің жетістіктеріне сенімді болса, тестілеуді мерзімінен бұрын тапсырып, жалақысына қосымша үстеме алуына мүмкіндік жасалған. Бұл мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтеріне де қатысты. Олар да мұғалімдер сынды бес жылда бір немесе мерзімінен бұрын сынақтан өтуге құқылы,- дейді Ғ.Нұрғалиева.

Белгілі бір санатты қорғаған ұстазға қойылатын талап та әртүрлі. Бірінші санаттағы мұғалім сабақ  беру әдістемесі мен бағалауды меңгеруі керек. Екінші санаттағы ұстаз, яғни модератор педагогтің білім берудегі инновациялық әдістемемен жұмыс жасай білуі қажет. Ал жоғары санаттағы педагогтердің еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы керек және жетістіктері Алматы, Астана қалалары көлемінде болуы шарт. Халықаралық, республикалық олимпиадалар мен байқауларға оқушылар дайындап, авторлық оқу-әдістемелік құралдарын шығарған немесе авторлық бағдарлама әзірлеген ұстаздарға ең жоғары – «педагог — шебер» санаты беріледі.

«СТ-ақпарат»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС