Сейсенбі, 15 қаңтар күні «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалында іскер әйелдердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
«Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының ШҚО іскер әйелдер қауымдастығы мен қалалық мәслихат депутаттарының ұйымдастыруымен өткен жиынға облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелер, банк, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ өкілдері мен кәсіпкер әйелдер қатысты. Нәзік жандылар Елбасы Н.Назарбаевтің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында айтылған нақты бағыттарға тоқталып, ой-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ Елбасының тапсырмаларын орындауда әйелдердің қосатын үлестері туралы айтылды.
Жиынға арнайы шақырылған бан{jcomments off}к қызметкерлері «Нұрлы жер» мен «7-50-25» бағдарламасының өңірімізде қалай жүзеге асып жатқанынан хабардар етсе, туристік компания өкілдері отандық туризмді дамытуға бағытталған жоспарларымен таныстырды.
Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ.