{jcomments off}Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Қазақ КСР халық әртісі Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған «Қазақ киносының анасы» атты еске алу кеші өтті.
Кітапхана қызметкері оқырмандарды слайд және бейнеролик арқылы Ә.Өмірзақованың өмірімен, шығармашылық жолымен таныстырды.
Әмина Ерғожақызы — әсіресе ана рөлін тамаша сомдап, көрермендердің жүрегін жаулаған актриса. Әйгілі актриса бейнелеген әже, ана, әйел, ару образдары қазақ кино өнері тарихында қалды.
Оқырмандар Әмина апамыздың шығармашылығы бойынша блиц-сұрақтарға жауап беріп, кино және театр әртістеріне ұстаз болған тұлғаның таланты мен шеберлігі жайлы мағлұматтарға қанықты.
Кеш соңында «Қазақ киносының жарқын тұлғасы» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
Қалалық орталық кітапхана.