"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ — БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

18.01.2019
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі, 16 қаңтар күні Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейін-ді гимназияда «Инновациялық менеджмент – білім сапасын арттырудың негізі» атты облыстық тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинарға қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, лицей және гимназия директорлары, әдістемелік кабинет меңгерушілері қатысты.

Семинарға қатысуш{jcomments off}ылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Менің мектебім» жобасын, үш тілде білім беру жүйесін мектеп бағдарламасына енгізудегі тәжірибелерімен бөлісті. Білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенконың өткен жылды қорытындылаған есебінен соң қонақтар Шәкәрім атындағы гимназияға экскурсия жасап, көрме алаңдарының жұмысымен танысты, «Эрудит Kids», «Жұлдыз Ардақ» балабақшаларына, №49 мектепке барып, өзара пікір алмасты.

Бүгінде Семей өңірінде 49 қала және 19 ауыл мектептері, 130 білім беру мекемелері мен ұйымдар бар. Білім бөлімі басшысы Наталия Фесенконың айтуынша, жыл сайын 60 мың бала дүниеге келетініне қарамастан, 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамтуда орын тапшылығы байқалмайды. Қалада 56 балабақша болса, оның 42-сі жекеменшік екен. Өткен жылы 7 жаңа балабақша ашылып, оның 5-еуі сенімді басқаруға берілген. Келесі жылы балабақшалардың материалдық-техникалық базасын жабдықтауға 290 млн. теңге қаржы бөлінбек.

— Жыл соңында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 320 және 280 орынға арналған екі балабақша және қаңтар айының басында «Эрудит Kids» атты тағы бір балабақша ашылды. Қажеттіліктің азаюына байланысты жаз мезгілінде 33 шағын орталық жабылды,- дейді Н.Фесенко.

Семейдегі орта білім беру мекемелерінің 67-сі мемлекеттік болса, 2-еуі — жекеменшік. Мектептердің 27-сі қазақ тілінде, 7-еуі орыс тілінде, 36-сы қос тілде білім беруде.

— Семей өңірінде 48 мыңнан астам оқушы білім алуда. Өткен жылы 1200 және 600 орынға арналған екі жалпы білім беретін мектеп ашылып, №№11, 39, 22, 19 мектептердің үш ауысымда оқу жүктемесі азайтылды. Таяуда Степной кентінен 300 орынға және Шығыс кентінен 1200 орынға арналған мектеп ашу жоспарлануда, қазір жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде,- дейді білім бөлімінің басшысы.

2019 жылы қалалық білім бөлімі инклюзивті білім беруді, шағын комплектілі мектептерді дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастырмақ.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС